ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ ДАНА ТЕРІ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН САЛЫНАДЫ

165 көрілім

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту бағытында жасалып жатқан істер жетерлік. Қазір қолөнердің көптеген саласын зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір үшін де маңызы бар. Қазақ қолөнері өзінің бай тарихымен, өзіндік ерекшелігімен құнды. Қолөнердің синкретикалық өнер түріне жатуының бір себебі, оларда материалдық өндіріс пен рухани өмірдің ажыратылмай біртұтастықта берілуі, халық шығармашылығының болмысына тән ерекшеліктің бірі болып есептеледі. Қазақ халқының қолөнер түріне киіз басу, киіз үй тігу, кілем тоқу, қару-жарақ және ер-тұрман әбзелдерін жасау, тері өңдеу, халық музыкалық аспаптарын дайындау жатады. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері илеу, тоқыма тоқу, ағаш, жүн және металл өңдеу, сүйек ұқсатумен де шұғылданған. Қазір жыл өткен сайын елде, оның ішінде біздің өңірде де мал басы артып келеді.

Сауран ауданында Абдукамал Матмұсаевтың бастамасымен «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынның қазығы қағылды. Аудан құрылғаннан бері осы бағытта жұмыс жанданып келеді.  Аудан орталығында салынатын кәсіпорынның жоба құны – 1 млрд теңге. Ол 30 гектар жерге орналасқан. Жоба қуаттылығы – жылына 100 мың дана тері өңдеу. 50 адам жұмыспен қамтылады. Аталған нысан күз айында пайдалануға беріледі.

Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Сонымен бірге ЖК «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынының басшысы Абдукамал Матмұсаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов сөз сөйлеп, ауданның дамуына кәсіпорынның алар орны ерекше екенін айтып, жастар жұмыспен қамтылатынын жеткізді.

Осы орайда тері өңдеу өнеркәсібінің технологиясы мен өңдеу әдіс-тәсілдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Тері илеу үшін алдымен «малма» деп аталатын сұйық затты даярлайды. Ол үшін ұйыған айранды дорбаға құйып, аузын байлап, астына ыдыс қойып, іліп қояды. Сонда айран сүзіліп, сары суы ыдысқа жиналады. Алынған сары суға ұн, кебек қосып араластырып, ашытады. Мұны малма дейді. Осы малмаға теріні салып, бетін қақпақпен жауып, үстінен таспен бастырып тастайды. Иде жатқан теріні күніне үш-төрт рет аударыстырып (сапсып) отырады. Жиі сапсып отырмаса, теріге толық сіңбей, əр жері көк аязданып, қатқыл болып қалады. Ондай жағдайда үстемелеп ұн, кебек, сары су қосып, теріні тағы да біраз уақыт малмаға салып, жылырақ жерге қойып, жиі-жиі аударыстырып, идің жақсы сіңуін қадағалайды. Жылқы терісі қалыңдығына қарай малмада шамамен 15 – 20 күндей жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін түгі жағынан ұстап, екі жаққа тартып көреді. Жақсы иі сіңген терінің түгі түбінен ағарып жарылады. Немесе теріге тебен ине шаншығанда жеңіл сұғылса, онда терінің иі қанғаны. Содан соң теріні малмадан шығарып алып, көлденең ағашқа жайып, суын сорғытады. Сəл дегдіген теріні жұмыр ағашқа асып қояды да, қырғымен қырып, əрі иін, əрі түгін, əрі шелін алады. Иі сіңіп ісінген тері тазарғанымен, шикілігі білініп тұрады. Бұдан кейін міндетті түрде керіп қойып, аязға сорғызады. Мұны «аязға пісіру» деп те атайды. Он шақты күн аяз сорған тері аппақ болып ширайды. Сол кезде үйге кіргізіп, тобарсыта кептіріп алады да, талқыға салады. Талқыдан шыққан сиыр терісінен, əдетте, таспа тіліп, айыл, тартпа, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі бау, қамытқа құлақбау жасайды. Жылқы терісінен жүген, қамшы, шылбыр, т.б. өреді. Ал серке терісінен неғұрлым нəзік таспадан өрілетін мүліктер жасалады. Табиғатта кездесетін әрбір шикізаттың өзіндік ерекшелігі, өзіне тән физикалық, механикалық қасиеттері болады. Мысалы, тасқа тән қасиет өте қатты, ағаш — берік, майысқақ, жүн — жұмсақ, жылы, тері мен былғары — созылғыш, жүмсақ әрі жылы. Міне, әр заттың әрқайсысының осындай ерекше қасиеттерін анық білу бұл шикізаттардан тұрмысқа қажетті бүйымдар жасауды меңгеруге жөрдемдеседі.
Былғары дайындалатын бірден-бір шикізат — тері. Теріден был- ғары дайындау өте күрделі, әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Теріден былғары жасаудың әр халыққа тән өңдеу, сүрыптау әдістері бар. Қазақ халқы да тері өңдеудің бірнеше түрлерін игерген. Жа- нуарлар мен андардың түрлеріне, тегіне, шикізаттың илену негізіне байланысты былғарыдардың түрлері мен атаулары бірнеше топқа бөлінеді.

Біз ертеден қалыптасып, ел арасына кеңінен тараған, сон- дай-ақ қоғамдық өндіріс орындары арқылы өңделіп алынған былғарылардың атгарына қысқаша тоқталайық. “Хром” — мал терілерін хроммен өңдеуден шыққан атау. Ертеде қой, ешкі, бұзау терілерін хроммен өңдеу әдістерін хром қанықпасы деп атаған. Хромммен олардан басқа жылқы, құлын, өгіз терілерін, күдеріні өңдеген. Осы хромнан басқа өндірістік негізде кеңінен алынып, қолданылып жүрген мынандай былғары түрлері бар: шегірен, сақтиян, күдері, шылғи, тері. Бұл терілердің сапасы жоғары, төзімді болады.

Шегірен — (түркінің “шегр” деген сөзінен) малдың жон терісі, жұмсақ, май сіқдіріліп, әр түсті бояулармен өңделген былғары. Қой, ешкі, тай-жабағы терілерінен өндіріледі. Ол сыртқы киім, аяқкиім, кебіс, мәсі тігуге қолайлы.
Сақтиян — (парсының “сақтян” деген сөзінен) жұқа, жүмсақ, созылмалы, май мен өсімдіктердің нәрлерін сіңдіріп, бояу арқылы өңделген өте жақсы былғары. Негізінен ешкі, қой, бұзау, құлын, елік терілерінен алынады. Жеңіл аяқкиім, сөмке, қоржын т. б. бүйымдар тігу үшін пайдаланылады.

Күдері — бұғы, ешкі, елік терілерінен май сіңдіре өңделген былғары қанықпасы. Күдерінің сәндік үшін сыртқы жүн жағын емес, оның астыңғы жүмсақ барқыт тәріздес түкті жағын пайда- ланады. Онан сәнді әсем киімдер, аяқкиімдер, қолғап, сөмке тігіледі. Түгі қоюланып шығу үшін, оны пайдаланар алдында түкті жағы- нан ысқылап уқалаған жөн. Күдерінің бұдан басқа өндірісте өндірілетін түрлері көп. Кейде фабрикада ірі қараның терісінен қақ жара кесіп, астыңғы астарының түгін шығара қатты ысқылап та, іске қоса береді, бірақ ол ұсақ малдардың терілерінен алынған был- ғарыға қарағанда қатты, жөнді созылмайды, түгі де онша шыға қоймайды. Сапасы төмендеу болады.
Қайыс — жүні сылынып алынып, иленген ірі қара малдың терісі. Майлап кептіріп, талқыға салып, созады, жұмсартады. Қайыс ат-тұрман, ер-тоқым жабдықтарында кеңінен қолданыла- ды. Қамшы, белдік, айыл, жүген, қүйысқан, өмілдірік, тартпа өруге қолайлы. Қайысты бірнеше таспаға бөліп, өрімнің сан алу- ан түрлерін өруге болады. Жақсы созылады, жүмсақ.
Қайыстан торсық, сөмкелердің неше түрлерін жасаған ше- берлер халық арасында көп болған. Оның өрім жолдарын жоғар- ғы сыныптарда үйренесіңдер.

Енді қысқаша малдың терісіне тоқталайық. Ол үш қабаттан түрады: сыртқы жүні, негізгі тері бөлігі, ішкі майлы көк ет пен шелді бөліктері. Жүн, ол қылшықтардың қалталары арқылы теріге “бекітілген”. Теріні пайдалануға байланысты, кейде жүнін сылып, қырып, не жидітіп түсіріп илейді. Теріден былғары алғанда жүнін сылып немесе қырып алып тастайды. Терінің орталық бөлігі қажетке жарамды бөлігі. Оның бетінің түр-түсі де әр малдың жүні мен қылшығының жуан-жіңішкелігіне, терінің қай малдан алынған- дығына байланысты, түрліше болып келеді. Теріні өңдеу, илеу кезінде қырғының көмегімен жүн мен шелден, көк еттен әбден тазартады.

Ал, енді теріні бояу тәсілдеріне келсек, иіні қанып, керіліп, созылған, талқымен созғыдан өтіп, сүргіленген тері аппақ әрі жұмсақ болады. Бірақ, ақ тері кіршең келеді. Сондықтан, теріні табиғи бояумен бояуды халық шеберлері өте ерте заманнан-ақ меңгерген.

Сонымен бірге, семіз малдың терісі майлы болады. Майлы теріні бояу қиынға түседі. Сондықтан терінің майын сорғыту үшін бор, сор, күл сеуіп, оны бірнеше тәулік ұстаған жөн. Тері бояу үшін көп қолданылатын шикізат – ағаштың қабығы. Әлдебір қажеттілік үшін жығылған ағаш болмаса, тері бояу үшін өсіп тұрған ағаштың қабығын ешқашан сыдыруға болмайды. Ағаш қабығын кептіреді. Кепкен соң темір келіге түйіп немесе қол диірменге тартып ұнтақтаған жөн. Сол сияқты тері бояу үшін рауғаштың тамыры, томар бояу, қына сынды өсімдіктердің тамыры мен бүрлері жарамды. Өсімдік тамыры мен жапырағын күз айларында жинап, жуып, тазалап кептіреді де ұнтақтап алған соң әрқайсысын жеке-жеке ыдысқа салып қояды. Ұнтақталған бояудың бір өлшеміне екі өлшем су қосып қайнатады. Боялған теріні көлеңкеде кептіріп, әбден кепкен кезде уқалап, керіп, созып, пайдалануға қажет бұйым тігеді.

Сонымен қатар, теріден жасалған ыдыстарды дүркін-дүркін ыстап отырудың гигиеналық маңызы зор. Баппен ысталған ыдыс әдемі қоңыр-қызыл түске енеді әрі ысталған ыдыста әртүрлі микроорганизмдер болмайды. Уақыт пен отынды үнемдеу мақсатымен тері ыдыстарды арнаулы күркеге аузын төмен қаратып іліп, тобылғы, арша, қарағайдың бүрін, ермен, жусанның түбірін жалындатпай жағып, 8-10 сағаттай ыстайды. Жақсы ыс сіңген бір-екі күн айран, сарысу, іркіт құйып, дәмін алып, тұзды сумен жуып, кептіріп, жылқының майымен майлап, пайдалануға беруге болады. Ыдыстар өңезденіп кетпес үшін екі аптада бір тазалап жуып, ыстап майлап отырған жөн. Тері бояудың ең көп тараған әдісі – ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай – ақ жер қынасын, томарбояудың, шөп тамырын, шеңгелдің, көк теректің бүрлері де кеңінен пайдаланылады. Майлы теректердің майын сорғыту үшін оған қышқыл аралас кебектен жасалған ашытқыны салып кептіреді. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып, бүктеп тастаса да жеткілікті.

Теріні кейде талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген, қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң, темір келіге салып түйеді немесе қол диірменге салып тартады. 11 – 12 қой терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4 – 4, 5 кг қабықты 1, 5 – 2 шелек суға салып, тұзын татып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан, бояу шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстіне су құяды. Ал, керісінше, суы көп құйылған бояулар сұйық болса, үстіне қабық қосылады. Талаптарға сай орындалған жұмыстың бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояп қанжылы болып суыған соң, теріні бояуға қолданады. Егер ыстық бояуды теріге қолданса, оны пісіріп жіберуі мүмкін. Бояуды теріге қылқаламмен немесе кіршіксіз таза киіз бөлігінің көмегімен жағады. Тері бояуды өз бойына бірқалыпты сіңіру үшін оның өңін ішіне қаратып бүктеп, 2 – 3 сағат кептіреді. Бүктелуі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Теріні кептіру кезінде ол жиырылып, тырысып қалмау үшін тобарси бастаған соң, қолмен уқалап созғылайды.

Теріні бояудың екінші түрі – томарбояу. Ащылауытқа шығатын қурай тектес өсімдіктің басы дәнге толған кезде ақ үрпіктенеді, жапырақтары сарғайып, қурайдың түбі қызарады. Шамамен алғанда, бұл шілденің аяғы – тамыздың басы. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып алады да, оны мұқият жуып, жоғарыда айтылған технология бойынша арналуы ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.

Теріні қынамен де бояйды. Қына – жерге жабыса өсетін өсімдік. Мұны да күздігүні дайындайды. Оны жинап әкелісімен, топырақтан, басқа шөп – шаламнан тазартып, жылы сумен мұқият жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. 10 – 15 қойдың терісін бояу үшін 2 шелек бояу алатындай есеппен қайнату керек. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтір қосып, аздап май құяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіптік бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп, түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неше түрлі бұйымдарды әрлеп құрастырып, тігіп алады. Қоржым, тоқым немесе етік т. б. тері бұйымдарын қосымша оюдың үстінен тігу арқылы әрлейді. Мысалы, қара қоңыр түспен боялған теріге ақшыл сары теріден әзірленген өрнек бөлігін жамау арқылы тіксе, текемет, сырмақ тәріздес әдемі өң береді. Осы әдіспен боялған теріден сәнді киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлық бұйымдары дайындалады.

Сонымен қатар аң терілерін илеп өңдегенде, терінің ішкі жағына айран немесе сарысуға ұн қосып (қарабидайдың ұны) иі етіп жағып, бір-екі тәулік қалдырады. Қоян, түлкі, қарсақ, бұлғын т.б. аң терілері өте жұқа болғандықтан, иі жылдам қанады. Әбден иі қанған теріні тазартып, уқалап, созғылаған кезде жұмсарып, ішкі беті ақ түске енеді. Содан соң, теріні жылы күйінде тұздап, арнаулы кергішке керіп кептіреді. Бұтағы аша болып өскен ағашты өңдеп, ашасының арасына көлденең кергіш ағаш бекітіліп, кәдімгі А әрпіне ұқсатып жасалған кергіш құралы жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін қолданылады. Кергішке бітеу сыпырылған (мес) тұздалған аң терілерін кигізіп, қуысына ауа жүретіндей етіп арасына ісиіз, сабан т.б. заттардан кепіл қойылады. Тері илеу өнері халықпен бірге жасасып, табыс көзіне айналып, қайта дамуда. Өнер өшпейді, көнермейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы