ТҮРКІСТАН: «КӘСІПКЕРЛЕР КЕЛЕДІ ДЕП КҮТІП ОТЫРМАЙМЫН, АЛДАРЫНА ӨЗІМ БАРАМЫН»

227 көрілім

Түркістан облысында шағын және орта бизнесті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Сауран ауданында 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы құны – 12,9 млрд. теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Өңір басшысы кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстармен тікелей өзі айналысып жатқанын мәлімдеді.

– Экономиканы көтеру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды. Инвесторларға, отандық кәсіпкерлерге жағдай жасауға басымдық берудеміз. Мен кәсіпкерлерді күтіп отырмаймын, алдына өзім барамын. Тіпті, өңірде жобасын жүзеге асырғысы келетін кейбір кәсіпкерлерді әуежайдан өзім күтіп алып жүрмін. Мақсат – өндіріс орындарын көбейту. Біз кәсіпорындарды көбейту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтар құруды бастадық. Жобаға сәйкес алдағы 3 жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр. Жалпы алаңы 66 528 шаршы метрге жетеді. Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылды. Мұнда шағын кәсіпорындар жұмысын бастайды, – деген Дархан Сатыбалды шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Түркістан облысында қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. Жыл басынан 28 мыңға артып, бүгінгі таңға 213 мың бірлікті құрады. Жыл басынан 1 трлн. теңгеден астам өнімі шығарылды. Кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы (48,3%), сауда (23,3%), туризм (20,3%) және өнеркәсіп (6%) саласында.

Бизнес субъектілері 21,3 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Келесі жылы кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіру көлемін 40 млрд. теңгеден асыру жоспарлануда.

Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 20 мыңнан астам қызмет түрі тегін көрсетілді.

Түркістан облысының тұрғындарына кәсіпкерлік сауаттылық туралы аз-кем ақпараттар ұсынамыз.

Экономиканың тұрақты болуы және бәсекелес сипатының қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет: – кәсіпкелік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқықтығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау; – кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны; – кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциалық табысқа жету бағдарын ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық шарттары қолдануы қажет. Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын болып табылады. Сонымен, кәсіпкерлік бұл меншік формасына тәуелсіз жеке және заңды тұлғалардың жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген тауарға (жұмыс, қызмет) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен алынатын жеке табыс немесе пайдаға бағытталған инициативті қызмет.

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол шағын және жеке кәсіпкерлік. Шағын кәсіпкерлік – бұл мемлекеттік органдар және басқа да өкілетті ұйымдар көрсеткіштерімен, заңмен бекітілген анықтама негізінде нарықтық экономика субъектілерімен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсеткендей әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы кәсіпорындарды шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде анықтайтын негізгі критерилерге бірінші кезекте, есепті кезенде кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады. Бірқатар ғылыми еңбектерде шағын кәсіпкерлік – бір меншік иесімен басқарылатын кәсіпорындағы азғана топтың жұмыс істеуі деп түсіндіріледі.

Негізінде шаруашылық қызмет субъектісін шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызу кезіндегі өте маңызды көрсеткіш болып персонал саны (жұмыспен 19 қамтылған жұмысшылар), жарғылық капитал қоры, актив мөлшері, айналыс көлемі (табыс, кіріс) табылады. Әлемдік банк мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызатын көрсеткіштер саны 50-ден жоғары. Бірақ көп қолданылатын көрсеткіштер келесілер болып табылады: кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны, жыл сайынғы айналым, актив мөлшері. Бірақ барлық дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызудың негізгі көрсеткіші жұмыскерлер саны болып табылады. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік кабілеттілік» деген ұғым да бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілетгілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаналықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі қатар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині колданылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы