Ана сүтінің құрамы қандай?

18 көрілім

Ана сүті сәби үшін ең жақсы тағам. Ана сүтінің құрамы мен  мөлшерінде түрлі өзгерістер болады. Босанғаннан кейінгі  алғашқы күндері әйел емшегінен уыз шығады. Уыз-нәрлілігі аса жоғары , ақуызға, витаминдерге микроэлементтерге,  ферменттерге  биологиялық жағынан белсенді заттарға бай, сарғыштау келген қоймалжың зат. Уыз жаңа туған нәрестені  иммундық жағынан түрлі аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді, себебі  оның құрамында өте көп мөлшерде иммуноглобулиндер мен антиденелер бар. Уыздың мөлшері аса көп емес , алайда баланы тойдыру үшін жеткілікті. Сәби дүниеге келген алғашқы күндері жиі-жиі емшек беріп отыру керек, содан кейін сүттің құрамы біртіндеп өзгере бастайды, оның мөлшері көбейеді, әуелі уыздан сүтке ауысады, сосын шамамен екі аптадан кейін жетілген сүт шыға бастайды. Жетілген сүт әуелгі және кейінгі  сүт болып бөлінеді. Әуелгі сүтте ақуыз, микроэлементтер, витаминдер барынша мол болады, олар бала организмінің жасушалары мен тіндерінің құрылуы үшін қажет. Кейінгі сүттің құрамында  көп мөлшерде майлар  және су болады. Жазғы аптап ыстықта да баланын шөлін түгелдей басады. Сондықтан емшек емізетін аралықтарда сәбиге су немесе шай ішкізудің қажеті жоқ.

Емізген кезде сәбиге сүттің әуелгі бөлігінде, кейінгі бөлігінде толық берудің маңызы зор. Емшек сүтінің құрамында тиімді  арақатынаста болатын ерекше сарысулы ақуыз сәбидің  асқазанында түгелдей сіңірілетін балғын ақ ірімшіктің түзілуіне ықпалдасады.  Әйел сүтінде ерекше амин қышқылдары -цистин мен тауриннің анағұрлым жоғары деңгейлері бар, олар сәбидің жүйке жүйесінің дамуы үшін қажет. Әйел сүтінің құрамында майлармен байланысқан, вирусқа қарсы тұратын құраластар бар. Сиыр сүті мен жасанды тағамдық қоспаларда эссенциалдық майлы қышқылдар болмайды.

Сәбиді қандай жиілікпен және қанша уақыт емізу керек?

 Ұзақ уақыт бойы дәрігерлер баланы сағат бойынша міндетті түрде   түнде үзіліс жасай отырып емізу керек деген пікірде  болып келді. Қазіргі  кезде баланы күндіз де ,түнде де оның емшек сұрағанына қарай , қарны ашқан кезде тамақтандыру ұсынылады.  Бұл орайда жаңа туған нәрестеге  тәулігіне 10-12 рет емшек беруге болады.  Жиі емізу сүттің  көбірек шығуына ықпал жасайды.  Бала сүттің екі бөлігін тауысуына мүмкіндік беру керек.  Түнде емізуді тоқтатып , балаға су немесе басқа сусын бермеген дұрыс. Себебі дәл осы түнде емізу сүттің көбірек шығуына ықпалдасады.   Егер бала емшек сұрай берсе ,оның бетін қақпаңыз.

Баланы екі жасқа толғанша емшек сүтімен тамақтандыра беруге болатынын естен шығармаңыз!

Джиенбаева Наргиза Абдукаримовна,

Түркістан қалалық емханасы  №7 Отбасылық денсаулық орталығының жалпы тәжірибелі дәрігері 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы