Парентеральды  вирусты  гепатиттерден қалай қорғануға болады?

22 көрілім

Вирустық гепатит – А , В, С, Д және Е секілді бес түрлі гепатит вирустарының   бірінің  бауыр қабынуын тудыруы. Бұл вирустардың берілу жолдары әр түрлі болғанымен барлығы бауырда зақымдайды. А және Е  вирустық гепатиті азық түлік және су арқылы, В және С гепатиті қан және ағзадағы басқа сұйықтықтар арқылы жұғады, Д гепатиті ағзада В гепатитінің вирусы болған жағдайда оңай жұғуы мүмкін.

Парентералды В және С гепатиттері – әлемдегі ең таралған инфекциялардың бірі. Олардың мазасыздығы бауыр циррозына және бауыр обырына алып келеді. В және С вирусты гепатиттеріжұқтыру үшін  вирустың типті болмашы мөлшері жеткілікті болады.  Жұғатын доза өте аз-бірнеше вирусты бөлшектер , ал олардың қан ағынының ішіне түсуі жаралар, сызаттар, шаншулар немесе кесулер жеткілікті. В вирусты гепатиті тек қанда емес қынап секретінде,спермада сілекейде, емшек сүтінде   қанмен жанасу және зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдалану кезінде (стоматологиялық немесе сұлулық салондарында пирсинг, татуаж, маникюр, педикюр, нашар өңделген құралдармен құлақтың тесілуі), науқас анадан балаға, жыныстық жолмен  жұқтыру қауіпі жоғары.  В вирусты гепатитінің   жұғуы адам үшін байқалмайды,ауру жиі симптомсыз өтеді. Гепатиттің белгілері: әлсіздік пен шаршау, тәбеттің жоғалуы мен жүректің айнуы, оң жақ қабырға астының ауырлауы, несептінң және нәжістің түсінің өзгеруі, сарғаю арқылы сипатталады. Гепатит вирусын жұқтырды деген күдікпен жедел дәрігерге барып ,  кеңесін алып, мамандандырылған зертханалық зерттеу кезінде адам жұқтырғаның анықтауы мүмкін. Созылмалы түрі кезінде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.

В Вирустық гепатитінен қалай сақтануға болады:

Жеке тазалық құралдарын пайдалану, зарарсыздандырылған құралдарды пайдалану, косметикалық шараларды арнайы лицензиясы бар мекемелерде жасату, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, мүшеқап қолдану және  вакцинация арқылы сақтануға болады. В вирусты гепатитіне қарсы иммундау Қазақстан Республикасында бірінші  перзентханада нәрестенің дүниеге келген алғашқы тәуліктерінде 1-4 күндері , баланы жақсырақ қорғау үшін моновакцина ретінде салынады. Содан кейін 2 және 4 айда аралас вакцина құрамында ревакцинациялаумен салынады.

Парентеральды гепатиттерді дер кезінде анықтау және оларды тиімді емдеу – бұл сауығудың және асқынулардың дамуының болмауының кепілі.

Омарова Сабохат Исамиддиновна,

Түркістан қалалық емханасы Бірлік бөлімшесінің жалпы тәжірибелі дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы