ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМ ДАУЫСЫ ШЕШІМГЕ ҰЛАСАТЫН АЛАҢ

22 көрілім

Қоғамның пікірін тыңдап, оны нақты шешімдерге айналдыру – тиімді мемлекеттік басқарудың маңызды қағидаларының бірі. Осы тұрғыдан алғанда Құрылтай азаматтардың ұсынысы мен ел дамуына қатысты бастамаларды бір арнаға тоғыстыратын маңызды қоғамдық институт ретінде өз орнын айқындап келеді.

Құрылтай алаңында көтерілген мәселелер тек талқылаумен шектелмей, мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттарына серпін беруде. Білім беру, мәдениет, жастар саясаты, өңірлік даму, тарихи мұраны сақтау және қоғамдық құндылықтарды нығайту бағытындағы бастамалардың жүйелі іске асырылуы соның айқын дәлелі.

Бұл алаңның басты ерекшелігі – әртүрлі сала өкілдерінің ортақ мақсат жолында пікір алмасуына мүмкіндік беруінде. Ашық диалог жаңа бастамалардың өмірге келуіне жол ашып, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға ықпал етеді.

Құрылтай жұмысының нәтижесі елдегі қоғамдық келісімді нығайтып, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара сенімді арттыруға қызмет етуде. Бұл тәжірибе халық үніне құлақ асып, ортақ жауапкершілікке негізделген басқару мәдениетін қалыптастырудың тиімді тетігіне айналып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы