Ана сүтімен емізу неге сонша маңызды?

18 көрілім

Ана  сүтімен тамақтандыру– сәбидің өмірінің алғашқы айларында ең жақсы тағам болары сөзсіз.  Ана сүтінде баланың өсуі, дамуы, және денсаулығының мықты болуы үшін қажетті нәрлі заттардың бәрі бар, әрі оның ағзасы жеңіл сіңіреді. Ақуыз, майлар,көмірсулар, витаминдер және микроэлементтермен қатар емшек сүтінде антиденелер мен басқа да қорғағыш  заттар бар. Олар баланы жұқпалы  аурулардан сақтандырып, аллергиялық белгілердің пайда болу мүмкіндігін азайтады.Емшек сүтімен емізген кезде ана мен бала  арасында пайда болатын эмоциялық қарым-қатынас, сәбиге қорғаныс пен мейірбандық түйсігін береді. Емшек еметін балалар тек дене жағынан жақсы дамып қана қоймай, сонымен қатар әлдеқайда тыныш әрі бауырмал болып өседі, анасына жақынырақ болады, басқа балалармен араласу оларға аса қиын болмай дамиды.

     Емшек емізудің ана үшін артықшылықтары: біріншіден бала туғаннан кейін емізуді ерте бастау жатырдың жиырылуына ықпал ете отырып, босанғаннан кейінгі қан кетуді азайтады, сол арқылы ана өлімін төмендетеді,сондай-ақ ананың гемоглабин қорын сақтайды. Екіншіден бала тек емшек емген кезде, яғни алғашқы алты айға дейін жүктіліктен сақтайды, сондай-ақ емізу аменореясы ана организмін темір жоғалтудан сақтайды. Үшіншіден  климактериялық кезең алдында кеуде және аналық бездер обыры қаупін азайтады. Төртіншіден аналық сезімін дамыта отырып, баламен жақсы психологиялық байланыс орнатуға ықпал етеді.

Емшек емізудің бала үшін артықшылықтары:емізген кездегі  анасымен қарым қатынас баланың эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық дамуын арттырады. Организмге толыққанды нәрлі заттардың , микроэлементтердің дәрумендердің ферменттердің түсуін қамтамасыз етеді, асқазан ішек жолының қызметін реттейді. Иммунологиялық қорғаныс туғызады,нәрестелерді энтероколиттен, бактериемиядан, менингиттен, ботулизмнен және несеп шығару жолдарының инфекциясы , семіздік, жүректің ишемиялық ауруының алдын алуы мүмкін. IQ шкаласы бойынша ақыл-ой дамуының көрсеткіштері жоғарылайды, тістердің түйісуын дұрыс қалыптастырады.

Ана сүтімен емізудің отбасы үшін артықшылықтары: дені сау ана мен бала  сүт қоспасы үшін қаражат пен тамақ дайындау және  жылытуға уақытты үнемдейді. Барлық балалар  бір жастан асқан соң да ана сүтімен тамақтандыру қажет.  Қазақстан жағдайында екі жасқа дейін, тіпті одан да көп емізуге болады.

Есіңізде болсын! Дені сау ұрпақ -дені сау ана мен дені сау бала.

Ешметова Бану Хуснитдинқызы,

Түркістан қалалық емханасы Бірлік бөлімшесінің ӘППМ мейірбикесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы