ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ ҚАУІПІ

195 көрілім

Тағамнан немесе астан улану – тағам арқылы берілетін, микробты және микробсыз деп бөлінетін, бүлінген тағамдарды пайдаланудан туындайтын, жұқпалы емес ауру болып табылады.  Жаз айыларында күннің ыстық ауа райының әсерінен азық-түлік өнімдерінің бүлінуі жиілейді. Сонымен қатар сан алуан түрлі микробтардың тасsмалдаушылары болып саналатын шыбын-шіркейлердің көбеюіне әсерін тигізеді. Тұрғындардың жаз айларында сырттан тамақтануы, тез дайын болатын өнімдерді көп тұтынуы улануға жиі алып келетіні рас. Сыртқы ортада микробтардың көп болуын есте сақтауымыз керек, себебі ойын сауық орталықтарының есік тұтқалары,  қоғамдық көліктердің тұтқаларын ұстау қаншама микробтарды қолға жұғатынын ойлаңыз. Тамақ ішу кезінде және дайындау алдында қолымызды жууды ұмытпайық. 

Азық-түлікті, тағам өнімдерін сатып алған сәттен бастап оны қолдануға дейінгі алдын-алу шаралары қатаң сақталуы тиіс. Азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде назар аударатын жағдайлар: иісі және түсі; соғылған, зақымдалған және жарылған, яғни сыртқы жабынының бүлінбеуі. Сонымен қатар қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімдеріне қараңыз. Тасмалдау кезінде жеткізу уақыты, ауа температурасын ескеріңіз. Тағамды сақтау шарттарын бұзбаңыз. Ерте піскен, құрамында нитраттардың мөлшері көп бақша және көкөніс өнімдерінің салдарынан да жедел ішек инфекциясы жиірек орын алады. Нитраттары бар тыңайтқыштарды шектен тыс қолдану тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін.

Уланудың белгілері: жүрек айну, құсу, бас ауру, іштің өтуі және асқазанның батып ауыруы.

Ұйымдасқан ұжымдарда тағамнан уланудың алдын алу шаралары: – асханада жұмыс істейтін қызметкерлердің уақытылы бактериологиялық зерттеуден өтуі; – тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуін қадағалау; – тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитариялық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы; – тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау; – консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау;  – азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау; –  сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау; –  шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату; – үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау; – ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру; – салқын тағамдар мен салаттарды тек 1,5 сағатқа ғана сақтау; тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеп жатқандығын қадағалау.

Н.Нышанов,

Түркістан облысының СЭБД басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы