«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНДА 100 ОҚУШЫ ҚАМТЫЛДЫ

2  944 көрілім

Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 100 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары тарту етілді. Әр жылы аудан көлемінде ұйымдастырылатын акциясы биыл Атамекен ауылдық округінен бастау алып отыр.

«Акцияның басты мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық барысында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады» деген аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабеков бүлдіршіндердің болашағына үлкен сенім артып, жомарт жүректі кәсіпкерлердің қайырымдылық шаралардан қалыс қалмайтынына сенім білдірді.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры жетекшісінің бастамасымен ұйымдастырылған акция Республика көлеміндегі кәсіпкерлердің қолдауымен өтіп, өткен жылы мұқтаж үш отбасыға баспана сыйлаған.

Бұдан бөлек, аудандағы әрбір мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың тізімдері жасалып, білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жедел желі арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған кез-келген ата-ана көмек сұрай алады.

Сонымен қатар, демеушілер акцияға қатысушы оқушылар арамынан алғашқы тоқсанды «үздік» аяқтаған оқушыға 100 мың теңге сыйақы тағайындалып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы