САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ: САЙЛАУШЫ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

43 көрілім

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес әрбір азаматтың сайлауға қатысуға және өз таңдауын еркін білдіруге құқығы бар. Сайлаушы денсаулық жағдайына, мүгедектігіне немесе өзге де себептерге байланысты дауыс беруге арналған үй-жайға келе алмайтын жағдайда, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру кімдерге беріледі?

Егер сайлаушының дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаса, ол учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруге құқылы. Өтініште сайлаушының дауыс беруге арналған үй-жайға келе алмау себебі көрсетіледі.

Өтініштер негізінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының дауыс беруін оның тұрған жерінде ұйымдастырады. Дауыс беру кезінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаты тексеріледі.

Дауыс беру қалай өткізіледі?

Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру учаскелік сайлау комиссиясының белгіленген тәртібімен өткізіледі. Бұл үшін тасымалданатын сайлау жәшігі пайдаланылады.

Дауыс беру құпия түрде жүзеге асырылады. Сайлаушының ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасауға жол берілмейді. Сайлаушы өз таңдауын дербес және еркін жасайды.

Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді өткізу кезінде заңда белгіленген тәртіппен кандидаттардың сенім білдірілген адамдары мен байқаушылардың қатысуына мүмкіндік беріледі.

Маңызды!

Сайлаушының сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініші учаскелік сайлау комиссиясына беріледі. Комиссия өтініштерді белгіленген тәртіппен тіркейді және тасымалданатын сайлау жәшігі арқылы дауыс беруді ұйымдастырады.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін тасымалданатын сайлау жәшігіндегі бюллетеньдер белгіленген тәртіппен саналады. Тасымалданатын жәшіктегі бюллетеньдер саны сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы жазбаша өтініштердің санына сәйкес болуы тиіс.

Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру – дауыс беруге арналған үй-жайға денсаулығына немесе басқа да себептерге байланысты келе алмайтын азаматтардың конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды рәсім.

✅Жаңару үшін дауыс бер!

Әр азаматтың дауысы маңызды! Өз сайлау құқығыңызды пайдаланыңыз!

Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы