“АУЫЛ АМАНАТЫ” ШАРУАЛАРДЫҢ БЕРЕКЕСІН ТАСЫТПАҚ

372 көрілім

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар бөлімінің ұйымдастыруымен “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша брифинг өтті. БАҚ өкілдерімен кездесуге Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бастының орынбасары Нұрбол Бекмұратов, “Түркістан” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев пен “Ырыс” МҚҰ басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев келіп, бағдарламаның бүгінгі барысымен таныстырды.

Елді мекендерде тұратын ағайын үшін жағымды жаңалыққа айналған бағдарламаның мақсаты халықты тұрақты жұмыспен қамту, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін өсіру болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыруға ағымдағы жылы 11 миллиард теңге қаржы бөлініп, жоба аясында берілетін микрокредиттер саны 2200 бірлік және 2332 азаматты тұрақты қызметке орналастыру жоспарланғанын мәлімдеді спикерлер. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 8,7 миллиард теңге бөлінбек.

Бағдарлама 6 бағыт бойынша 2,5 %-дық жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Түркістан облысына қарасты 16 аудан-қаладан 32 ауылдық округ таңдалып алынған. 2023 жылдың 17-сәуірінен құжат қабылдау басталған бағдарламаға 3,0 миллиард теңгені құрайтын 344 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде жалпы соммасы 1,04 миллиардтық 225 жоба мақұлданған.
Тиімді пайызбен несие алып, кәсібін дөңгелеткісі келетіндерге қойылатын бірнеше талап бар. Яғни, жобаңыздың жарамды болуы үшін кем дегенде соңғы 6 айда қаржы алғыңыз келген ауылда тұруыңыз шарт, сонымен қатар, ауылдағы коперативке мүше болуыңыз бен бұған дейінгі несие тарихыңыздың тазалығына мән беріледі. Бағдарламадан бақтарын сынағысы келгендердің құжаттары жыл соңына дейін қабылданбақ.

Жобаны толықтай іске асыру нәтижесінде: тиісті аумақтағы жұмыссыздық деңгейін 40%, 5236 атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 30 %-ға төмендету жоспарланған.
Сонымен қатар, сүт өндіру көлемі – 40,6% – ға, ет өндірісінің көлемі – 63,2%- ға, жылыжайда өндіретін өнім көлемі – 26,2% – ға ұлғаяды деп күтілуде. Құс өндіру көлемі 2,4 есе, балық өндірісінің көлемі 2,0 есеге көбейту де жоспарға енген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы