Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен Қарашық елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Хабибулла Азимовтың бастамасымен бой көтеріп жатқан 900 орындық заманауи Ясауи интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Хабибулла Азимовтың мәлімдеуінше құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық аяқталып пайдалануға берілетінін жеткізді. Мектепте 3 спорт залы, бассейіні, жатақхана қарастырылған.

Бұдан соң аудан әкімі Қарашық елді мекенінің жоғарғы жағынан түсетін су қоймасына арнайы барды. Қосқорған су қоймасынан келетін ағын су жаз айында құрғап қалатындықтан Қарашық ауылының дихандары жыл сайын қиындық көріп келеді. Осыған байланысты ауылдық округ әкіміне ағын су мәселесін реттеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, Қарашық ауылындағы жеке кәсіпкер Усан Умаровтардың отбасылық кәсібі гүл өсіретін жылыжайының жұмысымен тынысты. Эльноза Умарова өсіретін гүлдерді бүгінде алыс жақын облыстардан үйлеріне, мемлекеттік ғимараттарға сатып алушылардың қарасы көп екен. Мұндағы жылыжайда отбасы бақыты гүліне көпшілік тарапынан сұраныс көп екенін жеткізді бізге Эльназа Умарова. Алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.