Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті – әлемнің 17-ден астам елінен келген жастардың мәдениеттер диалогы және этносаралық толеранттылық тәрбиесі бар түркі әлеміндегі бірегей университет және қазіргі жаһандану жағдайында оның маңызды идеологиялық мәні бар, түркі тілдес әлемді рухани біріктіретін білім ошағы.
Қысқаша тарихы. Университетіміз 1991 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Түркістан қаласында құрылған. Сүлеймен Демирелдің Түркия Республикасының Премьер-Министр ретінде Қазақстанға келген сапары кезінде (29 сәуір – 1 мамыр 1992 ж.) университет «Қазақстан мен Түркияның бірлескен ортақ университеті» және ресми түрде «Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті» деп шешілді. Түркияда ұйымдастырылған 2-Анкара Саммитінде әріптестік келісіміне қол қойылды. Осыған сәйкес дайындалған келісім мен ережені Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісі бекітті. Қазақстан Министрлер кеңесі университетті басқаруды Ережеге сәйкес құрылған Өкілетті кеңеске тапсырды. Өкілетті кеңестің төрағасын тікелей Түркия Республикасының Президенті тағайындайды. Кеңес Анкарада орналасқан. Қазіргі таңда Өкілетті кеңестің төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек.
Университет 2012 жылдан бастап, ^8 рейтингінде дүниежүзілік университеттер арасында үздік 750 және ЕЕСА университеттер рейтингінде 130 орынға ие болды. Ол 2022 жылдың 9 маусымында жаһандық 1400 университеттер арасында үздік 750-лік тізіміне енді. Академиялық бағалау критерийлері бойынша жасалған рейтингте ол 362- орынға орналасты.
Университетке «Қожа Ахмет Ясауи» атауының берілуі. Баршамызға белгілі Қожа Ахмет Ясауи тек Шығыстың ғана емес, батыс түркілерінің де атақты тұлғаларының бірі. Ол – рухани ұстаз. Оның есімі – Түркістанмен бірдей және «Түркістан пірі» деп аталатын жалғыз тұлға. Түркістан атауы бүгінгі таңда университетіміз орналасқан Түркістан қаласы емес, Каспийден Қытай шекарасына дейінгі түркілердің шоғырлана мекендеген аймақты білдіретін жер атауы екендігі белгілі. Қожа Ахмет Ясауи – бүкіл Орта Азия түркілерінің рухани құрылымын құруда аса маңызды орын алған дана-ойшыл. Сонымен бірге, Анадолы мен Балқанның түркіленуіне шәкірттерімен және дервиштерімен, яғни Анадолы түріктігін ұйыстырылуына үлес қосқан рухани сәулетшілердің бірі. Біз университет ретінде түркілердің тарихында терең із қалдырған ерекше тұлғаның ізін қалдырғанымызға өте қуаныштымыз және мақтанамыз. Ал біз осы ауыр жүктің жауапкершілігін көтеруге бар күш-жігерімізбен ұмтылып жатырмыз.
Университетіміздің негізгі мақсаты – Түркия мен Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды ғылыми тұрғыдан тереңдету. Университет ретінде елдер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға үлес қосуді көздейді. Бұл дүниежүзіндегі түркі халықтарының маңызды бөлігі адам ретінде тарихи және мәдени құндылықтарды ортақтастырған аймаққа айналуы тиіс. Біліммен бөлісу, тәжірибе алмасу сияқты үдерісте дос-жаран, бауырлас елдердің ең қажетті кемшілігі – адам ресурсы. Сондықтан, бауырлас Түркия Республикасы Қазақстанға да, басқа түркі мемлекеттеріне де адам ресурсын дайындаудағы тәжірибесін университет және студенттер арқылы беруге тырысып бағуда.
Университет дипломының шетелдерде жарамдылығы. Университетіміздің Жарғысының 21-бабында «Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерінің дипломдары Қазақстан мен Түркияда бірдей салада, бірдей деңгейде білім беретін жоғары оқу орындарының дипломдарына тең және олардың халықаралық жарамдылығымен тең құқықтар береді» делінген.
Қашықтықтан білім беруде дипломдық айырмашылық туралы. 2019 жылғы дүниежүзілік пандемия кезінде адамзаттың қауіпсіздігі үшін әлемдегі бүкіл оқу орындары қашықтықтан білім беру форматына көшкендігі белгілі. Сол кезде бұл білім беру түрінің маңызы артты. Осы жағдайға байланысты университетіміздің қашықтықтан білім беру бағдарламаларын бітірген студенттері сол бағдарламаның ресми білім беру түлектерімен бірдей құқықтар мен атақтарға ие болып келеді.
Университетіміздің бүкіл түркі мемлекеттері үшін маңыздылығы. Түркі мемлекеттері ұйымы мен түрік университеттер қауымдастығына мүше
университеттердің 50-ден астам ректоры мен университет өкілдерінен құралған 6-Бас Ассамблеясы жиналысында университетіміздің 30 жылдық мерейтойы аталып өтті. Өйткені университетіміздің орналасқан жері де түркі мемлекеттері үшін де стратегиялық маңызы бар мекен екендігі анық. Киелі шаһар Түркістанда өткен мерейтойға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі жолданды. Қ.Тоқаев құттықтауында: «Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығы құтты болсын! Ол бүгінде бүкіл еліміз үшін өте маңызды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күллі түркі әлемінің рухани астанасы болған Түркістанда ашылған оқу орны аз уақыт ішінде барлық туысқан елдердің ортақ білім ошағына айналды. Сонымен бірге ол жалпы түркі өркениетінің рухани ордасына айналды. Бұл еліміздің тарихында «халықаралық жоғары оқу орны» мәртебесіне ие болған алғашқы университет болды. Осы жылдары университет қарқынды дамып, өзіндік бай тарихын қалыптастырды. Ол мүмкіндігінше әлемдік білім беру жүйесімен интеграцияланып, іргелі білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатты. 2020 жылы университет академиялық тәуелсіздік тұрғысынан ерекше мәртебеге ие болды. Бүгінде оның заманауи инфрақұрылымы бар. Мұнда жастарды әлеуметтік қолдаудың арнайы жүйесі жолға қойылған. Университеттің берген дипломы түркі әлемінің барлық елдерінде жоғары бағаланады. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы еліміздің әр саласына білікті мамандарды даярлауға зор үлес қосуда. Бүгінде 90 мыңнан астам университет түлектері еліміздің игілігіне табысты қызмет етуде. Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті 30 жылдық мерейтойын үлкен жетістіктермен атап өтуде. Ең бастысы, университеттің одан әрі дамып, биік белестерді бағындыруға мүмкіндігі бар. Бұл киелі шаңырақтың іргесі нығайып, әлемдік білім мен ғылым жүйесіндегі ең беделді жоғары оқу орнына айналатынына толық сенемін», деп университет беделін екшеп көрсетті.
Университетке қарасты клиникалық-диагностикалық орталықтың аймақтағы маңыздылығы. Университетіміздің қалашықтарында, сыртында студенттердің, қызметкерлердің және отбасы мүшелерінің денсаулығына алғашқы көмек көрсететін, емдейтін клиникалық-сауықтыру орталығы бар. Бұл орталық ретінде ең алғаш 1993 жылдан бері студенттік жатақханаларда орналасып қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда тәулік бойы шұғыл көмек көрсететін орталықта инсульт орталығы, терапия, физиотерапия және таңу қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ орталықта төрт төсектік емхана бар. Орталықта күніне шамамен 60 науқасқа медициналық қызмет көрсетіледі және университеттің барлық қызметкерлері жылына кемінде бір рет скринингтік тексеруден өтеді. Университетіміздің асхана және басқа да бөлімшелерінің тазалығы мен қоршаған ортаны сауықтыру мәселелерін де осы клиникалық-сауықтыру орталығының қызметкерлері қадағалайды. Денсаулық орталығында студенттерге шұғыл медициналық көмек тегін беріледі.
Аталған орталық ғимаратының төменгі қабатында Медицина факультетіне бөлінген оқу бөлмелері мен қоймалары, қабылдау, радиология, педиатриялық емхана, микробиология зертханасы, жедел жәрдем қызметі; 1-қабатта әкімшілік, емханалар, клиникалық зертханалар, асхана; 2-қабатта ішкі аурулар қызметтері және 3-қабатта хирургиялық қызмет, операция бөлмесі және реанимация бөлімдері орналасқан. Орталықтың басшылық лауазымдары: аурухананың бас дәрігері, бас дәрігердің орынбасары, аурухана меңгерушісі және 4 адамнан тұратын аға мейірбике. Ол 2008 жылғы 16 тамыздан бастап жұмыс істейді. 2009 жылдың 6 сәуірінен бастап операция бөлмесі мен реанимация бөлімдері ашылды және олар толық жұмыс істей бастады.
Аурухананың қажеттіліктерін, әсіресе дәрігерлерге деген қажеттілікті қанағаттандыру және басқа да денсаулық сақтау қызметкерлерін және оларды оқытуды қамтамасыз ету үшін Хаджеттепе және Гази университеттерімен ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды. Ауруханамыздың диализ қызметінде Ғгепгеиз маркалы 10 диализ аппараты бар. Стоматологиялық бөлімше мен зертханалар біздің ауруханада магниттік резонанс (МК), компьютерлік томография, ультрадыбыстық аппараттар, эндоскопиялық аппарат, микробиологиялық зертханалық құрылғыларды сатып алынды. Сонымен қатар, стационарымызда үшінші операциялық бөлменің барлық медициналық құрылғылары (анестезия аппараты, операциялық лампа, операциялық үстел, аспиратор аппараты, көз хирургиясы микроскопы, бинокулярлық ілмек, лазерлік нуклеотомия, краниотомия аппараты, митротомиялық аппарат және радиожиілік аппараты) қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар, ауруханада Өкілетті кеңестің бастамасымен «Аурухананы автоматтандыру жүйесі» құрылды. Аурухананы автоматтандыру жүйесі қазақ және түрік тілдерін бір уақытта динамикалық тұрғыдан қолдауға арналған. Жүйенің арқасында азаматтар денсаулық саласындағы технологиялардың ыңғайлылығы мен сапасына қол жеткізді. Түркістан облысында аурухананың ашылуымен облыс халқы, әсіресе Түркістан қаласы тұрғындары заманауи денсаулық орталығына ие болды. Біздің университеттік аурухана «еліміздің ең алғашқы университеттік ауруханасы» болып табылады.
Университеттің ерекшелігі. 10 мыңнан астам студенттер, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар білім алып жатыр. Алдағы уақытта білім беру мекемесінде білім сапасы мен шәкірт санын арттыру мақсатында, ғылыми бағытты дамытуға басымдық беріледі. Университетте заманауи мамандандырылған зертханалар, оқу кабинеттері бар, оларда зертханалық құрал-жабдықтар, макеттер орналасқан, олар оқу үдерісін және ғылыми зерттеулерді белсендіруге ықпал етеді. 6 студенттік үй бар, онда шет мемлекеттерден, шалғай облыстардан, еліміздің облыстарынан келген студенттер тұрады. Өмір сүруге және оқуға барлық жағдай жасалған. Барлық жатақхана интернет желісіне қосылған. Кітапханалар, оқу залдары, буфеттер, жаттығу залдары, кір жуатын орындар ашық, жазғы спорт кешендері мен футбол алаңдары жақын орналасқан.
Студенттік жатақхана басшылығының негізгі міндеттері: 1. Болашақ мамандардың тұлғалық, этика және эстетикалық жағынан дамуы, олардың әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру үшін өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыратын орта құру; 2. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; 3. Студенттік жатақханаға орналасуға көмектесу; 4. Жатақханада тұратын студенттердің орындауы тиіс міндеттері мен құқықтарын түсіндіру; 5. Студенттік жатақхананың оқу жоспарын жатақхананың консультативтік отырысында бекіту; 6. Студенттік жатақханадағы пайдалану алаңдарын тазалау мен күтіп ұстауды бақылау; 7. Университет басшылығымен және кафедра эдвайзерлерімен байланыс орнату; 8. Оқу, тәрбие және мәдени іс- шараларының ұйымдастырылуы мен орындалуын қадағалау.
Аккредиттеу шешімдері мен нәтижелері. «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» (ІААК-НААР) 2023 жылғы 28 сәуірде Астана қаласында өткен Аккредиттеу Кеңесі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің институционалды аккредиттеу туралы оң шешім қабылдап, олардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін растады. Аккредиттеу үдерісіне және іс- шараларды жауапкершілікпен атқаруда университетіміздің әрбір мүшесі өз үлесін қоса білді.
Тәуелсіз сарапшылар білім беру жүйесінің қазіргі кезеңде талаптарға сай жұмыс істеп тұрғандығына сенімді болды. Университет басшылығының стратегиялық жоспарлауды дамытуға бағытталған, қазіргі заманғы басқару әдістерін пайдалану, көпжақты ішкі сапаны бағалау және үздіксіз жетілдіру жұмыстарын айтарлықтай дәрежеде атқарып жатқандығына көз жеткізді. Университеттің мынадай мықты жақтарын атап өтті: 1. Стратегиялық миссияны ұлттық басымдықтармен сәйкестендіру және даму бағдарламалары, білім беру саясаты; 2. Университет стратегиясы негізінде, нақтылау қызметтері мен процестердің жекелеген бағыттары бойынша құжаттар (жоспарлар, бағдарламалар, ережелері және т.б.). Ал әлсіз жақтары ретінде стратегия университеттің нақты позициясын талдауды толық сипаттамайды және стратегиялық жоспарлау үшін талдау нәтижелерін пайдалануды атады.
Сараптамалық комиссияның мүшелері мына мәселелерге баса назар аударуды ұсынды: 1. стратегиялық жоспарды әзірлеуде және оны қалыптастыруға түрлі мүдделі (жұмыс берушілер, аймақ өкілдері, кәсіби ұйымдар т.б.) тараптарды қатыстыру; 2. сыртқы орта контекстінде университет жағдайындағы мүмкіндіктерді, қауіптер мен тәуекелдерді және олардың алдын алу мақсатында анықтауды талдауға неғұрлым егжей-тегжейлі көзқарас қарастыру; 3. оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын бақылауда әр түрлі әдістемелерді қолдану (мұғалімнің өзін-өзі бағалауы, студент пен жұмыс берушіні сәйкестендіру) механизмін әзірлеу.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болашақтағы келбеті: Түркістанды түркі дүниесінің ортақ білім беру шаңырағына айналдырады.
Келешек ұрпаққа саналы білім беру жолында аянбай еңбек етуді ұстанып, Түркістан тарихында өз ізін қалдыру университет ұжымының әрбір мүшесінің асқақ арманы, деп білемін.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
медицина факультеті адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасының магистр-аға оқытушысы,
Тастемирова Бибігүл Тұрсынбековна.