ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

561 көрілім

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен орман және дала өрттерінің алдын алу мен бірлесіп сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Іс-шараға Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Түркістан облысының төтенше жағдайдар департаменті және осы салаға қатысты мекемелер ат салысты. Тілсіз жаумен күресті күшейту мақсатында өткізілген жиынға 70-ке жуық маман мен 150-ден аса арнайы техника жұмылдырылған.

Жалпы облыста 3,5 миллион гектарға жуық орман қоры аумақтары бар.. Орман шаруашылығы мекемелерінде техникалар саны 2018 жылы 306 дана болса, қазіргі күнде 443 данаға жетіп,   44,8 пайызға өсті. Облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығына қажетті барлығы 69 бірлік, оның ішінде 21 трактор, 9 автокөлік, 15 тіркеме алынғанын  айтты Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес,  мемлекеттік орман қорында 2 миллиард және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 миллион ағаш-көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында, облыс әкімдігі кешенді жоспар қабылдап, алдағы 5 жылда 132 мың гектар аумаққа 217 миллион түп ағаш егу жоспарланған. Оның ішінде  облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелермен 110 мың гектар жерге 170 миллион түп орман дақылдарын егу қолға алынып, атқарылуда. Былтыр орман қорының 16 200 гектар аумағына 23 818 мың данаға жуық әртүрлі ағаш көшеттері егілді. Биыл 20 300 гектар аумаққа 32 миллионнан аса көшет егу жұмыстары жүргізілуде.

Досхан Төлегенов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы