Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары

426 көрілім

Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік – экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек. Түркістан қаласы өнерге, өлеңге бай өңір. Шығармашылықпен айналысатын өнерпаздар көп ақ. Дегенмен авторлық құқықты толық біледі деген ұғым жоқ. Түркістан қаласының тұрғындары мен шығармашыл таланттары үшін керек кеңес айдарына авторлық құқық жайында мәліметтерді жариялағанды жөн көрдік. Сонымен қатар, біздің елімізде  шығармашылық жұмыстармен айналысуға  толықтай кепілдік берілгендігін атап өтейік.

Ол  Қазақстан Республикасының Негізгі  Заңы Конституциясының 20-бабында:  «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне  кепілдік беріледі. Цензураға тыйым  салынады» деп айқын тұжырымдалған.  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінде мүліктік  қатынастар теңдігі тайға таңба  басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың  негізгі принциптері, олармен  реттелетін қатынастардың теңдігі,  кез келген меншік түріне қол  сұқпау, келісімдердің еркіндігі,  азаматтардың жеке ісіне араласуға  жол бермеу, азаматтық құқықтардың  кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған  құқықтарды қалпына келтіруді  қамтамасыз ету немесе сот  арқылы қорғау зор маңызға  ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың  барлығы да келісім жасаудың  еркіндігіне, азаматтардың және  заңды тұлғалардың өз мүдделеріне  қатысты шараларды анықтауына  негізделеді. Азаматтық құқықтың  ең жетекші бөлімдерінің бірі  бола тұра, тек әлеуметтік – экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану  саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.

Авторлық  құқық – санаткерлік меншік саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын,қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді . Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар .Автор – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға. Авторлық құқық — автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары. Дыбыс бейнежазу туындысы — тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп қабылдауға арналып жасалған , өзара байланысты кадрлар серияларынан құралатын туынды. Деректер базасы — деректер (мақалдар,есептер,фактілер және сол сияқтылар) жиынтығы , ол деректер материалдардың ірітелуі немесе орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылады .Қайта шығару – туындының немесе фанаграманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда,соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау. Жазу – дыбыстарды және бейнелерді көп рет қабылдауға , қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін белгілі бір материалдық нысанда техникалық құралдардың көмегімен жазу.Дыбыс бейне-жазу туындыларын дайындаушы — осындай туындының бастамасы және жауапкершілігін соның ішінде материалдық жауапкершілікті мойына алған заңды жеке тұлға.Санаткерлік меншік – шығармашылық қызметтің обьектендірілген нәтижесіне ие меншік.Айрықша құқық – автордың немесе сабақтас құқықтар иесінің туындысы , орындаушылықты , фанаграмманы хабарды осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез-келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы .Орындау- туындыны фанаграманы көрсету , рөльді , әнді, биді орындап, техникалық құралдардың көмегімен көрсету .Орындаушы – актер ,әнші , музыкашы, биші немесе рол ойнайтын ән салатын,оқитын,мәнерлеп оқитын , музыкалық аспапта оинайтын немесе әдебиет пен өнер туындыларын қандайда бір басқа жолмен орындайтын өзге адам сондай-ақ спектакльді қоюшы-режисер.Контрафактілік даналар — туындының немесе фанаграмманың дайындалған немесе таратылған жағдайда авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын даналары.Айрықша емес құқық — авторлық құқық пен сабақтас құқықтар иесімен бірге бұған автордың тиісті рұқсатын алған басқа адамның осы Заңда белгіленген жағдайлардан басқа ретте туындыны пайдалана алатын құқығы. 

Авторлық құқықты қолдану аясы

Авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан , Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған , бірақ қандайда болмасын обьекивті нысандағы туындыларға. Жарияланған не жарияланбаған , бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандайда болсын обьективті нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары авторлар және олардың құқық мұрагерлері деп танылады.Жарияланған не жарияланбаған , бірақ ҚР тыс жерлерде қандайда болсын обьективті нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтары авторлар (олардың құық мұрагерлері )деп танылады. 4)Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз болған іс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттің заңы бойынша анықталады.

Авторлық құқықтың обьектісі

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанасына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Авторлық құқық белгілі бір обьективті түрге ие болған  заңның осы бабының бірінші тармағында аталған белгілері бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлігі авторлық құқық обьектісі болып табылады.  Авторлық құқық идеалардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің,процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды.  Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық обьектіні меншіктеу құқығымен байланысты емес.Материалдық обьектіні меншіктеу құқығының немесе материалдық обьектіні иелену құқығының өзгеге берілуі, осы Заңның 18-бабында көзделген реттерін қоспағанда, сол обьектіде көрсетілген туындыға қандай да болмасын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеліп соға алмайды. 
Ғылым, әдебиет және өнер шығармасына авторлық құқық оның жасалу дерегіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді. 

Туындыға авторлық құқықтың немесе қандай да бір айрықша құқықтың иесі жарияланған немесе жарияланбаған туындығыа авторлығын, туындының жариялану фактісі мен мерзімін немесе автордың туындыға құқығына қатысты жасалған шарттарды куәландыру үшін авторлық құқығы қорғалатын мерзім ішінде кез келген уақытта оны ресми тізімдемелерге тіркей алады. Тіркеуді белгіленген нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес уәкілдік берілген орган жүзеге асырады. 
Авторлық құқық обьектілері болып табылатын туындылар:Әдеби туындылар;  Драмалық және музыкалық- драмалық туындылар; Сценарий туындылар;  Хореография және пантомима туындылар; Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар; Дыбыс, бейне жазу туындылар; Мүсіндеме, кескіндеме, бейнелеу туындылар; Қолданбалы өнер туындылар;Сәулет, қала құрылысы және бау–саябақ өнері туындылар;Суретке түсіру туындылар;  Карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулерге және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; өзге де туындылар.

Авторлық құқық  обьектілері болып табылмайтын  туындылар

Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң әкімшілік, сот сипатындағы және дипломатиялық өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;  Мемлекеттік нышандар мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзг де мемлекеттік нышандар мен белгілер);  Халық шығармашылығы  туындылары;Оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар; 

Авторлық құқықтарды қорғау

Құқықтарды тану;құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру;құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттері тыю;айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;құқық бұзушы авторлық құқық бұзу салдарынан тапқан табысты өндіріп алу;Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі ең төменгі мөлшері, ал ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзған кезде жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі ең төмен мөлшерісомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндіріп алудың орнына өтемақы мөлшерін сот белгілейді. олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.Осы тармақтың 4,5,6 тармақшаларында авторлық құқық иелерін таңдауыны қарай қолданылады. 
Іс қаралғанға дейін судья туындылары мен фонограммалардың контрафактілік деп жорамалданған даналары жауапкердің дайындауына, көшірмелеуіне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья туындылары мен фонограммалардың контрафактілік деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ дайындау мен көшірмелеуге пайдаланатын материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы. 
Сот туындының немесе фонограммалардың контрафактілік даналарын, сондай-ақ көшірмелеуге пайдаланатын материалдар мен жабдықтарды тәркілеу ұйғарым шығаруға құқылы.Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілік даналары оның талп етуі бойынша авторлвқ құқықтың иесіне берілуі мүмкін не соттың шешімі бойынша жойылуы тиіс.Олардың көшірмелеуге пайдаланылған матариалдар мен жабдықтар соттың шешімі бойынша жойылуға не мемлекет кірісіне берілуі тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы