РЕФОРМАЛАР – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

284 көрілім


Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың құқықтық тұрғыдан сауатын ашу – мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі деп жазылған. Осыған байланысты түрлі мемлекеттік бағдарламалар, шаралар дайындалып, жүзеге асырылып жатыр. Олар аз да болса өз нәтижесін де беретіні сөзсіз. Осы тұрғыда Түркістан қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде немесе мемлекеттік мекемелерде қызмет еткенде құқықтық сауаттылықты басты назарда ұстауы тиіс. Бұлай деп отырғанымыз еңбек қатынастары тұрғысында, мемлекеттік қызмет алу барысында түсінбестіктен бастау алған мәселелер бойынша Түркістан қаласының тұрғындары редакциямызға көптеп шағымданып жатады. Осындай оқырмандарымызға құлаққағыс ретінде аталған жаңашылдықтарға байланысты кезекті жарияланымдарымызды ұсынамыз.
Қазақстанда қылмыстық процестің қылмыстың iс жүргізу сатысы басты институттарының бiрi болып табылады. Аталған инстанция бiрқатар объективтi факторларға байланысты қалыптасады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-нiң қабылдануы, оны қолдану тәжірибесінің болмауы, оның жетістіктерін бара-бар бағалаудың мүмкін емес-тiн. Мұндай факторларға жататын жағдайлар: 1997 жылғы қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нiң қабылданылып, енгізілуі қылмыстық iс жүргізу мiндеттерiн айқындай түстi. Қылмыстық процестің мiндеттерi Қылмыстың iс жүргізу кодексiнiң 8-бабында айтылған. Онда қылмыстық процестің мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргізудiң заңда белгіленген тәртiп адамды және азаматты негізсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, – оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуге тиiс. ҚР Қылмыстық iс жүргізу кодексiнде Қылмыстық iс жүргізу сатылары айтылғанымен, онда нақты тоқталмаған. Қылмыстық iс жүргізу ғылымында iс жүргізу сатылары аса кең, ауқымды үғым ретiнде қарастырылады. Ғалымдар оларды бiр-бiрiнен бөлуге болмайды дейдi, олар керiсiнше бiр-бiрiн толықтырады дейдi. Қылмыстық iс жүргізу сатысы – бұл өзiндiк жеке сот iсiн жүргізу, ол өзінің мазмұнымен ерекшеленедi. Әрбiр саты қылмыстық iс жүргізудiң аяқталған бiр бөлiмi ретiнде көрiнiс табады. Бұрын қылмыстық iс қозғаудың анықтамасын жасауда бiз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегенiмiз, – осы кезеңде пайда болған құқықты қатынастары, оларды өзге iс жүргізу сатылары мен кезеңдерiнен оқшаулайтын өзiндiк белгілерге ие болғандығын бiлдiредi, өйткені олар, бiрiншiден, осы сатының мақсаттары жүзеге асыратын iс жүргізушiлiк құралдарының мақсаттары мен мiндеттерi жөнiнен, екiншiден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.
Қазірде құқықтық сауаттылықтың түрлері көп. Қоғамда қанша қатынас болса, мысалы, экономикада, білім беруде, саясатта және ғылымда да құқықтық сауаттылық бар. Бұл әр қатынастың өзінің мәдениетіне сәйкес пайда болады. Бірақ біздің Конституцияда азаматтардың құқықтық тұрғыдан сауатын ашуды мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі деп жазылған. Осыған орай түрлі мемлекеттік бағдарламалар, шараларды дайындап, жүзеге асырып жатырмыз. Олар аз да болса өз нәтижесін де беретіні сөзсіз. Тіпті жоққа шығарған күннің өзінде тамшыдай болса да, мақсатқа жетуге өз үлестерін қосып жатыр. Республикалық маңызы бар қалалардың құқықтық сауаттылығы ауылдық елді-мекендерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін мойындауымыз керек. Себебі олардың ақпаратқа қолжетімділігі басым. Құқықтық сауаттылық тал бесіктен бастау алады. Ол бір қиын дүние емес. Егер ата-анасы мінез-құлқын, іс-әрекетін заңға сәйкес алып жүретін болса, ғылымда дәлелденгендей, ол қасиет ген арқылы балаға міндетті түрде беріледі. Құқықтық сауаттылықты қалыптастырсақ, “дамыған мемлекетпіз” деп ауыз толтырып айтуға негіз болушы еді. Құқықтық сана – теориялық ұғым. Оның жеке, яғни индивид ретінде қалыптасқан (студенттердің, зейнеткерлердің, қоғам қайраткерлерінің құқықтық санасы) түрлері бар. Тағы кәсіптік, яғни белгілі бір кәсіп иелерінің, журналистердің, заңгерлердің құқықтық санасы болады. Ол халықтың қай топтан екеніне де тығыз байланысты. Мысалы, зейнеткерлер өздеріне берілген құқықтар мен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқарып жатыр ма? Олар үкіметтен нені талап етіп жатыр? Қазір зейнетке шығу жасы қызу талқыға түсіп жүр. Олардың әрқайсысының өз пікірін ортаға сала білуі – құқықтық санасы қалыптасқанының дәлелі. Ал енді құқықтық мәдениет дегеніміз – құқықтық сананың жоғарғы деңгейге жеткен формасы. Заңмен таныс болу, құқығыңды кез келген ортада қорғай алу – оның басты айғағы. Рухани мәдениеттің элементтерін біз ең қарапайым қоғамдық көліктегі жүріс-тұрыстан байқаймыз. Қарт кісілерді сыйлап, жастардың алдын кесе өтпеуі, орын беруі – құқықтық мәдениеттің қалыптасқанының белгісі. Ол қоғаммен байланысқа түсу арқылы күрделене түсетін ұғым.
Адам құқығы заң аясында қорғалады. Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін ірі құқық бұзушылық орын алған жағдайда сот билігі заңға сәйкес жазалау шараларын жүзеге асырады . Сотқа дейінгі тергеу, істі қарау барысында құқығы бұзылған азаматтардың мүддесін тиісті органдар қорғай алады. Бейінді ведомстволардың қағаз жүзінде бекітілген қызметтік міндеттерінің қаншалықты орындалып жатқанын талдау үшін алдымен «ол жерде кімдер жұмыс жасап жүр, біліктілік дәрежесі қандай, қандай жолмен билікке келді?» дейтін сұрақтарға жауап іздегеніміз дұрыс болады. Егер мемлекеттік билік органдарына немесе құқық қорғау органдарында отырған қызметкер біліктілік емтихандарын адал еңбегімен тапсырып, өз ісіне қызығушылығы ерекше болып, бала кезінен дайындалып, көздеген мақсатына жеткен болса, онда біз ол қызметкерден адам құқығын толықтай қорғайтындай нәтиже күте аламыз. Ал құлықсыз адамдар алдына келген азаматқа, тапсырылған іске немқұрайлықпен қарайды. Біз бірінші кезекте адам құқығын қорғаумен айналысатын ведомстволарға қызметке тұру талаптарын күшейтуіміз керек.
Қоғамда әділдікке қол жеткізу әлі де қиын. Кенет құқық бұзушылық орын алса, БАҚ арқылы Президент бұл жағдайды өз бақылауына алғанын естіп жатамыз. Ендеше бұл тиісті органдар өз қызметін атқара алмай жатыр, сенімсіздік әлі де бар дегенді білдіреді. Бұрын “балық басынан шіриді” деуші еді, ал қазір аяғынан бастап шіріп жатқан сияқты. Президент өз бақылауына алғанымен, бірақ төменгі жақта келеңсіздіктер көп орын алады. Сондықтан адам құқығын қорғайтын органдарда жиі мониторинг, тазарту жұмыстары жүріп жатқаны көңіл қуантады. Себебі біз үшін әділдік қашанда маңызды.
Сот жүйесіндегі реформалар алдымен судьялық қызметке орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптарға қатысты. Себебі бұрын-соңды тек сот жүйесінде жұмыс істеп жүрген сол буынның адамдары ғана судья болуға құқылы еді. Бастысы кандидатқа қойылған талаптар мен ережелерге сәйкес келсе болғаны. Ал қазіргі реформалар бойынша ЖОО-да ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, ғылыми ізденіспен айналысқан, заңның тілін жетік меңгерген мамандарды судья ретінде тану мәселесі де көтеріледі. Себебі бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың бір жолы. Сонымен қатар ғылымға қатысы бар судья кез келген істі қараған кезде жан-жақты ойланып, таразыға салып, обьективті көзқараспен сот шешімін шығара алады. Бір кездері Қазақ мемлекеттік заң академиясына жолым түсіп, жиі барып тұратынмын. Сол кезеңнің, сол оқу орнының түлектері бүгінгіге қарағанда әлдеқайда білімді болатын. Ал қазір «қай ЖОО-ның студенттері білікті?» десе, ойланып қалатын жағдайға жеттік. Айта кетерлік жайт, Болашақ бағдарламасы бойынша оқыған мамандардың да артықшылықтары бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы