Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

306 көрілім

Түркістан қаласының прокуратурасы талдау барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы мекеме тұтынушы кәсіпкерлерден негізсіз жоғары тарифте төлем алып келгенін анықтады. Атап айтқанда, «Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 09.02.2018ж. №27/145-VI шешімінің 2 қосымшасының 2.1-тармағында заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге төлем 1 текше метрге 860,1 теңге мөлшерде бекітілген.
Алайда «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС 2021 жылдан бері тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі үшін 844 заңды тұлғадан 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдық үшін ай сайын 2497,38 теңгеден өтемақы алып отырған (негізсіз 1637,28 теңгеге артық). Прокурорлық қадағалау актісі негізінде артық төленген 6 млн. теңгеден астам қаражат кәсіпкерлердің пайдасына қайта есептелді.
Кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Кәсіпкерлік құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның үйғарымының мағынасынан туындайтын, кәсіпкерлік-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дүрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарамақайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы түстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық принциптерінің кеңестік кәсіпкерлік құқық принциптерінен түбегейлі айырмашылықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын білдіре келе жөне оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып, кеңестік кезендегі кәсіпкерлік құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы, кәсіпкерлік-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде жөне орындауда жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі, экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны жөне т.с.с. принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бүл принциптердің барлығы экономиканы реттеудің орталықтаңдырылған, әміршіл-әкімшіл жүйесін бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті. Бүгінде кәсіпкерлік құқықтың мынадай принцшггерін атауға болады кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің теңдігі;меншікке қол сүғылмайтындығы;кәсіпкерлік-құқықтық шарттың еркіндігі; мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы; кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектшері — кәсіпкерлер мен түтынушынарды қорғау;несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау; — кәсіпкерлік құқықтардың қорғалуы.
Барлық кәсіпкерлік-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен — ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардын көшцілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген жөне » Кәсіпкерлік зандардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бүл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады және біртұтас заңды жүйе болып табылады. Енді осыларды қарастырып көрейік. Кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі мынадай жалпы методологиялық алғышартқа байланысты: бір-біріне бағынбайтын субъектілер кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектілері болады, заң оларды кәсіпкерлік құқықтарды иеленуде, жүзеге асыруда, қорғауда тең деп таниды, міндеттері жөнінен және олардың бүзылуы үшін де тең деп біледі. Кәсіпкерлік құқық субъекттлершің ешқайсысы бір-біріне бүйрық бере алмайды, соңдықтан өзара келісім олардың қатынастарының негізін құрайды. Нақтырақ айхқанда, субъектілердің теңдігі мыналарды білдіреді: кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға ене отырып, мемлекет немесе оның экімшілік-аумақтық бөліністері өздерінің кәсіпкерлікқұқықтық серіктестерінен’— азаматтан немесе занды тұлғадан ешқандай артық-шылықтарға ие болмайды; кез келген үйьщдық нысаңдағы заңды тұлға кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретіңде жеке тұлғаларға теңестіріледі; шетелдік азаматтар және шетелдік занды тұлғалар Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалары секілді, кәсіпкерлік құқықтар мен міндеггерді иеленеді.
Заң актілерінің тікелей үйғарымы бойынша мүндай тендіктен кейбір ерекше жағдайларға орын берілуі мүмкін (мысалы, қараңыз: «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 ж. 19 маусымдағы ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы).3
Меншікке қол сүғылмайтындығы. Бүл принцитттің маңыздылығы мынада — меншік елдід бүкіл экономикалық жүйесінің іргетасы болын табылады. Бүл принцип мемлекетке мемлекеттік емес меншікке қатысты барлық қатынастарға араласуға мүмкіндік берген бүрынғы нүсқаулардан бас тартуды біддіреді. Сондықтан меншікке қол сүқпау принципі ҚР Констиіуциясыңда да (6 және 26-баптар) баянды еіілген. Меншікке қол сүқпау дегеніміз ең алдымен меншік иесінің өз мүлкін заңмен тыйым салынбаған кез келген мақсатқа жету үшін өзінің еркін қалауы бойынша пайдалану мүмкіндігін тануды біддіреді . Бүл соңдай-ақ меншік иесіне әлде бір етемақының төленетінін-төленбейтініне қарамастан, меншік қүқығының мәжбүрлі тоқтатылуына жол берілмешіган де білдіреді. Мынадай бүлжымас ереже әрекет етуі тиіс: бүған тікелей занда көзделген негіздер болғанда ғана меншікті ықтиярсыз алып қоюға жол беріледі. Сондықтан меншік қүқығын соттың шешімімен ғана тоқтатуға болатынына сілтеме жасау жеткіліксіз болады. Шешімнің өзі дәлме-дәл занды негізге сүйенуі тиіс. Меншік иесінің мүмкіңдіктері, әлбетте, шексіз емес, бірақ заң олардың шегін айқын межелейді: заң жүзінде тыйым салу (мысалы, өз қаруын немесе қауіпті заттарды пайдалануда), басқа адамдардың құқықтары мен занды мүдделерін бүзуға әкеп соқтыратын меншікгі пайдалануға болмайтындығы, меншік иесінің өзіне тиесілі кейбір заттарға (тарихи және мәдени қүндылықтар, шетелдік ақша және т.с.с.) билік ету құқықтарын шектеу. Бірақ мүндай тыйым салулар мен шекгеулер жария мүдделерді қорғау шаралары ретівде ғана қодданынады.
Кәсіпкерлік заңдар меншік қүқығынан басқа, иелеріне өз мүлкін өз мүдделеріне сай тікелей пайдалануға мүмкіндік беретін кейбір басқа да заттық құқықтарды көздейді: жерді пайдалану қүқығы , шаруашылық жүргізу қүқығы , оралымды басқару қүқығы , түрғын үйге меншік қүқығы мен тұрғын үй қатынастары туралы заң және басқалары. Меншік қүқығына қарағанда, мүндай құқықтар қашан да туынды болады, мүндай заттық құқықтардың иелері үстінде мүліктің меншік иесі түрады. Мүндай заттық құқықтардың өкілеттігі шекарасын, әдетте, зандар, сонымен қатар меншік иесінщ, еркі белгілейді. Шарт еркіндігі кәсіпкерлік құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады . Бүл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мөжбүрлеусіз мыналарды атқаруға қүқылы екенін білдіреді: белгілі бір шартты жасасуға немесе жасаспауға; өзі шарт жасасуды қалайтын серіктесін таңцауға; шарттың түрін тандауға; шарттың шарттарын анықтауға.
Бүл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабыдданған келісім ғана шынайы кәсіпкерлік-құқықтық шарт ретінде танылуы мүмкін. Шарт жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне-өзі қоятын мүндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Мысалы, әлде бір тауар сатушы, әдетте, сатын алушымен шарт жасасуға қүқылы, шарт жасасу үстіңде оның шарггарынен келісуге немесе келішеуге қүқылы. Сатушыны белгілі бір шешім қабылдауға ешкім де мәжбүрлей алмайды. Алайда шешім қабылданған болса және сатушы белгілі бір іпарттарды қоя отырып, шарт жасасса, оңда ол үшін бүл міңдетті болады да, ал алдағы уақытта шарттың еркшдііін сылтау етіп, оны орындаудан бас тартуға, оның шарттарын өзгертуге және т.с.с. қүқылы болмайды.
Шарт еркіндігі заң жүзінде тыйым салу немесе құқықтық нормалардың императивтік үйғарымы түріндегі тағы бір шекарасы болады. Егер занда әлде бір іс-әрекеттерді (мысалы, қару-жарақты немесе есірткі заттарды) жасауға тыйым салынған болса, екі тарап та оған келісімін берген жағдайдың өзінде, мүндай іс-әрекеттерді оның шарттары ретінде шарттың мәтініне енгізуге болмайды.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастарды, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз ету мақсатында шаруашылық етуді мемлекеттік реттеу бойынша қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде нормалардың жиынтығын құрайды.

Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізі
Коммерциялық ұйымдардың өзін жоғары қоюы деп оның монополистік пиғылмен бағаны аспандатып жіберуін айтады. Бұл өзі кеңінен таралған құбылыс. Бұзылған немесе дауға түскен азаматтық құқық сотпен қорғалады. Бұл орайда сот әртүрлі тәсілдерді қолданады. Бұл жағдайда сот кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екендігін, кімнің құқығына жөнсіз қиянат жасалғанын анықтайды. Мұрагерлік жөніндегі дауда мұрагердік біреуі өзгесінің құқығын мойындамаса, онда сот мұрагерлікке құқықты тану жөнінде шешім шығарады. Бастапқы жағдайда қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу. Оған мысал ретінде затты заңсыз иеленушіден алып беру құқығын, сондай-ақ оны бұрынғы заңды иесіне қайтаруды айтуға болады. Егер сіз затыңызды жоғалтып алып, оны біреуден көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды қайтара аласыз. Егер тараптарға оның құқығын бұзу арқылы залал келтірсе, онда ол құқық бұзушыдан толық түрде өтемін талап етуге құқылы. Залал бұл арада келтірілген материалдық зиянның ақшалай көрінісі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде заладың екі түрі қарастырылады. Біріншісі – нақты нұқсан келтірілген залал, яғни мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, немесе бұзылған құқықты қалпына келтіруге кететін шығын. Екіншісі – алынбай қалған табыстар (айырылып қалған пайда) яғни дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстарды егер ол түскен болса, онда құқық бұзылмаған болар еді. Міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне-көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейді, сондықтан да ол құқығын бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына орнына келтіруге мәжбүр етуге құқыңыз бар.

Тұтынушылардың құқығын қорғау дегеніміз жеке тұлғалар мен тұтынушылардың, тауар өндіретін, дайындайтын, қызмет көрсететін не сатушылық қызмет атқаратын кәсіпкерлердің арасындағы қоғамдық қатынастарға бағытталған мемлекеттің реттеу. Қоғамдық өмірде күн сайын тұтынушы ретінде әртүрлі қатынастарға жиі түсіп жүрміз. Тұтынушы бола отырып, дүкендерден зат сатып аламыз, интернет арқылы тауарларға тапсырыс береміз, медициналық қызметтерді, коммуналдық қызметті пайдаланамыз, қоғамдық көліктерде жүреміз не такси жалдаймыз. Ал, «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын» қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмде тұтынушы – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес, тек жеке (тұрмыстық) мұқтаждықтарына арналған тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниетi бар тапсырыс берушi, сатып алушы немесе пайдаланушы азамат – деп көрсетілген. Бұл анықтамалардан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Әрине, құқығын заңмен қорғауға қатысты азаматтар пiкiр әзiр түбегейлi өзгерген жоқ. Қоғамды дендеп алған жемқорлық, соттарға деген сенiмсiздiк, сатушылардың мәдениетi мен қызмет көрсету сапасының төмендiгi тұтынушыларды кемшiлiктерге көзжұмбайлықпен қарауға мәжбүрлейдi. Тұтынушыларға құқықтық көмек ретінде біраз кеңес беріп, мәселелердің басын ашып алайық. Тауарды сатып алу үшін өз қалауыңызбен базарға, дүкенге немесе басқа жерге келген сәттен тұтынушы боласыз. Ал сапалы тауар сатып алу үшін тұтынушы ретінде өз құқытарыңызді біліп оларды еркін қорғаныңыз дұрыс. Бірінші кезекте, тауарды сатып алған кезде сатушыдан тауар жайлы бүкіл қажетті, толық және шынайы ақпаратты талап етуіңіз керек. Тауар сатып алғанда құжаттарға қол қоярдың алдында үнемі мұқият қараңыз, тауармен бірге келетін құжаттарғады асықпай оқыңыз, содан кейін қолыңызды қойыңыз. Себебі, ол құжаттарда тұтынушы ретінде құқықтарыңызға қайшы келетін ережелер болуы мүмкін. Тауармен бірге келетін құжаттарда (не тауар сертификаты) болатын тауардың жарамды мерзімі, сақтау мерзімі және кепілдік мерзімі туралы мәліметтерден хабардар болуыңыз қажет. Тауарды сатып алғанда оны куәландыратын фискалды чекті талап етіңіз. Сізге міндетті түрде фискалды чекті беруге тиіс. Өйткені, Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары қолма-қол ақшамен жүзе асырылғанда ақшалай есептер фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдануымен жүргізіледі. Кейбір кезде тәжірибеде тауар, осы тауарды дайындаушымен ешқандай байланысы жоқ тұлғаларға зиян келтіретін жағдайлар да кездеседі. Мысалы, теледидар жанған кезде залал тек теледидар иесіне ғана емес, сонымен бірге басқа тұлғалардың, мысалы көршісінің мүлкіне де келуі мүмкін. Бұл жағдай заңда да көрсетілген, соған сәйкес залал келтірушімен шарттық қатынаста болған, болмағанына қарамастан кез келген залал шеккен тұтынушының сапасыз өнімнен келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 2-тармағы заңының талаптарына сәйкес тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залал толық көлемде өтелуге жатады. Азаматтың өміріне және денсаулығына келген залалды өтеу ережесі азаматтық заңдарда көрсетілген. Денсаулыққа зиян келген жағдайда жойылған еңбек ақысы не оның бір бөлігі, емделуге кеткен қосымша тамақтануға, санаториялық-курорттық емделуге және денсаулыққа зиян келуге байланысты кеткен өзге де шығындар өтелуге жатады. Егер тұтынушының мүлкіне зақым келсе не жойылса, онда бұл мүлік қалпына келтірілуі тиіс. Егер оны қалпына келтіру мүмкін болмаса, онда тұтынушыға дәл сондай түрдегі және сападағы мүлік берілуі тиіс . Егер мұны да істеу мүмкін болмаса тұтынушыға келген зиянның орны толтырылуы тиіс. Осы аталған құқықтар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен жеке-жеке анық көрсетілседе, олар күнделікті өмірде жиі бұзылуда. Бұған сатушы тұтынушы алдындағы өз міндетін білмеуі не олардың құқықтық нигилизмді пайдалануы не тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған заңдарды елемеуі себеп болуы мүмкін. Бірақ бұл себептерді субъективтік сипаттағы себептерге жатқызуға болады. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына, оны тудыратын объективті себептерде негіз болуы мүмкін ғой.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы