Таныс та бейтаныс латын таңбасы

369 көрілім

Латын таңбасы қазақтың жаңа әліпбиінің көпшілік назарына ұсынылған нұсқалары төңі­регіндегі пікірталас бұқаралық ақпарат құрал­дарында, әлеуметтік желілерде қызу өтті десек, артық айтқандығымыз емес. Оған, тіпті, «қауіп еткеннен айтамын» деген ыңғайдағы орынды пікір, орайлы ұсыныс айтылып жатса да, мұны қарсылық деп қабылдаудың да қылаң беруі куә. Шын мәнісінде қарға тамырлы қалың жұрты­мыздың басым көпшілігі қарсылық емес, қол­дау білдіріп жатыр. Мәселенің мәнісін толық түсінбесе де, еліміздегі орыс тамырлар да, басқа да ұлт өкілдері де барынша қолдау көрсетуде. Әлем әліпбилері Әлемде 65 әліпби бар екен. Десек те, жазу жүйесі және әліпби сияқты ұғымдарды ажыра­ту жөн көрінеді. Әліпби – әрбір тілдің әріптер түрінде ұсынылған барлық дыбыстары бол­са, бұған қоса буындық жазу, тұтас сөзді біл­діретін иероглифтер, тағы да басқалар бар екен. Сондықтан, қазіргі сәтте барлығы қырық алты әліпби бар деп есептеледі. Арабтардың, грузиндердің, армяндардың, ев рей лердің (иврит), гректердің, жапондардың (кандзи, ромадзи, хирагана, катакана), кхмер­лердің, тіпті жаңа гвинея папуастарының төл әліпбилері бар. Кезінде қайран Ақаң (Ақселеу No1 (47) 2018ТІЛ және ҚОҒАМ9Сейдімбек) көне түркі руникалық жазуын жаңғыртып, қазақтың төл әліп­биін жасауды ұсынған еді. Ғаламторда «Әлемнің барлық әліпбилері» (Все алфавиты мира) деген тізбеде сол ұлы жазуымыз жоқ, тіркелмепті…Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа әліпбиімізді латын әріп­таң­басы негізінде түзуге ойыстық. Содан бері осы мәселені қаузап келеміз. 2003 жыл ғы 6­7 қарашада Алматыда өткен Қазақстан Республикасының сол кездегі Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов ашып, жүргізген «Қазақ терминологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық ғылыми­практикалық конференцияға қатысып, көп жылдардан бері осы мәселемен тікелей айналысып жүргендіктен, төл мамандығым филолог ретінде, қырық жылдан астам ала қағазды айналдырып жүрген қаламгер ретінде өзімнің қазақтың жаңа әліпбиі төңірегіндегі ойыммен бөліскенді жөн көрдім. Сөздің реті келген соң айта кетейін, сол алқалы басқосуда әл­Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Мырзабеков: «Қазақ тілінің тыныс­тіршілігі, болашағы термин­ге тіреліп отыр. Мұндағы зор түйткіл мәні халықаралық, әні (дыбысталуы) орыстық сөздерге байланысты. Түбір тұрғысынан қарағанда қазақ тілі орыс тіліне кірме күйде. Алда екі жол: 1) Осы қалыппен зырлай береміз, жырлай береміз. Ақыры – құрдым. 2) Қазақ тілі өз дыбыстық жүйесіне келеді. 28 әріп дыбыспен барша сөзін қайта сөйлетеді. Орыс сөздерінің омыртқасын омы­рып, қабырғасын қаусатып дыбыстық жақтан қайта игереді. Өзінің тілдік иммунитетін қалыптастырады. Бұл тілдің болашағы үшін керек. Қазіргілер үшін мұндай әрекет құбыжық болып көрінетініне күмән жоқ», – деген еді. Осы сөздің шындығына күні бүгінге дейін көз жетіп келеді. Өзге тілді дыбыстар дыбысталуынан арылуБасты гәп өзге тілді дыбыстардан арылу болса, кирилше құрастырылған әліпбиімізден 11 дыбысты (в, ё, ф, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я) алып тастасақ, қалған 31 дыбыс (а, ә, б, г, ғ, д, е. ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, х, Һ, ш, ы, і) өз тілімізге етене екені анық. Осылардың ішінен а (a), б (b), г (g), д (d), е (e), і (i), ж (j), з (z), к (k), қ (q), л (l), м (m), н (n), о (o), п (p), р (r), с (s), т (t), у (u), х, һ (h), ы (y) 22 дыбыстың латынша таңбалануы дау туғызбайды. Қазақтың латын әріп­таңбалы әліпбиін түзу барысында биліктегі шенеу­ніктер де, тілші ғалымдар да, қалың көпшілік те «Бізде таза қазақ тіліне тән сегіз әріп бар – соларды таңбалау керек. Басты мәселе осы», – деп Елбасымыз айтқан қағидатты ұстануы керек. 25 әріптен тұратын әліпбиге зерделеп қара­сақ, төрден орын алған 3 әріп (Ц, Ф, В) қазақ тіліне тән емес дыбыстар және дауыссыз дыбыстар. Ал, қосұрықтанып, яки, қосәріптеніп диграф түрінде жертөлеге түсіп кеткен қазақтың 3 дауысты дыбысы – Ә, Ө, Ү. Бұл дыбыстар (әріптер) әредік емес, күнде минут сайын, секунт сайын, өмір бойы қолда­нылатын қазақтың ежелден келе жатқан төл дыбыстары. Міне, осы дыбыс­тар жеке әріппен таңбаланып, төрден өз орындарын алуға тиіс. Мейлі, қалай таңбаланса да: Ә, Ө, Ү деп өз бетінше қалдыруға да болады (бұл таңбалар компьютерде «Символдар» легінде бар, қазір пернетақтада да бар) немесе неміс әліпбиіндегідей Ä, Ö, Ü умлаут таңбалармен берілсе, ешқандай қиын­дық келтірмейді. Осы бір үш әріпті енгізгеннен өркениет көшінен қалып қой­маймыз… Ал, үлгі ретінде көлденең тартып отырған ағылшын әліпбиіндегі zh (ж), ch (ч) әріптері – дауыссыз дыбыстардың таңбалары. Ұсыныс ретінде келесі айтарым: қазақ тіліне тән емес В, Ф, Ц, Ч дыбыс­тарының V, F, C (Ц), С (2­ші бір нұсқада Ч болып жүр) латынша таңбала­нуларын қазақтың төл дыбыстарына пайдаланған дұрыс. Айталық, V­ны Ү әрпінің орнына, F­ны Ғ(ғы) әрпінің орнына, C­ны Ш әрпінің орнына, ал басы даулы W­ны Ұ орнына (ағылшынша дыбысталуы осы біздің ұлы Ұ­ға жуық) пайдаланған жөн сияқты. V дегеніміз Ү, W дегеніміз Ұ – әдемі үй­лесіп, жарасып тұрған жоқ па?! Ал, енді, түрік ағайындардағы В, Ф, Ч ды­быстарын қажет етсек, міне оларды қос әріппен, яки диграфпен таңбалау керек (vh – в, fh – ф, ch – ч).Өзге елдер қалай қолданады? Ал, түрік алфавитінде, тіпті озық елдің бірі – неміс алфавитінде төбесін­де қос нүктесі бар А, О, Ү (Ä, Ö, Ü) және т.б. әріптер бар. Сонда да, көштен қалып жатқан жоқ. Ал, біз 25 әріптік әліпбиге көшсек, тұтастай Ә, Ө, Ұ, Ү, Ғ, Ң, Ш әріптерінен (7 бірдей төл дыбыстан) айырылайын деп отырмыз. Ә­ні Ае дегеннен, Ө­ні Ое дегеннен не ұтамыз?! Өйткені, қазақтар немістер сияқты қалай жазылса, солай оқып үйренген. Ағылшындар сияқты ұшақ атауын Boeing деп жазып, Боинг деп оқуға немесе француздар секілді ав­томобиль атауын Renault деп жазып, Рено деп айтуға дағдыланбаған. Атаң қазақтың «Әр елдің салты басқа, иті сарыала қасқа» деген уәжді сөзі осын­дай жағдайдан туындаса керек. Кешеден жеткен леп…Әліпби жобаларын жасаушылардың қазақтың Ә мен Ө дыбыстарынан (әріптерінен) қарадай неге үркетінін білмеймін, тіпті, түсінбеймін?! Тарих­тан белгілі, КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби жөніндегі комитеті лати­ница негізінде «Бірыңғай Түркі Әліпбиін» (Яналиф немесе қаз. Жаңаліп) әзірлеген болатын. Қазақ тіліне тән кейбір түрленімдері бар осы әліпби ресми түрде, 1929 жылдан 1940 жыл аралығында, кириллицаға ауысты­рылғанша пайдаланылды. Осы әліпбиде Кеңес өкіметінің қылышынан қантамған заманда Ә мен Ө өздерінің лайықты орындарын алып тұр. Ы әрпінің орнына орыстың айырым белгісі Ь әрпі пайдаланылыпты. Таныс та бейтаныс…Студент кезімде қарт қаламгер Жайық Бектұровтың үйіне барып, Сәбит Мұқановтың латынша әріптермен терілген «Мағжан Жұмабаев» деген кітапшасынан ақынның өлеңдерін қиналмай көшіріп алып, соңынан ки­рилшеге жаңылыспай түсірдім. Міне, таныс таңбалар, бөгелмей оқып отырмын. «Әдебиет мұрала­рынан. Ақан сері. Таңдамалы өлеңдері. Жинап баспаға дайындаған: Сәкен. Қазақстан көркем әдебиет баспасы. Алматы 1935». Дұрысы осы ғой. Ә, Ө, Ң, Ы, Ж әріптері жеке­жеке таңбаланған. Aelem, Oeleng дегенмен алысқа бармаймыз. Әlem, Өlen (n­нің құйрығы бар) десе бір сәрі… Осы жайларды жазып отырғанда, тіл ұшына қыжылы мен қылжағы ара­лас мына бір өлең жолдары келді: Қосаяқ нәлет Ae­мен, Ілгері жүзбек қай ке мем? Аеlim десең Әлімді, Отыра қоймас жайменен?! Қосұрық нәлет Oe­мен, Кідіріп қалды ой кенен. Оеlim десең Өлімді, Оеmir ағаң «қой!» деген. Қос мүйіз нәлет Ue­мен, Көз жаздық жосық, жүйеден. Үкілеп жүрген Үмітің. Түскендей ауып түйеден! Енді, бүгінгі таңда суретші­лингвист, халықара­лық Интербет фонематикалық әмбебап әліпбиінің авторы Виталий Веташ әзірлеген 44 таңбадан тұратын Халықаралық әліпбиде де Ә мен Ө бірі екін­ші қатардан, енді бірі бесінші қатардан өздеріне тиесілі орындарын тапқан.Пернетақта түймесі сәйкес-ақ…Сосын, әлеуметтік желілердегі маған ұнаған жазбалардың ішінде: «Ком­пьютер пернетақтасында әріп пен цифр және кейбір символдарды басуға болатын 35 қосу 13 қосу 15 = 63 түйме бар. Бұл басқа функционал түйме­лерді айтпағанда. Орыстар Ё, Я, Щ, Ц, Ь, Ъ, Ч­ларға орын тауып отырғанда, біз неге өзімізді жұрт саусағын да сұқпайтын қуысқа тыға береміз! Яғни, қазақы төл дыбыстың әрбірі жеке әріп­белгі иеленуі керек. Ағылшында 26 әріп деген сөз, пернетақтада бар­жоғы 26 түйме бар дегенді білдірмейді ғой. 31­32 әріп, тіпті 33 болса да жолын тауып, бірақ қосақ әріп­белгілерден құтылу керек, жолатпау керек. Жоғарыдағы 35 әріп түймелері, 13 – ё­ден бастап теңдік пен қосу белгілерін, цифрларды басу үшін арналған үстіңгі ре­гистр түймелерінің саны, 15 – оң жақтағы цифртақтадағы түйме саны. Енді осы 63­ті оған қоса 42 басқа функционал түймелерді – барлығы 105 түй­мені көре, біле тұрып қай сасқанымыз, өзімізден өзіміз құр босқа кең жерде сығылып, қысылып, мыжылып?! – деп, заңгер ғалым Болат Сыздықтың на­мысқа шақыра айтқан пікірі әрі түсіндірмесі болды. Дұрыс айтады.

Тобықтай түйін Мүмкіндігінше диграфқа жоламау керек. Латын таңбасына көшкен соң, жөнімен көшу керек қой! Қазақтың әрбір дыбысы, әсіресе, жуан дауысты­лары жеке таңбалануға тиіс. Әйтпесе, Ае­мен, Ое­мен тілімізді бұзып алуы­мыз, тіпті жойып алуымыз мүмкін?!.. Ал, тілбұзарлар мен басқа тілділерге бәрібір, өз басым оларға дауа жоқ деп білемін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: біз Рухани жаңғырудың басты те­мірқазығы – Қазақтың латын әріп­таңбалы жаңа әліпбиін қолдаймыз, бас­қаша болуы мүмкін емес. Ал осы келелі іске ақжолтай серік боларлық пайымды пікір, ұтымды ұсыныс – қарсылық емес, кеңесіп ақылдасу, тың жобаны пысықтап, жетілдіруге ақ ниет, ізгі тілекпен жәрдемдесу. Ортақ іске бүкіл қазақстандықтар бір кісідей жұмылуы керек. Келісім түбі – ке­лелі іс десек, Ұлы Дала елінің латын әріп­таңбасы жаңа әліпбиін жасауға дара ­дара болмай, бір кісідей атсалысайық. Ұлттың негізгі белгілері – Тіл мен Діл және Туған жер екенін, ал әліпбиіміздегі Ә – Әкеміз, Ө – Өміріміз, Ұ – Ұлтымыз, Ү – Үкіметіміз, Ы – Ынтымағымыз, І – Ісіміз, Қ – Қазақ еліміз, Ғ – Ғасырымыз, Ң – шыққан Шыңымыздың бектеп, бекемдеп, бекітер соңғы әрпі екенін әсте ұмытпайық. Естеріңізде болар, «бектеп, бекемдеп, бекітіп» деген сөз тіркесі ұлы Әуезовтің өміршең өрнегі.

Сәбит БЕКСЕЙІТОВ

филолог, қаламгер

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы