Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар арасында аудандық “Күз-мереке, күз-береке” атты шығармашылық байқауы болып өтті.Мақсаты: жас бүлдіршіндерді бала жасынан бастап шығармашылық жұмысқа баулып, рухани жетілуіне әсер ету. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Байқау 2 кезеңнен тұрады. 1. Көрме2 ДефилеБайқауға 54 балабақша тәрбиеленушілері қатысып бақ сынады. Байқау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен балабақша тәрбиеленушілері мен жетекшілері аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!
Күз -мереке, күз – береке!
593 көрілім