«ШЕБЕР ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫ»

342 көрілім

«Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының»  жылдық жоспарына сәйкес, бүгін Шардара ауданының М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатында Олимпиадаға дайындық: «Шебер жазу дағдылары» атты оқыту семинары өтті.

Семинар мақсаты:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушыларды шебер жазудың жаңа дағдыларына үйрету;

2. Ойлау мен сөйлеу дағдыларына жаттықтыру.

Аталған оқыту семинарында шәкірттері бірнеше облыстық, республикалық олимпиадаларынан жүлделі орын алған, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ажар Сламова өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 Сабаққа облысқа қарасты аудандардағы ауыл мектептерінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, мәліметтер алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы