- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Прокуратура туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң прокуратура органдарын ұйымдастыру және қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Прокуратураның конституциялық мақсаты
Прокуратура мемлекет атынан осы Конституциялық заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізі
Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің қағидаттары
1. Прокуратура өз өкілеттіктерін мынадай:
1) заңдылық;
2) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасын бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық дамыту және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыру;
4) басқа да мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз;
5) Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттары бойынша жүзеге асырады.
2. Прокуратура органдарының өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде олардың қызметіне қандай да бір араласуға тыйым салынады.
3. Прокуратура төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынуы негізінде прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.
Прокурорлардың бағыныстылығына мыналар:
1) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокуратуралар үшін ұйымдастыру және қызмет мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындаудың міндеттілігі;
2) төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдындағы қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жауапкершілігі;
3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төмен тұрған прокурорлардың өкілеттіктерін жүзеге асыруы;
4) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлар актілерінің күшін жоюы, оларды кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе өзгертуі;
5) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), актілеріне жасалған шағымдарды шешуі жатады.
4. Бас Прокурор осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен төмен тұрған прокурорларға бағынудың өзге де нысандарын белгілеуі мүмкін.
5. Прокуратура органдары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңдардың талаптарына қайшы келмейтіндей шамада жария түрде әрекет етеді.
6. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.
4-бап. Прокуратураның мақсаттары мен міндеттері
Прокуратура құқық қорғау жүйесінің өзегі бола отырып, адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты нығайту мақсатында мынадай:
1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
2) заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау және жою;
3) құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
2-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰЗЫРЕТІ
5-бап. Прокуратура органдарының жүйесі
1. Прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оған бағынысты ведомстволар, білім беру ұйымы, әскери және көлік прокуратурасының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (Республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары) прокуратуралар, аудандар прокуратуралары мен оларға теңестірілген (қала, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар) прокуратуралардың органдары құрайды.
2. Прокуратура ведомстволарын, мекемелерін, білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Прокуратура органдары жүйесінде мемлекеттік мекемелер нысанында прокуратура органдарының өзге де ведомстволары мен ұйымдары құрылуы мүмкін.
4. Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітеді.
6-бап. Прокуратура органдарының құзыреті
Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде:
- мыналарды:
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, кәсіпкерлік субъектілері және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
лауазымды және өзге де адамдардың, оның ішінде сот орындаушылары мен нотариустардың іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің), сондай-ақ олар қабылдайтын, күшіне енген актілер мен шешімдердің;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді; сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды, жедел-іздестіруді және қарсы барлау қызметінің;
атқарушылық іс жүргізудің;
заңды күшіне енген сот актілерінің;
қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қозғайтын қоғамдық қатынастардың өзге де салалары заңдылығын жоғары қадағалауды;
2) сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды;
4) қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық
ынтымақтастықты; қылмыстық жолмен алынған кірістерді қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық (мемлекетаралық) соттарда, шетелдік және халықаралық аралық соттарда (төреліктерде) мемлекеттің мүдделерін білдіруді;
5) құқық шығармашылығы қызметіне қатысуды;
6) құқық қорғау органдары кадрларын даярлауды және
олардың кәсіптік деңгейін арттыруды, сондай-ақ білім беруді және ғылыми қызметті;
7) адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қалпына келтіруге және қорғауға жәрдемдесу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасауды;
8) заңдарда және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.
7-бап. Бас прокуратура
1. Бас прокуратураны Бас Прокурор басқарады.
2. Бас прокуратура:
1) прокуратура органдарының функцияларын тиімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
2) прокуратура қызметін жетілдіреді;
3) құқық шығармашылық қызметіне қатысады;
4) шет мемлекеттерде және халықаралық ұйымдарда, шетелдік және халықаралық (мемлекетаралық) соттарда, шетелдік және халықаралық аралық соттарда (төреліктерде) мемлекеттің мүдделерін білдіреді, өзінің ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне және халықаралық ұйымдарға жібереді, халықаралық шарттар жасасады, прокуратураның құзыретіне жататын халықаралық шарттардың жобаларын келіседі;
5) заңнамада белгіленген шектерде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Бас Прокурор және оның орынбасарлары
1. Бас Прокурор:
1) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президентімен бес жыл мерзімге қызметке тағайындалады;
2) Қазақстан Республикасының Президентімен қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді;
4) қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, оны Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қолсұғылмаушылықтан айыруға берген келiсiмiнсiз ұстап алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібінде жүктелетін әкімшілік жазаға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Бас Прокурордың бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
3. Бас Прокурордың бірінші орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
9-бап. Бас Прокурордың өкілеттіктері
1. Бас Прокурор:
1) прокуратура органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне басшылық жасайды, оның негізгі басымдықтарын ұйымдастырады және айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Бас Прокуратура туралы ережені, прокуратура органдарының жалпы штат санын бекітеді, ведомстволарды, прокуратура органдарының білім беру ұйымын құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдары штат санының лимиті шегінде, еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қоспағанда, прокуратура органдарындағы прокурорлардың және өзге де қызметкерлердің штат санын белгілейді;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен білім беру ұйымының басшысын, Бас әскери прокурорды, Бас көлік прокурорын, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) жоғары басшы құрамның сыныптық шендері мен әскери атақтарын беру үшін Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатуралар ұсынады;
7) прокурорларды және прокуратура органдарының өзге де қызметкерлерін, зейнеткерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады, оларды ведомстволық наградалармен наградтайды;
8) Қазақстан Республикасының Президенті алдында елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдары қызметі туралы есеп береді;
9) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
10) Бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жанынан құрылатын үйлестіру кеңестері туралы ережелерді бекітеді;
11) Бас Прокурордың заңда тікелей көзделген өкілеттіктерін қоспағанда, прокуратура органдары жүйесінде өз өкілеттіктерін беретін лауазымды адамдарды айқындайды;
12) Бас прокуратураның алқасы мен консультативтік-кеңесші органдарын құрады, олардың құрамы мен жұмыс регламентін айқындайды;
13) Бас прокуратураның, ведомстволардың, білім беру ұйымының, Бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудан прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, сондай-ақ прокуратура органдарының жүйесіне кіретін мемлекеттік мекемелер мен өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдарын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережелерді қоспағанда, прокуратура органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен білім беру ұйымының ережесін (жарғысын) бекітеді;
15) прокуратура органдары жүйесінің барлық прокурорлары мен өзге де қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шығарады, прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметі мәселелерін реттейтін ережелерді, нұсқаулықтарды, регламенттерді және өзге де құқықтық актілерді бекітеді;
16) Конституцияның 72-бабының 4-тармағына сәйкес Конституциялық сотқа жүгінеді;
17) Жоғарғы Сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер бойынша сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсіндірме беру туралы ұсыныспен жүгінеді;
18) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік және өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен сот актісінің орындалуын тоқтата тұрады;
19) артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
20) уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына келісім береді;
21) мынадай:
прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін және жеке қабылдауын қарау;
заңдылықтың сақталуына тексеріс, мониторинг жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, күшіне енген актілерді бағалау;
прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру;
анықтауды, тергеуді, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың орындауы үшін міндетті қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, жедел-іздестіру және қарсы барлу қызметі туралы заңнаманың нормаларын қолдану;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою;
Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) оның келісімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорларды және прокуратура органдары жүйесінің өзге де қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;
ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу;
құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу тәртібін айқындау;
прокуратура органдарының білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібін айқындау;
Қазақстан Республикасы прокуратурасы рәміздерінің сипаттамасы;
прокурорлардың нысанды киімінің сипаттамасы, оны киіп жүру қағидалары және қамтамасыз ету тәртібі;
прокуратура органдарын заттай мүлікпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен, әскери техникамен және арнайы құралдармен қамтамасыз ету, оларды сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру, сатып алуды жоспарлау және қорлар құру;
прокуратура органдарының ғимараттары мен құрылыстарын күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
24) осы Конституциялық заңға, өзге де заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
25) өзіне заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Прокурордың өкілеттіктері
1. Прокурор өз құзыретіне сәйкес:
1) заңдылықтың сақталуына тексеріс, мониторинг жүргізуге, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасауға, күшіне енген актілерді бағалауға;
2) Осы Конституциялық заңда және өзге де заңдарда, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізуге;
3) Конституцияға, заңдарға және Президенттің актілеріне қайшы келетін құқықтық актілерге, меншік нысанына қарамастан органның, мекеменің, ұйымның, лауазымды не өзге де уәкілетті адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық білдіруге;
4) меншік нысанына қарамастан лауазымды және өзге де адамдар, органдар, мекемелер мен ұйымдар салған тыйым салу не шектеу сипатындағы шаралардың күшін жоюға немесе олардың күшін жоюды талап етуге;
5) сараптама тағайындауға;
6) уәкілетті органдардан прокуратураға келіп түскен материалдарды, өтініштерді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, заңдылықтың сақталуын мониторингілеуді, күшіне енген актілерді бағалау нәтижелері бойынша тексерістер жүргізуді және нәтижелері туралы прокурор белгілеген мерзімде хабарлауды талап етуге;
7) прокурор белгілеген мерзімде тексеріске, талдауға және қорытындылар беруге қатысу үшін арнаулы білімі бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандарын, аудиторлар мен сарапшыларды тартуға;
8) қадағалау қызметі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексерістерді жүзеге асыруға құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға;
9) жүргізіліп жатқан тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, заңдылықтың сақталуын мониторингілеу, күшіне енген актілерді және қаралып отырған жолданымды бағалау мәселелері бойынша лауазымды адамдардан, жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен түсіндірмелер шақыруға және алуға;
10) жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау, сондай-ақ өтініштерді қарау мәселелері бойынша мәліметтерді, ақпаратты, материалдар мен құжаттарды, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды, сондай-ақ азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, атқарушылық іс жүргізуді талап етуге;
11) прокурордың банктердегі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, өзге де органдардағы, мекемелер мен ұйымдардағы заңдылықтың жай-күйіне тексеріс не талдау жүргізу туралы қаулысына жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша мәліметтер алуға;
12) материалдар мен құжаттарды, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды алуды жүргізу туралы қаулылар шығаруға құқылы;
13) ақпаратқа, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерге және құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге, атқарушылық іс жүргізулерге және өзге де материалдарға, сондай-ақ жеке деректерді қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарына қол жеткізуге;
Көрсетілген ақпарат сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы автоматтандырылған режимде талап етілуі және алынуы мүмкін.
14) қамаққа алынған, сотталған не мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартылған адамдарға қатысты құжаттарға, оның ішінде жедел материалдарға, жеке және бақылау істеріне қол жеткізуге;
15) қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында тіркеудің техникалық құралдарын қолдануға;
16) лауазымды адамдар мен өзге де адамдардың жолданымдарын қарау, тексерістер жүргізу шеңберінде, егер олар адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса, актілерін, іс-қимылдарын үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұруға;
17) қызметтік куәлігін көрсету бойынша мемлекеттік, сот, құқық қорғау, арнаулы органдардың, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың объектілеріне, аумағына және үй-жайларына тексеріс жүргізу туралы қаулылар негізінде кедендік, шекаралық бақылау аймағына кедергісіз кіруге;
18) мемлекеттік, сот, құқық қорғау, арнаулы органдар, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар басшыларының және басқа да уәкілетті адамдардың оны кідіріссіз қабылдауын талап етуге;
19) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны өз іс жүргізуіне қабылдауға, жедел тергеу әрекеттерін жүргізуге, қылмыстық істі қылмыстық қудалаудың бір органынан алып қоюға, басқа органға жіберуге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуға не өзге де процестік шешім қабылдауға;
20) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға орындалуы міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
21) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттерін және (немесе) шешімдерін келісуге не бекітуге, процестік шешімдер қабылдауға;
22) айыптау актісін және басқа да процестік құжаттарды жасауға не бекітуге, процестік келісім жасасуға, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберуге;
23) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша адамдарды, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды жеткізудің, ұстаудың заңдылығын, сондай-ақ күзетпен ұстауда не бас бостандығын өзге де шектеумен қамауда отырған адамдарды ұстаудың тәртібі мен шарттарын тексеруге;
24) күзетпен ұстаудағы, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайына әсер ететін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігі актілерінің заңдылығын тексеруге, шешімдерінің күшін жоюға;
25) жазаларды орындайтын мекемелер әкімшілігінің сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы актілеріне санкция беруге және қарауға;
26) тергеу органдарының күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхаттарын қарауға;
27) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын адамның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары және жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар басшыларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға;
28) қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтаруға не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатуға;
29) прокурордың істі сотта талқылауға қатысуына қарамастан, заңды күшіне енбеген сот актісін қайта қарау туралы жоғары тұрған сотқа өтінішхат беруге;
30) заңды күшіне енген, Конституцияға, заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін сот актілеріне және өзге де актілерге наразылық келтіруге;
31) наразылық келтіру құзыретінің шегінен шыққан жағдайларда, жоғары тұрған прокурорға заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге;
32) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға тапсыруға;
33) мекемені жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен жедел есепке алу істерін келісуге;
34) қаржы мониторингісіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат алуға;
35) құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерінің, жедел есепке алудың және қарсы барлау қызметінің істерін, материалдарды, құжаттарды, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, басқа да қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;
36) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жедел есептері мен ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге;
37) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығына тексерістер жүргізуге және оларға заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен санкция беруге;
38) жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықтың бұзылуын анықтау және жолын кесу мақсатында прокуратура органдарының мамандарын және өзге де мамандарды арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тартуға;
39) заң бұзушылықтарды жою мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеріс жүргізуді талап етуге;
40) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс қозғауға, қарауға және іс жүргізуді тоқтатуға;
41) атқарушылық құжаттарды жазып берудің және орындауға келтірудің заңдылығын тексеруге;
42) қылмыстық жолмен алынған кірістерді шетелден қайтару, оның ішінде қылмыстық процестен тыс мемлекеттің мүдделерін білдіру мәселелері бойынша қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіруге;
43) қылмыстық істер бойынша адамдарды ұстап беру, өзара құқықтық көмек көрсету туралы, сотталғандарды не психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды беру туралы халықаралық шарттарды, сондай-ақ олармен байланысты құқықтық актілерді жасасуға және орындауға, прокуратура органдарының құзыретіне жататын өзге де халықаралық шарттарды келісуге;
44) өзінің ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне және Халықаралық ұйымдарға жіберуге;
45) қылмыстық қудалау мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда, шетелдік және халықаралық (мемлекетаралық) соттарда, шетелдік және халықаралық аралық соттарда (төреліктерде) қылмыстық жолмен алынған кірістерді қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруге;
46) заңдарда көзделген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.
2. Прокурор:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға;
3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін іске асыру үшін негізсіз кедергілер жасайтын прокуратура актілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және қабылдануына жол бермеуге;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін іске асыру үшін негізсіз кедергілер жасайтын прокуратура актілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және қабылдануына жол бермеуге негізделеді;
5) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған құжаттардың, мәліметтердің және өзге де ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;
6) қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексерісті жүргізуге;
7) қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға құқылы;
7) заңды күшіне енген сот актілерімен келіспеу туралы өтініштерді процестік заңнамада көзделген тәртіппен қарауға;
8) қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен тергеу және процестік әрекеттерді санкциялау туралы мәселені қарауға, Қылмыстық-процестік заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен тергеу органдарының күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхаттарын қарауға;
5) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын тексеруге;
6) заңсыз жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу іс-әрекеттерін тоқтатуға;
7) Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларында және жеке басының бостандығын шектейтін өзге де орындарда, гауптвахталарда, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелерде, арнаулы мекемелер мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңсыз жүрген адамдарды босатуға;
8) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулылары мен шешімдерінің күшін жоюға;
9) заңдарда көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
11-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Бас прокуратураның мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет:
1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізуді;
2) мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың заңдылығын қадағалауды;
3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәліметтерінің анықтығын, объективтілігін, тұтастығын және жеткіліктілігін қамтамасыз етуді;
4) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, тексерістер тағайындау туралы актілерді есепке алу және тіркеу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді;
5) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелер операторының, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің функцияларын;
6) заңнамада көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттері, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі әскери және көлік департаменттері бар және оны Төраға басқарады.
4. Осы салада мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың, арнайы есепке алу мен қадағалауды жүргізудің құқықтық негізі мен қағидаттары осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
12-бап. Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
1. Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарының білім беру ұйымы болып табылады:
1) ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдарды бастапқы кәсіптік даярлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін және кәсіптік деңгейін арттыруды жүзеге асырады;
3) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіреді және жүргізеді;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады;
5) құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
6) заңнамада көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:
1) Құқық қорғау органдары академиясының қызметіне басшылық жасайды;
2) Құқық қорғау органдары академиясының білім алушылары, бағынысты қызметкерлері және өзге де қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер және басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік актілер шығарады;
3) Құқық қорғау органдары академиясының алқалы және консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
4) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Әскери прокуратура органдары
1. Бас прокуратураның әскери прокуратурасы, өңірлік және гарнизондық әскери прокуратуралар Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіне кіреді және Бас Прокурорға бағынады.
2. Әскери прокуратура органдарын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор басқарады.
3. Бас әскери прокурор:
1) әскери прокуратура органдарының қызметіне басшылық жасайды;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар шығарады;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының үйлестіру кеңесін басқарады;
4) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары:
1) өңір прокуратурасының және гарнизонның қызметіне басшылық етеді;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін міндетті өкімдер шығарады;
3) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Әскери прокуратура органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының;
2) мемлекеттің қорғанысы және әскери қауіпсіздігі саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардың аумағында жүзеге асырылады.
6. Гарнизондар мен өңірлердің әскери прокурорлары бес жыл мерзімге, бірақ қатарынан екі реттен аспайтын мерзімге тағайындалады.
14-бап. Көлік прокуратурасының органдары
2. Бас көлік прокуроры:
1) көлік прокуратурасы органдарының қызметіне басшылық жасайды;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар шығарады;
3) көлікте Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесін басқарады;
4) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Аймақтық көлік прокурорлары:
1) өңірлік көлік прокуратураларының қызметіне басшылық жасайды;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін міндетті өкімдер шығарады;
3) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Көлік прокуратурасының органдары:
1) теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік және магистральдық құбыржол көлігі, ғарыш қызметі және кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінде;
2) лауазымды және өзге де тұлғалардың іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде), сондай-ақ олар қабылдайтын темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік және магистральдық құбыржол көлігі, ғарыш қызметі және кедендік реттеу саласындағы актілер мен шешімдерде;
3) көлік объектілері мен көлік инфрақұрылымына қатысты өзге де салаларда заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады.
4. Бас көлік прокуроры 5 жыл мерзімге, бірақ қатарынан екі реттен артық емес тағайындалады.
5. Аудандық прокурорларға теңестірілген көлік прокурорлары бес жыл мерзімге, бірақ қатарынан екі реттен аспайтын мерзімге тағайындалады.
15-бап. Облыстар мен оларға теңестірілген прокурорлар және прокуратуралар
1. Облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады.
2. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар:
1) облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне басшылық жасайды;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар шығарады;
3) прокуратура алқасын құрады, оның жұмыс Регламентін және алқа мүшелерінің мәртебесін айқындайды;
4) Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті үйлестіру кеңестерін басқарады;
5) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар бес жыл мерзімге, бірақ қатарынан екі реттен аспайтын мерзімге тағайындалады.
16-бап. Аудандық прокурорлар мен оларға теңестірілген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
1. Аудандық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратураларды Бас Прокурор тағайындайтын тиісті прокурорлар басқарады.
2. Аудандық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлар:
1) аудандық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін міндетті өкімдер шығарады;
4) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Аудандық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлар бес жыл мерзімге, бірақ қатарынан екі реттен аспайтын мерзімге тағайындалады.
3-тарау. ЖОҒАРЫ ҚАДАҒАЛАУ НЫСАНДАРЫ. СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН БІЛДІРУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ. ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ. ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ.
17-бап. Жоғары қадағалау нысандары
1. Жоғары қадағалау Қазақстан Республикасының атынан заңдылықтың жай-күйіне тексеру, талдау, заңдылықтың сақталуына мониторинг жүргізу, күшіне енген актілерді бағалау, жолданымдарды қарау арқылы жүзеге асырылады.
2. Тексерістерді тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, заңдылықтың сақталуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау тәртібі Осы Конституциялық заңда және Бас Прокурордың актілерінде айқындалады.
18-бап. Заңдылықтың сақталуын тексеру
1. Заңдылықтың сақталуын тексеру:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, Бас прокуратураның қызметтері мен департаменттері бастықтарының, Бас прокуратура ведомствосының, Бас әскери және көлік прокуратурасының бірінші басшыларының, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады;
2) Осы Конституциялық заңның 24-бабында көзделген тәртіппен қаралатын жолданымдар бойынша;
3) заңдылықтың жай-күйін талдау, заңдылықтың сақталуын мониторингілеу және күшіне енген актілерді бағалау нәтижелері бойынша;
4) заңдылықты бұзушылықтар тікелей анықталған жағдайларда;
5) тексерістің негізгі субъектісімен (объектісімен) өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша жүргізілетін үшінші тұлғаларды қарсы тексеру қажет болған кезде жүргізіледі.
2. Тексеріс отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап ету қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің ауқымды болуына байланысты оны жүргізу мерзімі отыз жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бас Прокурордың шешімі бойынша тексеріс жүргізудің неғұрлым ұзақ мерзімдері белгіленуі мүмкін.
3. Сараптама тағайындалған, шет мемлекеттерден, уәкілетті мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан мәліметтер мен құжаттарды алу қажет болған жағдайларда – оларды алғанға дейін, сондай-ақ тексеріс жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда тексеріс тоқтатыла тұруы мүмкін.
Қажет болған жағдайда прокурор жүргізілетін тексерістің нысанасын кеңейту туралы шешім қабылдауға құқылы, бұл туралы тексерілетін субъектінің басшысы хабардар етіледі.
4. Тексерісті жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) егер құжаттар, ақпараттар тексеріс нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
2) тексеріс жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кетуге;
3) адамдардың өмірі, денсаулығы, заңдылық пен қоғамдық тәртіп, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарлардың туындауына қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, тексерілетін субъектінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруге құқылы емес.
5. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарының ережелері қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы, адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі заңнамалары шеңберінде жүргізілетін тексерістерге қолданылмайды.
19-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау
1. Заңдылықтың жай-күйін талдау заңдылықтың жай-күйін бағалау мақсатында нақты мәселе бойынша не құқықтық қатынастар немесе заңнама саласындағы субъектілерге (объектілерге) прокурорлар бармай-ақ жүргізіледі.
2. Заңдылықтың жай-күйін талдау мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, прокуратура органдары ведомстволарының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының бірінші басшыларының, облыстар мен оларға теңестірілген прокурорлардың, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың тапсырмаларының;
2) заңдылықты сақтау мониторингісі нәтижесінің;
3) заңдылықтың бұзылуы туралы мәліметтер және прокуратура органдары басқа ақпарат көздерінен алған деректердің, оның ішінде жолданымдардың;
4) статистикалық деректердің;
5) мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерінің;
6) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар мен мекемелерден талап етілген ақпараттардың, құжаттардың және өзге де материалдардың негізінде жүргізіледі.
3. Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу туралы қаулы шығарылады. Заңдылықты бұзудың анықталған фактілері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады: прокуратура актілері енгізіледі, тексеру жүргізуге бастама жасалады, заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолдану талап етіле отырып, уәкілетті органдарға тапсырма жіберіледі.
4. Сараптама тағайындалған жағдайларда және талдау жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда талдау тоқтатыла тұруы мүмкін.
20-бап. Заңдылықты сақтау мониторингісі
1. Прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдардың статистикалық және өзге де деректерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың деректер базасы мен ақпараттық ресурстарынан, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерделеу нәтижелері бойынша заңдылықтың сақталуына мониторингіні жүзеге асырады.
2. Заңдылықты сақтау мониторингі жоспардан тыс негізде, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша:
1) жаппай сипаттағы жағымсыз құбылыстарды анықтау және құқық бұзушылықтардың профилактикасына және ұлттық профилактикасы тетіктерін жетілдіруге бағытталған шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды одан әрі әзірлеу;
2) құқықтық қатынастардың түрлі салаларындағы заңдылықты бұзу фактілері туралы деректерді растау не теріске шығару;
3) неғұрлым өзекті және әлеуметтік маңызы бар құқықтық құбылыстар бойынша жұртшылықтың прокуратура органдарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Заңдылықтың сақталуына мониторинг адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне төнген не қатер келтірілген фактілер бойынша жүргізіледі.
4. Заңдылықты сақтау мониторингісі субъектілерге (объектілерге), фото-және бейнетіркеуі бар аумақ учаскесіне бару, сондай-ақ әңгімелесу және жауап алу жүргізу арқылы жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу кезінде ұйымдардың коммерциялық қызметіне араласуға тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, жұртшылықтың және мемлекеттік органдардың өкілдері заңдылықты сақтау мониторингісіне қатысуға құқылы.
6. Заңдылықты сақтау мониторингісінің нәтижелері бойынша заңдылықты бұзушылықтар анықталған жағдайда, мынадай шешімдердің бірі қабылданады: тексеру жүргізуге, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасауға бастамашылық жасалады, заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау талабымен уәкілетті органдарға тапсырма жіберіледі.
21-бап. Күшіне енген актілерді бағалау
1. Прокуратура күшіне енген актілерге бағалауды зерделеу арқылы жүргізеді:
1) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдері;
2) Егер осы актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ шектелмеген адамдар тобына қатысты болса не жария сипатта болса, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдеріне қатысты қолданылады.
3) соттың (судьяның) үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын және өзге де актілерін, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қамтуға тиіс.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін бағалау қылмыстық процестік, қылмыстық-атқару, азаматтық процестік заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
22-бап. Сотта мемлекет мүддесін білдіру
1. Прокуратура органдары қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару, азаматтық процестік заңдарында, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
2. Прокуратура органдары, егер адамның және өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтың құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау талап етілсе, сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінуге немесе өз бастамасы бойынша процеске оның кез келген сатысында кіруге құқылы.
3. Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат берудің негіздері мен тәртібі қылмыстық іс жүргізу, азаматтық процестік заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасында айқындалады.
23-бап. Қылмыстық қудалау
Прокурор мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды тіркейді, қылмыстық істі өз іс жүргізуіне қабылдайды және тергеп-тексереді;
2) бағынысты не төмен тұрған прокурорға не қылмыстық қудалау органына қылмыстық-процестік заңда белгіленген тергеулілігіне қарамастан істерді тергеп-тексеруді тапсырады;
3) тиісті прокурорды осы топтың басшысы етіп тағайындай отырып, бір немесе бірнеше қылмыстық қудалау органдарының қарамағындағы не төмен тұрған прокурорлары, сондай-ақ тергеушілері мен жедел қызметкерлері қатарынан тергеу-жедел тобын құрады;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттерін және (немесе) шешімдерін келіседі не бекітеді, процестік шешімдер қабылдайды;
5) айыптау актісін және басқа да процестік құжаттарды жасайды не бекітеді, процестік келісім жасасады, айыпталушы сотқа береді және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
6) сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды;
7) қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
24-бап. Жолданымдарды қарау
1. Прокуратура органдары:
1) егер адамның және азаматтың физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, кәмелетке толмаған адамдарды, сондай-ақ шектелмеген адамдар тобын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, оның мүдделерін қорғау үшін;
2) адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;
3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруді болғызбау мақсатында;
5) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын заңдылықты бұзу фактілері бойынша;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;
7) Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша жолданымдарды қарайды.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымды қарау мерзімі оның прокуратура органдарына келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
3. Жолданымды дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан басқа мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан ақпарат алу қажет болған жағдайларда өтінішті қарау мерзімі прокуратура органы басшысының не оның орынбасарының дәлелді шешімімен қисынды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Жолданым бойынша тексеріс тағайындалған жағдайда, қарау мерзімдері оны жүргізу мерзімі ескеріле отырып айқындалады. Арыз иесіне аралық жауап жіберіледі. Түпкілікті жауап арыз иесіне тексеріс нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін он күн ішінде хабарланады.
4. Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы арыз иесіне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
5. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не ұлттық немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар жағдайларды қоспағанда, мұндай жолданымда иесі бүркемеленген жолданымдар прокуратура органдарында қарауға жатпайды.
6. Егер қайта жасалған жолданымдар жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе, ал осының алдындағы жолданымның материалдары бойынша арыз берушіге белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе, жолданымды қарау тоқтатылады.
7. Жолданымды қарау тәртібі аталған Конституциялық заңда, қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасында, әкімшілік сот ісін жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы заңнамаларда және Бас Прокурордың актілерінде айқындалады.
25-бап. Прокуратура органдарының шешімдеріне, актілеріне және лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейін реттеу
1. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне не прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым шешім қабылданған немесе әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарына беріледі және оны жоғары тұрған прокурор қарайды.
Мұндай шағымды қарау мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды.
2. Шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарау нәтижелері прокурордың шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көзделген тәртіппен сотқа шағым жасау үшін негіз болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптары қарау тәртібі қылмыстық- процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасында, әкімшілік сот ісін жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы заңнамаларда белгіленген шағымдарға қолданылмайды.
26-бап. Прокурор қызметінің құқықтық кепілдіктері
1. Прокурордың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі жасау немесе оның заңсыз шешім қабылдауы мақсатында оған қандай да бір нысанда ықпал ету заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, прокурорды өз өкілеттіктерін орындау кезінде жеткізуге, қамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкімшілік ұстауға, жеке басын тексеруге, оның заттары мен ол пайдаланатын көлікті жете тексеруге болмайды.
3. Прокурор жасаған құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды, арызды не баянатты кез келген тексеріс, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурормен келісу бойынша жүзеге асырылады.
4. Прокуратура органдарының қызметін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың ұйымдастыруын тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Прокурордың заңдылықтың жай-күйін тексеру, талдау, заңдылықтың сақталуын мониторингілееу, күшіне енген актілерді, қаралатын өтініштерді бағалау және өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберіндегі талаптары мен сұрау салулары жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті.
6. Талап етілетін ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар прокуратура органдарына прокурор айқындаған нысандарда, тәртіппен, сондай-ақ мерзімдерде, бірақ кемінде үш жұмыс күні беріледі.
7. Қажет болған жағдайларда, адам өмірі, денсаулығы, қоғам мен мемлекет мүдделері үшін орны толмас салдарларды, заңдылық пен құқық тәртібін жаппай бұзуды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіруді болғызбау мақсатында сұратылған ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу ұсынылады.
8. Прокурор өзінің іс жүргізуіндегі материалдардың, актілердің, сот істері мен жолданымдардың мәні бойынша қандай да бір түсініктеме беруге, сондай-ақ оларды заңдарда көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа жағдайларда танысу үшін біреуге беруге міндетті емес.
9. Іс жүргізуінде жатқан прокурордың рұқсатынсыз тексерістер мен істердің материалдарын жария етуге ешкімнің құқығы жоқ.
10. Жүргізілген тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, заңдылықтың сақталуын мониторингілеу, күшіне енген актілерді, қаралатын жолданымдарды бағалау және прокурордың талап етуі бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру шеңберінде жеке және лауазымды адамдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан органдардың, мекемелер мен ұйымдардың өзге де өкілдері түсініктемелер беру үшін келуге міндетті.
11. Прокуратура органдарына шақыру, төтенше жағдайлар туындаған немесе осы жағдайлар кезінде болмай қоймайтын мән-жайларды қоспағанда, уақтылы келу үшін жеткілікті мерзімдерде хабарлама (хабарлама) жіберу арқылы жүргізіледі.
12. Хабардар ету (хабарлама) телефонограммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарламамен немесе электрондық мекенжай бойынша, оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар жеделхатпен немесе тапсырысты хатпен не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.
13. Шақырылған адам шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін себептер туралы шақырушы прокурорды алдын ала хабардар етуге міндетті.
14. Жеке және лауазымды адамдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан органдардың, мекемелер мен ұйымдардың өзге де өкілдері дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың, олардың орынбасарларының, аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.
15. Прокурордың күштеп әкелу туралы қаулысын ескере отырып, ішкі істер органы орындайды.
16. Жеткізуді түнгі уақытта жүргізуге болмайды.
17. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және он сегіз жасқа толмаған адамдар, олардың заңды өкіліне хабарлауынсыз, жүкті әйелдер, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты өзінің болатын орнын қалдыра алмайтын немесе қалдырмауға тиіс адамдар күштеп әкелуге жатпайды, мұны дәрігер куәландыруға тиіс.
18. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талап етуі бойынша дәлелсіз себептермен келмей қалу заңдарда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
4-тарау. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ АЛҚА. ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСУ.
27-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
1. Прокуратура заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті, оның ішінде Бас прокуратураның, Бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жанынан құрылатын Үйлестіру кеңестері арқылы үйлестіреді.
2. Үйлестіру кеңестерінің шешімдерін қатысушы мемлекеттік органдар бірлескен, ведомстволық құқықтық актілер шығару және (немесе) тиісті іс-шараларды жүзеге асыру арқылы іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылық қатерін, заңдылық пен құқық тәртібін жаппай бұзуды болдырмау мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар прокурорды барлық оқиғалар жөнінде дереу хабардар етуге міндетті.
28-бап. Прокуратураның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өзара іс-қимылы
1. Адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында прокуратура өзара іс-қимыл жасайды:
1) меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мекемелермен және олардың лауазымды адамдарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге де ұйымдармен;
2) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге жүргізеді және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.
2. Прокуратура органдарының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру шеңберінде жүзеге асырылады.
29-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар
1. Прокуратура органдарының жүйесінде алқалар құрылады.
2. Алқа жұмысының регламентін, оның құрамын прокуратура органдарының бірінші басшылары айқындайды.
3. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметінің мәселелері, сондай-ақ Бас Прокурордың, прокуратура органдарының бірінші басшыларының қалауы бойынша мүдделі тұлғалардың қатысуымен алқалы түрде қарауды талап ететін заңдылықтың анықталған бұзушылықтарына байланысты өзге де мәселелер қаралады.
4. Алқаның шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және прокуратура органдарының бағынысты қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
30-бап. Заң шығару қызметіне қатысу
Прокуратура органдары заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) өз құзыреті шегінде уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңнаманы оның қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жаңа қажеттіліктеріне сәйкестігі тұрғысынан жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді;
2) прокуратураның құзыреті мен функцияларын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олардың мемлекеттің құқықтық саясатына, Конституцияға және заңнамалық актілерге сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізеді;
3) Бас прокуратураның прокурорлардың қадағалау қызметі барысында анықталатын қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің кемшіліктері туралы ұстанымын Парламентке және оның палаталарына жібереді;
4) құқық шығармашылығы қызметінде Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
5-тарау. ПРОКУРАТУРА АКТІЛЕРІ
31-бап. Прокуратура актілерінің жүйесі
1. Прокуратура актілерінің жүйесін мыналар:
1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы, нұсқама;
2) прокурорлық ден қою актілері: қолдаухат, арыз, өтініш, заңды бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме;
3) шығару тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларымен реттелетін қылмыстық қудалау актілері;
4) прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және басқалар құрайды.
2. Прокурорлық қадағалау актілері мен қылмыстық қудалау актілері қарау үшін міндетті, ал заңда тікелей көзделген жағдайларда орындау үшін міндетті.
3. Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілгеннен кейін актіде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған адамдарды тарту мерзімдері акт жіберілген күннен бастап тоқтатыла тұрады.
32-бап. Санкция
1. Прокурор заңда белгіленген жағдайларда жекелеген, оның ішінде құқық шектеу сипатындағы әрекеттерді жасауға, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтер алуға санкция (келісім) береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкцияны сұратуға негіз болған материалдарды зерделегеннен кейін лауазымды адамның қаулысына қарармен және қол қоюмен ресімдейді.
3. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді алуға байланысты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, көрсетілген іс-әрекеттерге санкция (келісім) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.
33-бап. Нұсқау
1. Прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не қылмыстық қудалау органы басшысының тергеу әрекеттерін және процестік шешімдерді жүргізу туралы, сондай-ақ тиісті процестік шешімдерді қабылдауы туралы талаппен қылмыстық қудалау органдарының процестік қызметі;
2) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеріс жүргізу;
4) атқарушылық іс жүргізу;
5) жазаларды орындау;
6) прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерістер;
7) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері;
8) заңда белгіленген өзге де жағдайлар бойынша жазбаша нұсқаулар береді.
2. Прокурордың өз құзыреті шегінде берген нұсқаулары орындау үшін міндетті.
34-бап. Ұсыну
1. Прокурор өз құзыреті шегінде:
1) заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы;
2) қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
3) заңда белгіленген өзге де жағдайларда ұсыну енгізеді.
2. Ұсынуды лауазымды адам немесе орган күнтізбелік отыз күн ішінде, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде қарауға және орындауға тиіс.
Прокурор ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсынуды қарау уақыты мен орны туралы ұсынуды қарау күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорды хабардар етуге тиіс.
Ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ұсыныс қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде прокуратураға хабарланады.
35-бап. Қаулы
1. Прокурор:
1) қылмыстық-процестік заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген жағдайларда;
2) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;
3) жеткізу туралы;
4) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы;
5) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы,
6) алу іс жүргізуі туралы;
7) тексеріп қарауды жүргізу туралы;
8) құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру туралы;
9) заңдылықтың жай-күйіне тексеру, талдау, заңдылықтың сақталуына мониторинг жүргізу туралы;
10) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ олардың лауазымды және өзге де адамдары салған тыйым салу не шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою туралы,
11) тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою туралы;
12) лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не жолданымды қарау аяқталғанға дейін үш жұмыс күніне дейін тоқтата тұру туралы;
13) бақылау және қадағалау органдарының тексерісін тіркеуден бас тарту туралы;
14) сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою туралы;
15) прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы;
16) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда қаулы шығарады.
2. Прокурордың қаулысы ол белгілеген мерзімде міндетті түрде орындалуға жатады. Қаулыға шағымдану оның қолданылуын тоқтата тұрмайды.
36-бап. Наразылық
1. Прокурор Конституцияға, Республика бекіткен халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін актілерге, заңды күшіне енген актілерге, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді.
2. Заңсыз акт, шешім қабылдаған органға, мекемеге, лауазымды немесе өзге де уәкілетті адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтіріледі. органның, мекеменің, лауазымды немесе өзге де уәкілетті адамның заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық дәл осындай тәртіппен жасалады.
3. Прокурордың наразылығын тиісті орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиіс.
Прокурор наразылықты қараудың ол бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттігіне байланысты өзге де, бірақ кемінде үш жұмыс күні мерзімін белгілеуге құқылы.
Наразылықты қарау нәтижелері туралы дереу прокурорға жазбаша нысанда хабарланады. Наразылықты оны қарағанға дейін оны келтірген не жоғары тұрған адам кері қайтарып алуы мүмкін.
Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
4. Наразылықта прокурор заңсыз актінің күшін жоюды не оны Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентінің актілеріне және республика ратификациялаған халықаралық шарттарға, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіруді, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекетін (әрекетсіздігін) тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.
5. Наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген мамандандырылған прокурорлар наразылық білдірілген құқықтық актінің не әрекеттің (әрекетсіздіктің) орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
6. Сот актілеріне наразылық келтіру негіздері, тәртібі, мерзімдері осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен айқындалады.
37-бап. Өтінішхат
Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты прокурор Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.
38-бап. Жолданым
1. Егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына не өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмаса, сондай-ақ кәмелетке толмаған адам, егер осындай адамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға арналған заңды өкілдері немесе органдары тиісті түрде жүзеге асырмаса, прокурор адамның мүддесі үшін арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуге құқылы.
2. Заңды тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесі үшін:
1) шектелмеген адамдар тобының құқықтарын қорғау үшін;
2) қоғам немесе мемлекет үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтарды жою үшін;
3) қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау қажет болған кезде, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті мемлекеттік орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе, сондай-ақ мұндай орган болмаған жағдайларда;
4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ұйымды экстремизмді және (немесе) терроризмді жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым сала отырып, экстремистік және (немесе) террористік деп тану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және таратылатын және экстремизм және (немесе) терроризм белгілері бар ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, оларды экстремистік және террористік деп тану туралы;
5) заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда арызды (талап қоюды) сотқа береді.
3. Прокурор арызды (талап қоюды) мүдделі адамның өтінішіне қарамастан сотқа беруі мүмкін.
4. Прокурорлық қадағалау актілері қабылданбаған, олар қараусыз қалдырылған не онда көрсетілген талаптар орындалмаған кезде прокурор органдар мен лауазымды адамдардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілерін заңсыз деп тану және прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындау туралы арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінеді.
5. Прокурордың арызына (талап қоюмен) мемлекеттік баж және өзге де алымдар салынбайды.
39-бап. Үндеу
Бас Прокурор және оның орынбасарлары, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, аудандық прокурорлар мен оларға теңестірілген өзге де прокурорлар заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға үндеу жасауға құқылы.
Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып немесе өзге де жария тәсілмен таратылады.
40-бап. Нұсқама
1. Заңдылықтың бұзылуын жою туралы нұсқаманы прокурор енгізеді және ол заңды бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға не жол берілген бұзушылықты жоюға құқылы органға немесе лауазымды адамға жіберіледі.
2. Нұсқама, егер заңдылықты бұзу айқын сипатта болса және заңдылықты бұзушылықтарды дереу жоюды талап етсе не адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруі, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігін бұзу қатері төнген жағдайларда енгізіледі.
3. Нұсқама нормативтік құқықтық актілерге енгізілмейді.
4. Нұсқамада Конституцияның, заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және өзге де заңнамалық актілердің бұзылған нормалары, құқық бұзушылықтың сипаты және бұзушылықты жою жөніндегі шаралар туралы нақты талаптар көрсетілуге тиіс.
5. Нұсқама прокурор белгілеген мерзімде міндетті түрде орындалуға жатады. Ұйғарымның орындалғаны туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың нұсқамасын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
41-бап. Заңды бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру
Құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша, ауызша не жария нысанда түсіндіреді және оларға заңда белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.
42-бап. Прокуратура актілерін жариялау
1. Бас Прокурордың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнаманың талаптары сақтала отырып, ресми жариялануға тиіс.
2. Өз қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету үшін прокуратура органдары органдар мен лауазымды адамдардың адамның және азаматтың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін бұзатын заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне прокуратура актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.
43-бап. Прокурордың іс-әрекеттері мен қадағалау актілеріне шағым жасау
1. Прокурордың іс-әрекеттері мен қадағалау актілеріне жоғары тұрған прокурорға не сотқа осы Конституциялық заңда және өзге де заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Қадағалау актілеріне және прокурордың іс-әрекеттеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
3. Прокурордың іс-әрекеттеріне немесе қадағалау актілеріне шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін жоғары тұрған прокурор олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
4. Жоғары тұрған прокурор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымы бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінің күшін жоюы, кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе өзгертуі мүмкін.
6-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
44-бап. Прокуратура органдары кадрларының құрамы
1. Прокуратура органдарының кадрларын прокурорлар және өзге де қызметкерлер құрайды.
2. Прокурор – прокуратура органдары жүйесіндегі қызметте тұрған, офицерлік құрамның сыныптық шені немесе әскери атағы берілген Қазақстан Республикасының азаматы.
3. Прокуратура органдарының өзге қызметкерлеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, қатардағы және сержанттық құрамның әскери қызметшілері, азаматтық қызметшілер және еңбек шарты бойынша қызметкерлер жатады.
4. Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес шекті сыныптық шендерді немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
5. Прокурорлар осы Конституциялық заңда көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.
7. Әскери прокуратура органдарының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әскери департаментінің прокурорлары, қатардағы және сержанттық құрамның әскери қызметшілері осы Конституциялық заңда көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген мәртебеге ие болады, құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
8. Прокуратура органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері осы Конституциялық заңда көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.
9. Әскери міндетті прокурорлар прокуратура органдарында арнайы есепте тұрады.
45-бап. Прокурорларды құқықтық қорғау және әлеуметтік қолдау шаралары
1. Тұрғынжайға мұқтаж прокурорлар мен олардың отбасы мүшелері қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
Тұрғын үйге мұқтаж прокурорға қызметтік тұрғын үй берудің орнына бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түріндегі тұрғын үй төлемдері төленеді.
2. Бір елді мекеннен екінші елді мекенге елу километрден астам қашықтыққа қоныс аударуға әкеп соққан прокурор ауысқан және қызметі бойынша жоғарылаған жағдайда, оған прокурордың өзіне екі айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде және онымен бірге көшіп келген отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Прокурордың қызметі бойынша ауысқан және жоғарылаған кезде оған мемлекет есебінен он тоннаға дейін жеке мүлкін тасымалдағаны үшін, сондай-ақ онымен бірге көшкен отбасы мүшелерін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігімен жол жүргені үшін шығындар өтеледі.
Прокуратура органдарының қызметі бойынша ауысқан және жоғарылаған кезде прокурорларға көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін шығындарды өтеуге құқық беретін лауазымдар тізбесін Бас Прокурор айқындайды.
3. Прокуратура органдарының прокурорлары мен зейнеткерлері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Үкімет айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
4. Еңбек сіңірген жылдары бойынша, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығымен прокуратура органдарынан шығарылатын, құқық қорғау немесе әскери қызмет өтілі кемінде жиырма бес жыл, оның ішінде прокуратура органдарында кемінде он бес жыл өтілі бар прокурорларға жиырма төрт айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
5. Прокуратура органдарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығымен босатылған, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) және қызметке жарамсыз деп танылған прокурорлардың салтанатты іс-шаралар мен ресми қабылдауларда нысанды киім киіп жүруге құқығы бар.
6. Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы, терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде, қарулы қақтығыс жағдайларында, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде прокурорды тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде өзіне жүктелген міндеттерді орындауға тартуға: қызмет уақыты режимін өзгертуге, оған қосымша міндеттер жүктеуге, басқа жерге іссапарға жіберуге, басқа жерге уақытша ауыстыруға қызмет сипатын өзгертпестен, сондай-ақ қызметкердің келісімінсіз өзге де ерекше жағдайлар мен қосымша шектеулерге жол беріледі.
Бұл жағдайларда прокурордың қызмет ету мерзімі үш күн үшін бір күн есебінен есептеледі және үш еселенген мөлшерде ақшалай қамтылым төленеді.
46-бап. Прокуратура органдары кадрларының еңбегіне ақы төлеу және оларды зейнетақымен қамсыздандыру
1. Прокурорлардың және прокуратура органдарының өзге де қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
2. Прокурорларды зейнетақымен қамсыздандыру Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Прокуратура органдарынан еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін алу құқығымен шығарылатын прокурорлардың зейнетақы қорында сақталатын Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға құқығы бар.
4. Прокуратура органдарында кемінде жиырма бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар прокуратура органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Бұл ретте, прокуратура органдарындағы мемлекеттік қызмет өтілі зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін прокуратура органдарындағы қызмет өтіліне теңестіріледі.
6. Прокуратура органдарында кемінде жиырма жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге зейнеткерлікке шыққан кезде он бес айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
47-бап. Прокуратура қызметін қаржыландыру
1. Прокуратура қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Прокуратура бюджеті прокуратура органдарының конституциялық функцияларын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
3. Прокуратура органдары жүйесінің шығыстары өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджетте белгіленген барлық мемлекеттік органдардың 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың жалпы сомасының кемінде 6,5 пайызын құрайды.
4. Республикалық бюджетті нақтылау, республикалық бюджетті түзету немесе секвестр жүргізу нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың жалпы сомасы төмендеген жағдайда республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген прокуратура жүйесіне арналған шығыстардың мөлшері азайтылуға жатпайды.
5. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте белгіленген прокуратура органдары жүйесіне арналған шығыстар секвестрлеуге жатпайды.
6. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау, түзету кезінде республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген прокуратура органдары жүйесіне арналған шығыстар азайтылуға жатпайды.
7. Прокуратура органдары жүйесінің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген шығыстар лимиті белгіленбейді.
8. Прокуратура органдары жүйесінің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің бюджеттік өтінімі өзгерістер енгізілмей, республикалық бюджет жобасына енгізіледі.
48-бап. Қызметтік куәліктер және мөр
1. Бас Прокурорға, Бас Прокурордың орынбасарларына, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрағасына белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі береді.
2. Бас Прокурор, прокуратура органдарының басшылары бағынысты қызметкерлерге белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктер береді.
3. Қызметтік куәлік прокурордың жеке басын, оның сыныптық шенін немесе әскери атағын, лауазымын, атыс қаруын және өзге де қаруды алып жүру және сақтау құқығын растайтын құжат болып табылады.
4. Прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде өз атауы жазылған мөрлері болады.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
49-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі және прокурорлар қызметінің онымен байланысты ерекшеліктері
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Конституциялық Заңның 15 және 16-баптарының 3-тармақтарының күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады.
50-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар.
«Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті