ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА ШЕШІМІН ТАБУДА

978 көрілім

Сауран ауданы бойынша жыл басынан бері 80 қоғамдық қабылдау өтіп, 279 азаматтардың арыз шағымдарын қабылдап қазіргі таңда 147 (53%) азаматтардың өтініштерінің оңтайлы шешімі шықты. «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген азаматтар жұмыс мәселесімен және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың өтініштері жиі келіп түседі.

Тұрғындарды облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттармен бетпе-бет жүздестіру және өтініштерді оңтайлы шешу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өтуде.

Жыл басынан бері 150-ге жуық отбасы, әлеуметтік көмек сұрап қабылдауға келген.
Атап айтар болсақ, Қарашық ауылының тұрғыны жалғызбасты ана, зейнеткер Ф. Нигамаева келіп жалғыз тұратындығын және тұрып жатқан үйінің шатыры жарамсыздығынан жауын шашын жауса шатырынан су ағып, көрпе төсектің барлығын былғайтындығын айтып шатырын ауыстыруға ықпал жасауын сұраған болатын. Қарашық ауылының тұрғыны зейнеткер,жалғызбасты ананың өтінішін қарап облыстық мәслихаттың депутаты Н.Атаева зейнетекер ананың үйін күрделі жөндеуден өткізіп берді. Атап айтқанда, үйінің шатырын,іші-сыртын, сыртқы қоршауын реттеп берді.
Сонымен қатар аудандық мәслихаттың депуттатарыда тұрғындардың өтініштерін жерге қалдырмай азық-түлік себетімен т.б көмектер көрсетті. Жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы