ДӘСТҮРЛІ МЕДИАНЫ ДӘРІПТЕУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

664 көрілім

Арқалағаны алтын болғанымен жегені таяқ болған маман иелері- журналист екендігі баршамызға мәлім. Қаламын қару қылып асынып, өз жұмысына білек сыбана кірісе кететін бұл маман иелерін төртінші билік өкілдеріне жатқызуы да тегін емес. Өйткені, оларға артылған жүктің салмағы едәуір ауыр.

Уақыт көшін алға тартқан сайын жаңару, жандану. Ғылым мен техниканың дамыған осынау  заманында жастардың журналистика саласына деген қызығушылығы ерекше. Бұл, әрине көңіл қуантарлық жайт. Десе де, журналистика саласына оқуға түскен талапкерлердің басым көпшілігі неліктен телевизия саласына айрықша құмартады? Не үшін газет журналистикасына көп жастың жүрегі дауаламайды? Қазіргі заманда журналист болу қаншалықты оңай? Жастарды газет-журналға қалай қызықтырамыз? Міне, осы сынды сауалдар көпшіліктің көңіліне кірбің ұялатып қана қоймай, газет журналистикасына деген жанашырлық сезімінің одан әрі ұлғаюына сеп болады.

Журналистика факультетіне түскен студенттерге «Журналистиканың қай саласын таңдайсыз?» деген сауал қоятын болсақ, 99 %-ы тележурналистика дейді. Ал, газет журналистикасына кім барады? Тележурналистикаға жастардың қызығуына не себеп? Керемет кескін-келбетімен елге танылума, әлде ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргендегісіме, бәлкім шынымен телевизия саласына өзіндік жолын қалыптастырғысы келетіндер ме кім білсін!? Бірақ,оларға  газет-журналға телміріп, қағаз бен қаламды шимайлап мақала жазғаннан камера алдында сөйлеген жеңілірек. Осының салдарынан қазақ газет журналистикасы құнын жоғалтып құлдырап келеді.

Қазіргі таңда “медиа” ұғымы екіге бөлініп жаңа медиа және дәстүрлі медианы қамтитын болды. Жаңа медиа дәстүрлі медианы заманауи технологиялармен  жаңаша түрде жеткізу болып саналады. Бәлкім, осы себептен жастардың жаңа медиаға деген қызығушылығы басым. Жаңашылдықты жастардың қашанда жаны сүйеді. Қазіргі таңда, дәстүрлі медиға жастарды ғана емес оқырмандарды да қызықтыру қиындық тудырады. Технологияның дамуына байланысты жаңа медианың пайда болуы дәстүрлі медианы әлсіретіп қана қоймай шетке ығыстырып тастады.

Дәстүрлі медианың өкілі ретінде газетті алсақ, жаңа медианың өкілі ретінде сайтты алайық. Газет пен сайтты салыстырғанда сайт әлдеқайда жылдамдық танытады. Газет аптасына, айына 1 рет шығуына байланысты уақыт жағынан ұтылуы мүмкін. Екеуі де белгілі бір ақпаратты жеткізуші, хабарлаушы. БАҚ-ның қай саласы болмасын мақсаты бір, оқырманға, тыңдарманға, көрерменге жеткізуі әртүрлі бағытта. Архивтегі запистер немесе сайтта жарияланған құнды деректеріңіз өшіп кетпеуіне кім кепіл. Ал, газет бетінен жарық көрген материалыңыз ешқашан өшпейді.

Телевизия және газет басылымдарында жаңалық таратуда қайсысы ұтымдырақ екенін журналистерден сұраған едік.

«Мен телевизияға келмес бұрын көптеген сайттар аштым, газеттер басқардым.Қазіргі таңда дәстүрлі БАҚ , жаңа медиа барлығы да жұмыс жасап жатыр. Оларды бір-бірімен байланыстыру керек. Газет журналистикасы ақсап тұрғаны рас. Бірақ қазір, дәстүрлі БАҚ-ның мүмкіндігін, оның сауаттылығын, оның тәжірибесін жаңа медиамен ұштастырып пайлаланып жүргендер көп. Мойындау керек, газетті көп адам оқымайды.  Кімнің қолында смартфон бар, соның оқуға мүмкіншілігі бар. Газетте қате материал жариялауға болмайды, барлығы сауатты. Жас жуын, болашақ журналистер алдымен газетте жұмыс істегені дұрыс. Бүгінде блогерлер көбейіп кетті. Оларды сауатсыз, жәй ғана бопсалаумен күнін күнелтіп жүргендер деп айтуға болады., Медиа сауаттылықты бірінші орынға қою керек. Кез келген саланың өз мәдениеті бар. Сол мәдениет өз деңгейіне көтерілмей түрлі бағытта өрбиді. Мәдениетсіздіктен, білімнің жоқтығынан адам өлімімен аяқталып жатқан жағдайлар жоқ емес. Әлеуметтік желіге кіргенде көп байқайтыным, жастардың көбі жазуға келгенде сауатсыз болып жатады. Оның алдын алу үшін мектеп қабырғасынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы оқу керек. Газет саласында қанша жыл істеген тәжірибем бойынша айтарым, тек мемлекеттің мойнына іліп қоймай, кәсіби ортаға бейімделуіміз керек. Газетті 100% мемлекеттентен қаржыландырмай, жарым жартылай тәуелсіз болу керек немесе 100% тәуелсіз болу керек»,-дейді журналист, «Turkistan Media Holding» орталығының басқарушы директоры, медиа менеджері Тельман Бейсенов.

«Жаңалық таратуда бәрінің өзіндік орны бар. Тележурналистика да,радиода да, газет, сайт, интернет барлық форматта жаңалық таратады. Газетке берілген ақпараттар несімен ұтымды!? Көзбен ақпарат қабылдайтындарға, тұрақты оқырмандарға, кітапханаға жиі баратын  адамдар үшін тиімді.

Алғаш телевизия 60-шы жылдары КСРО кезінде  пайда болған. Сол кезде орыс ғалымдары, медиа зерттеушілері Я.Засурский, Ш.Рашидов « Міне телевидение қарыштап дамып келе жатыр, газетті жұтатын түрі бар» деген. Бірақ газет оқитын адамдар, газет түрінде ақпаратты қабылдайтын адамдар бәрібір сақталды. Теледидар өз алдына бір бөлек, оны да қарайды. Қазір медианың барлық электронды сайттары алға шығып кетті. Телевидение таңғы 08:00 ден алғашқы хабарын таратып,  ең қорытынды жаңалықты кешкі сағат 21:00 де береді. Қазір 08:00 де ол жаңалықтар ешкімді қызықтырмауы мүмкін. Себебі, сайттар алға озып тұр. Қазір ең ұшқыры жаңа медта, интернет журналистика. Оны «супер жылдамдық» дейді. Қазір адамдар газетті көп оқи бермейді . Бірақ түбінде оқуға ораламыз. Германия, Жапония сияқты елдер де газетті оқитындар өте көп. Ол мемлекеттерде метрода да, аялдамада да, газет оқиды, көлік ішінде де кітап оқиды. Телефонға телмірмейді. Меніңше түбінде біз оқуға ораламыз»,-дейді журналист, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр-оқытушысы Әтіргүл Тәшім.

Жаңа медиа мен дәстүрлі медиа бір-бірін толықтырып қатар жүруі тиіс. Не үшін дәстүрлі медианы дәріптеуіміз қажет? Газет журналистикасының тарихы онсызда бәрінен ерте бастау алды.  Газет журналистикасы өз тақырыбы бойынша сарқылмайды, оның жанрлық ауқымы үлкен. Мен медианың 2 түрін де қолдаймын.Сол себепті сайт және оған сәйкес газетті көбейту керек деп ойлаймын. Болашақ журналистерді де журналистика бағытын таңдауда жаңылмауға шақырамын. Дәстүрлі медианың дәмін татпай, бірден жаңаға ұмтылуға асықпайық.

Зере МАХАМБЕТӘЛИЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы