БАТЫСТАН КЕЛГЕН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? БАЛАПАНДАРЫҢЫЗ БАЛАПАНДЫ ЖИІ КӨРЕДІ МЕ?

1  216 көрілім

Теледидар көрермендерінің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екені анық. Расымен де, әдетте ертегі әлемін жанындай жақсы көретін балапандар үшін көк жәшіктен көрінген жалт-жұлт еткен жарнамадан бастап, басқа да қызықты мультфильмдерге дейін сүйікті ермегіне айналған. Теледидар ғана емес түрлі әлеуметтік желіден, you tube  платформасынан да мультик тамашалайтындары да жасырын емес. Әсіресе шетелдік мультфильмдердің сұранысы қазақ мультфильмдерге қарағанда әлдеқайда жоғары. 

Батыстан келіп жатқан анимациялық фильмдер шытырман түрлі оқиға желісінде құрылған, біріне-бірі ұқсамайтын туындылар. Әдепкіде кейіпкерлерін “бұл не? ” деп түсінбеуі мүмкін. Ал, енді олардың мән-мағынасына үңілейік. 

 Көрерменге құбыжық  түрімен танылған “Шрек” мультфильмі. Бұл анимациялық фильмді сіз де көріп өскен шығарсыз. Мульфильм көрерменге 1997 жылы жол тартса да, көп нәрсе заманауи өмірден алынған. Басты кейіпкер рөлін сомдаған “Шрек” сырт келбеті ұсқынсыз көрінеді. Дегенмен, бұл мультфильмнің басты мақсаты адамның сырт келбетіне емес, ішкі жан дүниесіне үңілу. Сонымен қатар, отбасы ең жақын адамдар екенін түсіндіреді. Осының нәтижесінде “Шрек” мультфильмі ағылшындардың алтын архивіне бір емес, екі рет енген. 2001 және 2004 жылдары Канн фестивалінде жалғыз мультипликациялық фильм ретінде үлкен мәртебеге ие болды.

 Енді “Наруто” мультфильміне тоқталайық. 1991 жылы алғашқы тарауы  жарық көрген “Наруто” мультфильмі Жапонияның өзінде де, басқа елдерде де өте танымал. “Нарутоның” сюжеті ойдан құрастырылған, феодалдық Жапонияны еске түсіретін жалған әлемде өрбиді.“Наруто” кішкентайынан жалғыз өседі. Оның басты арманы “хокагей” болу. Ол дегеніміз бір ауылдың биі болу. “Наруто” есейгенше түрлі қиындықтарды басынан өткереді. Тіпті, жан досым деп жүрген адамның өзі оған қанша сатқындық жасаса да, ол оған ешқашан жамандық жасамайды. Ақыр соңында, бәрін жеңіп, өз арманына жетіп “хокагей” болады. 

Кішкентай ханшайымнан бастап, ересек қыз баласына дейін қызыға тамашалайтын «Ақшақар және жеті ергежейлі (Белоснежка и семь гномов) »  мультфильмі, ертегі желісінде түсірілген анимциялық фильм. Ақшақар – ойдан шығарылған неміс патшалығының жас ханшайымы.  Өте әдемі, қылықты және мейірімді.  Ол зұлым өгей шешесі патшайымнан жеті гноммен жасырынған. Өгей анасы өте өзімшіл болады. Қызының әдемілігін көре алмайтын, қызғаншақ, өзім деп қалған адам болады. Өзім өзім деген адам ешқашан жақсылыққа бармайды. Ақыр соңында өзі қазған орға өзі түседі. Кейінірек ол ханзада Фердинандқа үйленді.

 Шетелдік мультфильмдер алғаш көрінгенде шымшытырық оқиға болып көрінгенімен мән беріп көрсеңіз оның да астарлап түсіндіріп жатқан дүниесінің бар екендігіне көзіңіз жетеді. Батыстан келген фильмдер біздің менталитетке жат болғандықтан олар біздің отандық фильмді түсінбеуі мүмкін, біз олардыкын түсінбеуіміз мүмкін. Отандық мультфильмдерге келетін болсақ отандық Балапан телеарнамызда тіпті кішкентай сәбиге арналған баладан ересек жасөспірімдерге дейінгі арналған мультфильмдер көрсетіледі. Жас ерекшелігі 2 жастан бастап 18 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Барлығыда өз жасына сай түсірілген.

 Балалар мен жасөспірімдер отандық және шетелдік мультфильмдерді қаншалықты жиі көретіндігін сұраған едік. Пікірлерімен бөлісейік.

Мағжан Болатбек, 12 жаста: «Мен «Балапан» телеарнасын мүлде көрмеймін. Маған шетелдік мультфильмдер көрген ұнайды. Тіпті, мультфильмнің өзін көретіндер де қазір азайып бара жатыр. Өйткені, қазір ересектерге дейін көретін анимациялық фильмнің  жаңа түрі «аниме» пайда болды. Мен көбіне волейбол туралы аниме көремін. «Десантик Степочкин», «Фердинанд», «Король лев» және тағы да басқа көптеген шетелдік мультфильм көргенді ұнатамын».

 Сәуле Саматқызы, 11 жаста: «Мен «Балапан» телеарнасының тұрақты көрерменімін. Әрбір бағдарламасын асыға күтемін. Онлайн оқу кезінде де, осы телеарнадан мектептегі пәндерді тереңірек түсіндім, әрі сабаққа деген қызығушылығым артты. Ата-анам ұялы телефонды жиі ұстауға рұқсат бермейді. Сондықтан, «Балапанның» әр шығарылымын, әрбір ойын-сауық бағдарламасын, әсіресе мультфильмдерді жалықпай тамашалаймын. Ертегі тыңдап «Балапанмен» бірге мен де ұйықтап, демаламын».

Нұрару Аралбайқызы, 9 жаста: «Мен «Балапан» телеарнасынан және you tube желісінен мультфильм көргенді  жақсы көремін. Менің сүйікті мультфильмдерім: «Питер Пэн», «Моана», «Зак дауыл» және «Ханшайымдар әлемі» . «Моана» және «Ханшайымдар әлемі» мульфильмдері «Астана» арнасынан, ал «Питер Пэн» және «Зак дауыл» «Балапан» телеарнасынан болады».

Қазақ телевизиясындағы тұңғыш балалар телеарнасы- «Балапан» телеарнасы. Онда отандық мультфильмдермен қатар, шетелдік мультфильмдер де кішкентай көрермендеріне жол тартады. Бастысы, бұл балаларға арналған қазақ тіліндегі тұңғыш арна. Сол себептен де, барлығы қазақ тілінде. Оны көріп өскен әрбір кішкентай көрермен қазақ тілін еркін меңгеріп, өз ойын қалыптастыра алады. Ұялы телефонды ұзақ уақыт пайдалану денсаулыққа зиян екенін ескеріп,  «Балапан» арнасының ұлт-ұрпағын тәрбиелеуде рөлі ерекше екенін ұмытпаңыз. Анимациялық фильмнің бала тілі дамуына пайдасы орасан. Шетелдік мультфильмдерді тамашалау арқылы да бала көп нәрсені ұғына алады. Тіл үйренеді, басқа тіл үйренуге деген қызығушылығы артады.Шетелдік туындылар балаларды қызықтыру үшін барлық нәрсені ойлап тапқан. Сонысымен, ол балаларды өзіне бірден баурап алады. Бұл, отандық туындылардың қызықсыз екенін білдірмейді. Бастысы, қандай дүниеге көретінін қадағалап отырыңыз.

Зере МАХАМБЕТӘЛИЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы