- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Сен ерекшесің». Осындай атаумен Кентау қаласындағы мәдениет үйінде фотокөрме өтті. Онда ерекше балалардың кенді шаһар маңында табиғат аясында түскен суреттері қойылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құштарлығын арттыратын медиажоба аясында Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан қаласының танымал фотографтары түсірілімдер жасаған. Жинақталған туындылар көрме барысында келушілердің назарына ұсынылды.

Жоба авторының айтуынша қазіргі таңда ерекше балалардың қоғамнан шеттетілуі, мүмкіндігі шектеулі балалардың өз-өзін қабылдамауы, медиада мүмкіндігі шектеулі балалардың назардан тыс қалуы дендеп барады. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында медиажобаны қолға алғандығын айтады. Осы ретте мүмкіндігі шектеулі балалар өзін-өзі қабылдап, тұлғалық дамуы артатынын алға тартты.

Фотокөрме соңы салтанатты шараға ұласты. Жиын барысында жоба авторы Әсел Бимурзаева сөз алып, келушілерге жобаның маңыздылығын түсіндірді. Балаларын алып келген ата-аналар мен жобаға қолдау білдірген шаһардың әкімдігіне алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ерекше жобаға мұрындық болған автор мен қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ерекше балалар ерекше жоба аясында қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.