ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

836 көрілім

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеміз.

Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де жоғары деңгейде екені белгілі. Әлемде ақпараттың басым көпшілігі ағылшын тілінде ақпараттандырылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп болары даусыз.

Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70 пайыз елдері латын жазуы арқылы білімді-ғылымды игеріп, зерттеулермен айналысуда. Әліпби – адамды сауаттандырудың, ақпараттандырудың сөйлеу тілін дамытудың алғашқы кезеңі. Әр ел оқымыстылары өз халқының қалауына қарай, елінің ерекшелігіне сай жазудың ең қолайлы да оңай, әліппесін таңдайды. Сондай әліппенің бірі де бірегейі – латын әліпбиі. Латын әліпбиі біздің заманымыздың бірінші ғасырында қалыптасып, орта ғасырда Еуропаға, Африкаға, Америкаға және Азияға тарап үлгерген. Бүгінгі таңда әлемдегі 262 мемлекеттің 186 (71%) латын графикасын, ал қалған 96 мемлекеттің тек 12-сі (5%) ғана кириллица жазуын пайдаланады екен.

«Тіл-Қазына» орталығының атқарған қыруар жұмыстарының нәтижесінде көпшілігіміз жаңа жазудан хабардар болып, тақырыптарды жеңіл әрі тез үйретудің әдіс-тәсілдерін меңгеріп шықтық. 2019 жылы қыркүйек айында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді дайындауға арналған 72 сағаттық республикалық курстан өтіп, біраз мағұлматтар алып қайттық. Одан кейінде 2020 жылы да «Тәжірибиелі алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбында өткізілген халықаралық онлайын семинарларға да қатысып, біраз мағұлматтармен тұшымды ойларды ортаға салдық. Латын әліпбиіне қайта оралу әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, қазақ тіліміз тілдік аренаға көтеріліп, ұлттық мәдени, рухани санамыз оянып, тіліміз одан әрі дамиды деген сөз.

Қазір латын мәселесі айтылып та жүр, талқыға түсіп те жүр. Көптеген афишаларда латын қарпінде жазылып, бұған халықта үйреніп оқып, қалыптасып жатыр. Соңғы жарияланған әліпбиде 31 әріп бар. Диакритикалық белгілер саны: 4. Умлаут, Бревис, Макрон, Седиль. Әріп үсті диакритикалык белгілер – 3, әріпасты диакритикалық белгі – 1. Латын графикасы: 1) дәрі-дәрмектер, 2. интернет, 3) жарнамалар, ұялы телефондар, 5) теледидар, 6) математикалық формулалар, 7) компьютер.

Бұл таңбалардың барлығы таныс, ағылшын таңбалары, үйрену барысында қиындық тумайды. Қазақ жазуын латын графикасына көшіруді, ең алдымен, ұлттық бірегейлікті қалыптастырып алуымыз қажет. Ұлттық әліпбиге негізделген жаңа графика ескіліктің кері әсері мен кеңестік отаршыл салдарынан етек жайған бодан санадан арылуға тәуелсіз елдің зманауи жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыруға мықты жүйе болмақ. Осы кирилл негізді әліпбиде бізге кірме сөздер өте көп болды. Ал енді, рухани санамызды жаңғыртып қазақи тұрғыда ойлап, санамызды кеңейтіп, қазақ тіліміздің мәртебесін асқақтата беруге күш салуымыз қажет.

А.БАЙМАХАНОВА, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қазақ тілі оқытушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы