ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН БЕЛЕС

1  632 көрілім

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір жарқын белес деп білеміз. Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі болуы тиіс.

Сондықтан, рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету болып табылады. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылық­та­ры­мыздан бастау алады десек, сол құнды­лықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыруға үндемек.

Тарих көрсеткендей, кез келген ірі ауқымды өзгерістер, қоғамның өзгеруі елдің дамуына қозғаушы күш болған сол кездегі тарихи жағдайда үстемдік еткен идеологиялармен, озық идеялармен тығыз байланысты. Жаңа шынайы өмірде жаңаруға іштей ұмтылу – бұл өзін-өзі сақтаудың және дамудың негізгі ұстанымы. «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», – дей келе Елбасы ұлттық сана, бәсекеге қабілеттік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эфолюциялық дамуы, сананың ашықтығы туралы ой толғап, таяу жылдардағы міндеттерді нақтылаған.

Сонымен қатар, аталған бағдарламада 2025 жылға қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды бәрін де латын қарпімен шығара бастау қажеттігін өзекті де басты міндет ретінде алға қойды. Еліміздің дамуында маңызы орасан зор мұндай жаңалықтың қуанышқа бөлейтіні ақиқат. Өйткені кирилицадан латын әліпбиіне көшу әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан барша қандастарды бір-бірімен барынша жақындастыра түсетін болмақ. Енді еліміздің межелі жоспары дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Ол үшін бірлік, білім мен еңбек қажет. Сонда ғана мақсатты жоспар өз жемісін берері сөзсіз.

Бақытжан БУКЕБАЕВ,

Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы