ҚҰТЫРУ АУРУЫ

896 көрілім

Құтыру – жедел зоонозды, табиғи ошақты, антропургиялық (адам тіршілік ететін ортадағы ошақ) вирусты жұқпалы ауру. Жануарладың, жабайы аңдардың тістеу, тырнау, түкіріктеуі, яғни сілекейленуі арқылы жұғады.

Вирус орталық нерв жүйесін зақымдап, бас ми мен жұлын ми нейрондарын дегенерацияға ұшыратады. Соның салдарынан науқаста агрессивтілік, шамадан тыс қозу, гидро, аэро, фотофобия болады. 100% өліммен аяқталады. Науқас ауаны, суды, тамақты жұта алмайды. Жарыққа қарай алмайды. Ауру қоздырғышы-рабдовирус. Әлемде жыл сайын 50 мың адам құтырудан өледі, оның 80% медициналық көмекке қаралмағандар. Қазақстанда құтырудың 70% антропургиялық ошақтары бар. Табиғатта вирустың 2-түрі бар, бірінші түрі-жабайы вирус, жануарлар, жабайы аңдар, табиғат айналымында, екіншісі-бекітілген вирус-антирабикалық вакцинаны дайындау үшін қолданылады. Ауру қоздырғышының резервуары-жабайы аңдар мен үй жануарлары(ит, мысық, сиыр, егеуқұйрық, шибөрі, қасқыр, түлкі). Жасырын кезеңі-10 күннен 1 жылға дейін. Ауру 3 кезеңге бөлінеді:басталу, қозу, салдану. Басталу кезеңінде –депрессия(1-3 күн) болады, ит тістеп, жазылған жері ашып, қызарып, ісінуі мумкін, ауырсыну болады. психикасы өзгереді.

Ит тістеп, тырнап, сілекейлегені туралы науқас айтпаса дәрігер басқа ауруларға күдіктенуі мумкін. Науқас тұйық, тамақтан бас тартады, ұйқысы қашып, өкпесі қысылғандай болады. 2. Қозу кезеңі-2-6 күн, гидрофобия-науқас су ішкісі келеді, бірақ жұтқыншақпен, кеңірдекте бұлшық ет тартылып, жан қинайтын ауру пайда болады. ауадан, желден, қатты дыбыстан қорқады, тыныс алуы қиындап, агрессивтілік, айқайлау, қасындағы адамды ұрып, тістеп, тырнап, түкіруі мумкін. аузынан көп мөлшерде сілекей ағады, нақас жүдейді, есіту, көру, сезу галюцинациялары пайда болады. 3. -салдану кезеңі-(1-3 күн) агрессивтілік апатияға ауысады, мәңгүрттік, селқостық болып, дене қызуы 40 гр. көтеріліп, қол-аяғы, тыныс алу орталығы салданып, қан-тамыр жүйесінің қызметі бұзылып, тыныс алу, қан-тамыр жетіспеушілігінен науқас қайтыс болады.

Алдын-алу: ветеринариялық саласы-иттерді есепке алу, құжаттандыру, құтыруға қарсы вакцина егу, қаңғыбас иттерді ату. Жануардан жарақат алған адамдарға антирабикалық ем тағайындалады. Антирабикалық ем 0, 3, 7, 14, 30, 90 күнгі егулер жүргізіледі. Егудің толық немесе жартылай курсы иттің белгілі, белгісіз және ауру немесе сау екендігіне байланысты болады. антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобулин салынады. Ит тістеген, тырнаған сілекейлеген жерді сабындап жуып, йодпен немесе спиртпен сүрту керек. Сонан соң тез арада дәрігерге көрінген жөн. АРВ 1 мл бұлшық етке, АИГ жарақат айналасына салынады.

А. ҚУДАБАЕВА, Түркістан қалалық СЭББ-ның бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы