- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысы, Арыс қаласында «Қолғабыс» қайырымдылық қоры «TezCo Trade» компаниясымен бірлесіп, көпбалалы екі анаға баспана салып берді.

Бұл қор Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың ұсынысымен 2021 жылы құрылған. Қысқа уақыт ішінде қор өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен жүздеген отбасыны отын-сумен, азық-түлік, киім-кешек сияқты күнделікті қажеттіліктермен қамтамасыз етіп келеді. Бұдан бөлек, 9 ай ішінде төрт отбасына баспаналы болу бақытын сыйлап отыр.