БАЛАҒА САУАТТЫ АТА-АНАНЫҢ КӨМЕГІ КЕРЕК

1  010 көрілім

Сәби шыр етіп дүниеге келген сәтінен дыбыстайды. Ал 8 айдан бастап анық гуілдеу дауысы басталса, 3 жасқа дейін баланың ойлау, сөйлеу қабілеті толыққанды дамиды. Алайда ата-ана баласы 3 жасқа толғанға дейін күтіп отырмауы керек. Себебі 1 жаста бала шамамен 15-ке жуық жеке сөздерді айта алуы керек. 3 жаста бала өз ойын айтуы, әңгіме айтуы керек.

Егер бала 2 жаста бола тұра «мама, папа, ішемін, жеймін» деген секілді сөздерді айта алмайтын болса, міндетті түрде невропатологқа жүгіну керек. Егер дәрігер-невропатолог 3 жасқа толғасын әкеліңіз десе, онда дефектолог-логопедтермен жұмыс істеуге болады. Осы жерде 3 жасқа дейінгі балаларға көп жағдайда ЗПР-ды (психикалық дамудың тежелуі) қоймайды. Тек қана ЗРР, яғни баланың тіл, дыбыс жүйесінің кеш дамуы қойылады. Дер кезінде сөйлемеуіне байланысты балада түрлі агрессивті деңгейлер пайда болады.

Агрессивті деңгейлер не үшін пайда болады:

– Себебі бала өз ойын айта алмайды,

– Қарым-қатынасқа еркін түсе алмайды,

– Өз ойын еркін жеткізіп, жауап бере алмайды,

– Ортада қысылып, өзін еркін ұстай алмайды.

Сөйтіп баланың организмі комплекске түсіп, ортада қысылуға, шеттетуге әкеліп соқтырады.

Қазіргі кезде Ш-С, Ж-З, Р-Л дыбыстарын ажырата алмайтын, осы мәселеде қиналатын тек балалар ғана емес, тіпті үлкендеріміз де аз емес екені бәрімізге мәлім. Негізінде 5- жасқа дейін бұл дыбыстар әр балада өздігінен шығады. Ал егер 5 жасқа дейін қойылмаған болса, 5-6 жас аралығында міндетті түрде баламен жұмыстанып, уақытында қою керек. Себебі бұл дыбыстар уақытында қойылмаса, мектепке барған кезде балада дисграфия-дислексиялық қателіктер пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан оқушы өз ортасында комплекске түсіп, тіпті сабағында да мәселелер туындауы әбден мүмкін. Бұл жерде дисграфия дегеніміз-жазу үрдісінің бұзылуы Дислексия- оқу кезіндегі бұзылулар, яғни сөздердің дұрыс айтылмауы, дыбыстарды ауыстыру, буындарды өзгерту, сөйлемдердегі сөздерді бұзып алу. Дисграфия да, дислексия да бір-бірімен тығыз байланысты. «Барлығы өздігінен өтіп кетеді» деп күтпеңіздер. Көп ата-аналардың қателігі де сол, «Ой, өзі кетер. Уақыты келгенде кетеді. Солай да дұрысталады, сондағы 1-2 дыбыс қой» деп аса мән бермейді. Алайда есіңізде болсын: қиындықты сіз барынша ертерек анықтасаңыз, ол тезірек шешімін табады және сәйкесінше баланың болашағына балта шаппайсыз.

Ақмарал ІЗЕЕВА, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы