ДАЛА ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

632 көрілім

Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес. Жылыту маусымында улы газбен улану оқиғалары күрт өсіп кетеді. Қысқы мерзімді тұрғындардың басым көпшілігі пештерді қолданады, бірқатар азаматтар жылыту пештері мен мұржаларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан өздерінің тұрғын үйлері мен туыстарына қауіп төндіреді.

Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың алдымен қырағы болып, төмендегі ережелерді мұқият есте сақтағандары жөн:

– үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады – мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады;

– жанып тұрған пешті қараусыз қалдыру немесе оларды бақылауды балаларға сеніп тапсыру өте қауіпті;

– жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта оны орау керек;

– іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондай-ақ мұржадағы жапқышпен жабуға болмайды;

– мұржаның бас жағына құс ұя салмайтындай, сондай-ақ жауын-шашын тамбайтындай орналастырылып жасалуы тиіс;

– газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өз бетінше қосымша шиберлер орнатуға тыйым салынады;

– тұрғын үй бөлмелерінде өздігінен қолдан жасалған пештерді немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін пештерді қолдануға тыйым салынады;

– газ бен газ аспаптарын басқа салада қолдануға тыйым салынады.

Жоғарыда аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда Сіздер улы газбен улану мүмкіндігін болдырмайсыздар.

Газдың иісін сезген жағдайда жедел түрде 104, немесе 112 телефоны арқылы авариялық газ қызметін шақырыңыз. Газ жиналған бөлмеде өрт шығуы үшін от көзінің бір ұшқыны жеткілікті!

Азиз БАЙТАС,

Түркістан қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы