ЖҰМЫСШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

326 көрілім

«AMANAT» партиясы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп біледі және біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қарайтын адамдар қашанда лайықты бағасын алуы тиіс деп санайды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғаны белгілі. Бұл бастама жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттырып, елімізде еңбек адамының беделін көтеруге серпін береді деп білеміз.

Атаулы жылға орай, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілдері аудан орталығы Шорнақ ауылында қызмет ететін маңызды кәсіпорын – «Tak Mebel» жиһаз фабрикасының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Партия бастамасымен өткізілген іс-шараға мектептің жоғары сынып оқушылары да қатыстырылып, жас өскіндерге кәсіби бағдар берілді. Еркін мазмұнда, ашық диалог сипатында өткен жиында партияның бастамасымен іске асып жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Таза бейсенбі», «Ардагерлерді ардақтайық!» тағы да басқа қоғамдық маңызы бар партиялық жобалар туралы мағлұмат беріліп, партия өкілдерінің заңнамалық бастамалары, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі жұмыстары баяндалды. Ашық пікір алмасуда жұмысшылар қойған сауалдарға жауап беріліп, азаматтардың еңбекқорлық қасиетін арттыру, жастарға кәсіби бағдар беру мәселелері бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Атап өтуіміз керек, «Tak Mebel» жиһаз фабрикасында 200-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Мектепке, кеңсеге қажетті жиһаз түрлерін шығарады. Мұнда орындықтың 35 түрі шығарылып, кәсіпорын бәсекелестік қарқыны артқан отандық нарықта өзіндік орнын иеленіп келеді. Жұмысшылар заңда көзделген барлық әлеуметтік кепілдіктермен қамтылған, оларға төленетін орташа еңбекақы көлемі 200-300 мың теңге аралығында бекітілген. Сауран ауданында өндірілген жиһаз отандық нарықпен қатар бірқатар шет елдерге де экспортталуда.

Кездесу барысында өндірістік цех жұмысшылары кәсіпорынның артықшылықтары, шығарған өнімдердің техникалық сипаттамасы туралы кең ауқымды ақпараттар берді. Жұмысышлар арасында бастауыш ұйымдарымызбен белсенді байланыста болған, қоғамға пайдалы бастамалар көтеріп, оларды іске асырудың бел ортасында жүрген бірқатар жұмысышларға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының Алғыс хаты табысталды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы