ФОТОАППАРАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1  126 көрілім

  Аға буын өкілдері «Зенит», «ФЭД» немесе «Смена» маркалы кеңестік фотоаппараттардың түссіз пленкасын пайдаланып жүрген болатын. Алайда қазіргі жас ұрпақ мұның барлығын бейне бір «экзотика» деп есептейтін сияқты. Себебі қазіргі таңда ұялы телефон мен смартфондардың өзінде сапалы сурет түсіруге болатын камералар орнатылған. Ал фотоаппарат қашан пайда болды? Бұл айтулы оқиға кемінде 200 жыл бұрын болған. Бірақ бұл өнертабыстың қажеттілігінің туындағаны соншалықты, оның даму мүмкіндігі өте кең еді.XVII ғасырда белгілі астроном Йоганн Кеплер суретті тегіс беттің үстінде жобалау бойынша тәжірибелер жүргізе бастайды, бұл мақсатта ол оптикалық әсерде жарықтың сыну заңын қолданды. Дегенмен мұндай суретті шығару Жозеф Нисерфор Ньепстің қолынан келді. Дәл осы құрылым тарихтағы бірінші фотоаппарат саналады. Оның өте күрделі болуы және көшіруге мүмкіндігі жоқтығы ғалымдардың бұл өнертабысқа деген қызығушылығын сөндіре алмады. Мәселен, Уильям Тальбот оның негативін алып, суреттің сапасын айтарлықтай жақсартып, жетілдіре түседі. Кейін тағы бір ғалым Т.Сэттон айналы линзалары бар объектив ойлап табады, бұл оқиға фотоаппараттың дамуына ерекше үлес қосты. 1963 жылы «Polaroid» компаниясы фотография саласында алға қарай үлкен қадам басты – фотосуретті дереу басып шығару мүмкіндігі туды. Фото тарихтағы келесі елеулі оқиға цифрлық суретті алу болды. Бұл бірінші рет 1974 жылы жүзеге асты. Ал 80-жылдары цифрлық камералардың өндірісі қарыштады. Алғашқы камераның пайда болуы 1826 жылы Джозеф Нисефор Ниепстің «гелиография» өнертабысымен сәйкес келді. Асфальт лак бетіне кескіндерді жазуға арналған құрылғы бұрын суретшілер табиғаттан сурет салуда белсенді қолданған шұңқырлы камераның нұсқасы болды.

   Технологияның одан әрі дамуы Жак Луи Дагеррдің дагереотипті ойлап табумен байланысты. Дагереротип тез арада портрет салу құралы ретінде кең тарала бастады, коммерциялық тұрғыдан өнімді бола бастады. Нәтижесінде фотографияға арналған жаңа құрылғылар пайда болды, олардың ең ерекшесі 1840 жылы Александр Уолкотттың камерасы объективтің орнына бүгілген айнаны қолдануы болды. Ең танымал камералар – Адольф Мите жасаған, олардың бірін Сергей Прокудин-Горский қолданған. Фототехниканы жетілдірудегі басты рөлдердің бірі Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дамуға ие болған аэрофотоаппараттің қалыптасуы болды. Қазіргі уақытта цифрлық фото- және видеокамералар түрлі құрылғыларда орнатылатын болған, мәселен қарапайым ұялы телефоннан бастап теледидарға дейін немесе автомобильге дейін. Ғалымдар әрдайым ең кіші әрі ең сапалы құрылғыларды шығарудан жарысып келеді. Олардың мүмкіндігі жоғары, оптика сапасы жақсы, суретті өңдеу жылдамдығы және өзге де сипаттамалары жетілдіріліп жатыр. Қазіргі уақытта фото-камераны біз саяхатта, көкке шыққанда және тұрмыста қолданып, өмірдің қызықты сәттерін естелік ете аламыз.

Д.ТАУАСАРОВА,

«Ұлы Дала Елі»

орталығы қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы