ӨҢІРДЕ ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТЫ

586 көрілім

   Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақтағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындардың екпе алу көрсеткіші, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша арнайы брифинг болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы  М.Пашимов мәлімет берді.

   Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Түркістан облысында пандемия басталғаннан бері COVID-19 індетімен тіркелген жағдайлар саны бүгінгі таңда 13857 құрап отыр. Жазылып шыққандар саны – 12955, қайтыс болғандар – 72. Өңір бойынша 1969 инфекциялық,  300 карантиндік және 234 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 28,6 пайыз (жалпы 563 адам: КВИ – 155, пневмония – 408). Карантиндік төсек-орынның жүктемесі 5,6 пайыз (17 адам). Реанимациялық төсек-орындар санының жүктемесі – 21,3 пайыз (50 адам).

   Коронавирустық инфекцияның әр түрлі деңгейіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен

10 бірлікке дейін жеткізілген. Зертханаларда зерттеулер бойынша соңғы тәулікте 2312 адам тексерілген. Жалпы, 1013313 адам тексеруден  өткізілген.        Қазіргі уақытта, Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша еліміз жасыл аймақта орналасқан.

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі» жоспарына сәйкес, Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 858630 доза вакцина жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін  – 835578 (1 кезен бойынша қамту пайызы 89,1 пайыз) адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдаған. Сонымен қатар, 22 ақпаннан бастап 2 кезең бойынша вакцинация өткізілуде және 835460 дозадан барлығы  660 954 (2 кезен бойынша қамту пайызы 70,5 пайыз) адамға салынған.           Вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттары сақтала отырып, жалпы 150 егу пункттерінде вакцинация жасалған. 

   Сонымен қатар, тұмауға қарсы вакцинация басталып отыр. Қазіргі таңда 312500 дозасы сатып алынып, 8413(2,3 пайыз) адамға салынған. Қазіргі таңда, облыстағы медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар қоры 60 күнге, арнайы қорғаныш құралдары – 55 күнге жетеді. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда, Түркістан облысы күтілетін КВИ-ға қарсы вакцинаны салдырту жоспарланған іс-шараларға сәйкес, мерзімінде жүргізілуде.

   Бұдан соң Түркістан облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н.Нышанов хабарлама жасады. Жыл сайын 15-ші қыркүйектен бастап, облыста тұмауға қарсы дайындық жұмыстары басталады.  Осыған орай, тұрғындарды тұмауға қарсы  иммундау мақсатында 306671875 теңге облыстық бюджеттен Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 312500 дозасы сатып алынған.

   Тұмауға қарсы егу  жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, білім беру ұйымдары, сәбилер үйлерінің балаларына, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушыларына, эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша және жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, медициналық бақылауға жататын балаларға осы сынды топтарға тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан емханаларда тегін жүргізілуде. Аталған вакцина облыс тұрғындарының 15,4 пайызын қамтымақ. Қазіргі таңда тұмауға қарсы егуді 17705 (5,6 пайыз) адам салдырған.

   Түркістан облысында  эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан бері коронавирусқа шалдығудың 10183  жағдайы тіркеліп, соңғы екі аптада аурушаңдық 1,5 есеге, ал, пневмония бойынша жыл басынан 6157 жағдай тіркеліп, аурушаңдық 1,8 есеге төмендеген. Облыста коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2021 жылдың 1 ақпанынан бүгінгі күнге дейін  вакцинаның 858630 бірінші компоненті, 813470 екінші компоненті жеткізілген. I компонентті вакцинаны 835578 (жоспарланған халықтың 89,2 пайызына егілді), II компонентті 660 954 ( 70,5 пайыз)  тұрғын салдырған.

   Ал, карантин талаптарын бұзу жағдайлары бойынша облыста 127 мобильді топ карантин талаптарының сақталуын бақылаған. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіне дейін 214218 нысан араланып, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 4318 хаттама толтырылған. Оның ішінде, 4135 жеке тұлғаларға, 149 жеке кәсіпкерге, 7 заңды тұлғаға, 27 лауазымды тұлғаға  244427 315 теңге айыппұл салынған. Жыл басынан 845 тыйым салынған отбасылық  шаралар анықталды. Карантин талаптарын бұзған 57 нысанның ісі сотқа жолданып, 37-не жұмыстарын уақытша тоқтату туралы сот шешімдері шыққан.

   Өңірде «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс жасауға ниетті кәсіпкерлік нысандардың саны өскен. Қазіргі таңда 8667 нысан «Ashyq» бағдарламасын енгізген. Оның 28-і көшбасшы мәртебесіне ие болып отыр. Қосымша  8687 кәсіпкер бағдарламаға қатысуға өтініш берген. «Ashyq» бағдарламасы    эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануымен қатар, кәсіпкерлік нысандардың қызмет көрсетіп, табыс табуына тигізер ықпалы жоғары болып отыр. Аталған бағдарламаның арқасында 14 күндік үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 147 азамат анықталып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш төңірегінде айыппұл салынған. Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауап берілді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы