Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің алдағы уақытта атқарылатын біршама міндеттеріне тоқталып өтті. Атап айтар болсақ, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру мәселесін алға тартты. Білім саласы бойынша мұғалімдерді бірнеше рет қайта даярлау және жаңа мамандықтарды игеруді басты назарға алды. Оқу бағдарламаларын жаңа бағыттарға бейімдеу керектігін айтты.
Мемлекеттің басты қағидасы – мемлекеттік аппарат азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, азық-түлік бағасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдарда реттеу жүргізілу керектігін жеткізді. Осы айтылған міндеттерді, әр мекеме тиісті жұмыстарын жүйелі орындауын талап етті. Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерінің шешілуіне нақты міндеттер айтылды.
Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтап, этносаралық және конфессияаралық қатынастың маңыздылығын мемлекет азаматтары білуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермеу керектігін баса айтып өтті.
Біз бір ғасырға татитын ел тәуелсіздігінің 30 жылында ауызбіршілігіміздің арқасында бүгінгідей үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Ендігі мәселе бізді осы күнге дейін жеткізген татулығымызды одан әрі нығайта түсуіміз керек. Кең байтақ елімізде баршамызды біріктіретін ортақ ерекшеліктеріміз бар. Ол – біздің тарихымыз, мәдени мұрамыз бен мемлекеттік тіліміз. Сондықтан әрқайсымыз осындай мемлекетте ынтымақпен күн кешіп жатқандығымызды мақтанышпен айтуымыз керек. Бүгінде баршамыз болып болашақ жастарымызға ел бірлігін насихаттай отырып, олардың бойларындағы патриоттық сезімін арттыруға атсалысуымыз қажет.
Қазіргі таңда жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісіне қол жеткіздік. Үдерістердің көпшілігі автоматтандырылып, цифрландырылып жатқан қазіргі шақта бұл үрдіс тың серпінге ие болуда. Осындай жағдайда мамандықты жиі өзгерте білу және жаңа кәсіптерді игере алу арқылы ғана әркімнің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ете аламыз. Дегенмен, бізге «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң қажет екендігін атап өтті. Дәл осы тұрғыда заңналмалар біліктілікті тану мәселесін реттеп, жұмысшыларды өзінің қарым-қабілетін жетілдіруге оңтайлы жағдай жасалуы керек. Жолдауда халқымызға өзекті мәселелер тың идеялар мен халқымыздың жағдайын жақсартуға, білім саласын арттыру, экономиканы жетілдіру, саяси ахуалды оңтайландыру мәселелері кеңінен айтылды.
Біз ұлт болып, Президенттің болашақты баянды ету жолындағы бұл теңдессіз тарихи қадамдарына барынша қолдау білдіруге және оны іске асыру жолында кәсіби білімімізді, қайрат пен қабілетімізді, ел мүддесі жолында аянбай жұмсауға дайынбыз. Осы ретте, Мемлекет басшысының сенімі барша түркістандықтарға артылған жауапкершілік жүгі ауыр міндет деп есептеймін. Сондықтан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып қасиетті өңірді өркендету жолында әрбіріміз елеулі үлес қоса білейік.
С.ТАШТЕЕВ,
Түркістан қаласы әкімдігінің
«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»
КММ директоры.