- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы мен қалалық ішкі саясат бөлімі, қалалық әйелдер кеңесі және кәсіпкер Серікбай Боқановтың бастамасымен «Хамза» атындағы №2 жалпы орта мектебінде қайырымдылық акциясы өтті.
Жаңа оқу маусымының басталуына орай, халық қалаулылары қала мектептеріндегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға соның ішінде, ұл балаларға күздік маусымға арналған киім – кешек үлестірді.
Іс-шарада ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов оқушылар мен мұғалімдер және ата аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сөйледі:
– Жалпы бұл қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп отырады. Өңірдегі кәсіпкерлерге ұсыныс тастап, олардан осындай игі бастамаларға атсалысуын сұраймыз. Былтыр кәсіпкер Серікбай Боқановтың атсалысуымен Мақтаарал ауданындағы оқушыларға көмек көрсеткен болатынбыз. Ендігі кезекте осы оқушылар ел игілігі үшін және тарихи шаһарымыздың дамуына өз үлестерін қосады деген үміттеміз.
Oнымен қоса, кәсіпкер Серікбай Боқановта оқу маусымының басталуымен құттықтап, балалардың болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді:
– Бұл қайырымдылық акциясы ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов айтқандай жыл сайын өткіземіз. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп бекер айтпаған. Білімді жастар ғана ел игілігіне өз үлесін қоса алады. Қарлығаштың қанатындай болса да, көрсетіп жатқан көмегіміз сіздерге қолдау болар деп отырмыз.
Сөз тізгінін түйіндеген Бақытжан Букебаев шараны ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ұлпан АБДІРАХМАН