ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ПЕРЗЕНТІ

1  213 көрілім

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы үш жыл көлемінде қала танысмастай бейнеге еніп келуде.Адам таңқаларлық ғимараттар бой көтерді.Осындай нысандардың бірі де бірегейі «Ұлы Дала Елі» орталығы.Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала Елі» деп атауды ұсынып, бұл ұсыныс ұлтымызды тарихи белеске шығарса, «Ұлы Дала Елі» орталығы Түркістанның әкімшілік-аумақтық жаңаруы Елбасы мұрасын түркі бірлігінің заманауи тұжырымдамасын қалыптастыру тұрғысынан таныстыруға арналған. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы Даланың Ұлы Есімдерін» насихаттау ерекше аталған. Осыған орай, орталықта еліміздің рухани көсемдері бейнеленген арнайы экспозициялық қабырға бар. Экспозицияда тек қазақ халқы үшін емес, күллі түркі жұрты үшін еңбегі сіңген тұлғалар Әл Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Қоркыт ата, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Мухтар Ауезов, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтпаев бейнеленген.Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік орын алары анық.

Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген. Дүниежүзіне танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик,елімізде тау-кен ғылымының негізін қалаған ғалым – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Биыл ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толып отыр. Қаныш Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған. Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан елі мен халқының алдындағы басты еңбегі – геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны белгілі. Алайда ең бастысы – Қазақстанның аграрлы-ағартушылықтан сапалы индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналуына ғалымның қосқан рөлі. Академик Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Бұл еңбектің барлығы Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қазіргі буыны мен ғылымға қызығатын жастар үшін жүйеленген зерттеу жұмысының үлгісі.

Ол – қазақ ғылымының атасы, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог. Оның есімі Иссак Ньютон, Михаил Ломоносовтармен қатар аталады. Ол бар ғұмырын туған ұлтының тірлігін түзеуге сарп етіп, артында сөнбес сәуле, өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде аңызға айналған ұлы тұлғаның еңбегін халық ұмытпақ емес, ұлықтайды!

Г.ҚҰЛМҰХАМБЕТОВА,

«Ұлы Дала Елі» орталығының қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы