Кейінгі кезде ел ішінде қаржылық пирамиданың қармағына түсіп, бар жиған-тергенінен айырылып, сан соғып қалған қазақстандықтар аз емес. Алаяқтарға алданып қалуға не себеп? Мүмкін бұл миллиардтаған ақшаны қалтаға басқан алаяқтардың кәсіби шеберлігі болар? Қазақстандықтардың қаржылық сауатсыздығы да таяқтың бір ұшына жатады.
Өткен жылда орын алған «Гарант 24 ломбард», жақында ғана анықталған «Финико» секілді қаржылық ұйымында болған шу сөзімізге дәлел бола алады. Ақшаны алып, пайыздық үстемеақымен қайтарып беруге уәде еткен ұйымдар пайызбен бермек түгілі, халықтың өз ақшасын да қайтарып бере алмайды.
Егер сіз осындай алаяқтық әрекетке жолықсаңыз не істеу керек?
Ең алдымен, тағы бір рет бұл компанияның қаржылық пирамида екендігіне көз жеткізу қажет. Қолындағы алаяқтарға ақша аудару фактісін растайтын құжаттар болса (келісім, банктік шот бойынша үзінді көшірме, қолма-қол ақшаны беру туралы бұйрық), пирамидаға кіргізген адамға дереу хабарласқан жөн. Егер пирамида схемасы әлі де күшінде болса, компанияға жазбаша шағым беріп, ақшаны қайтаруды талап ету қажет. Ақшаны қайтарып бермесе, қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына хабарласатын ұйымдастырушыларға, одан нәтиже болмаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлап, алаяқтарға ескерту қажет. Әдетте мұндай жағдайда ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Алаяқтықпен күрестің маңызды сәті бұл туралы көпшілікке жария ету.
Кім не десе де оңай жерде алтын жатпайтыны белгілі жәйт. Ақшалы атану үшін де еңбекқорлық, табандылық, төзімділік секілді қасиеттер қажет-ақ. Ал, одан арғысын өзіңіз байқай жатарсыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – тәуекелге бел буып, желді күні қайыққа отырмағаныңыз жөн болар.