ЖЫНЫС ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҰҚТЫРЫЛАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР

1  010 көрілім

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар  жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:
соз,
хламидиоз,
мерез,
трихомониаз,
гениталдық ұшық,
ВИЧ/СПИД,
гарднереллез,
микоплазмоз,
гениталдық кандидоз,
гениталдық үшкір кандиломдар
В, С, Д гепатиттері
басқалары (барлығы 20-дан асатын ауру түрі).

ЖЖЖИ несімен қауіпті?

ЖЖЖИ қоздырғыштарының көбісі бала көтеру органдарын зақымдайды, соның салдарынан бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік сияқты аурулар туындауы мүмкін. Мысалы, егер мерезді емдемесе ішкі органдардың қатты бұзылуын, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатады, және де ұрпақтарына беріледі. Кейбір ЖЖЖИ қатерлі ісіктердің (обырдың) себепкері болуы да мүмкін.

ЖЖЖИ жұқтырған адамдарда АИТВ-ны (адамның иммундық тапшылығының вирусын) жыныс жолдары арқылы жұқтыру қаупі он есеге көбейеді.

Естеріңізде болсын, адам ұзақ уақыт бойы өзіне инфекция жұқтырылғандығынан бейхабар болуы мүмкін. Өйткені қоздырғыш, адам ағзасына түскеннен соң сол жерде көбейе бастайды. Бірақ, ауруды білдіртетін бастапқы белгілер пайда болғанға дейін біршама уақыт өтеді. Ол әр ауру түріне қарай әртүрлі болады. Бұл – аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып табылады.

Оның үстіне, ауру жұқтырылғаннан кейінгі біршама мерзім ішінде тіпті арнайы зертханалық анализдер де адамның ауру жұқтырғанын анықтай алмауы мүмкін. Аурудың мұндай кезеңі «терезе кезеңі» деп аталады (әдетте бұл ЖИТС туралы сөз қозғалған жағдайда). Алайда ауру жұқтырылған адам инфекцияны өзіне ауру жұқтырылған сәттен бастап сау адамға жұқтыра алады.

ЖЖЖИ жиі кездесетін белгілері

((ерлер үшін де, әйелдер үшін де))

Егер сен жыныстық қатынас жасауды бастасаң, онда өзіңе және өз денсаулығыңа абай бол және де келесі белгілердің ең болмаса біреуі пайда болса дәрігерге тексерілуге бар:

  • жыныс органдарының терісі мен шырышты қабығында өзгерістер (қызару, бөрту, тығыздалу, ауырсыну, жыныс органдарының ісінуі) болса;
  • зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болса (ашыту, түйілу және т.б.);
  • (ерлердің) зәр шығару жолдары мен (әйелдердің) қынабынан жағымсыз бөлінділер, тікішектен іріңді бөлінділер (соз болып ауырған кезде) шықса, кейде жағымсыз иісі болуы да мүмкін

Егер сенде ЖЖЖИ жұқтырдым-ау деген күдік туындаса не істеу керек

  • Барынша тезірек маман-дәрігерге барып тексеріл.
  • Егер сен емдеу курсын дер кезінде әрі толық өтсең көптеген ЖЖЖИ емделеді.
  • Өз серігіңмен міндетті түрде сөйлес. Егер екеуің де емделмесеңдер, сендер бір-біріңе қайда жұқтыруларың мүмкін.

Біздің еліміздің заңнамалары ҚР барлық мұқтаж азаматтарының АИТВ-инфекциясынан тегін емделуін қамтамасыз етеді. 

А.ОРЫНТАЙ,
облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы МКҚК эпидемиология бөлімінің дәрігері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы