ЖАҢА КОРОНАВИРУС ДЕГЕН НЕ?

1  106 көрілім

Жаңа  коронавирус (КоВ) — адамдарда осы уақытқа дейін анықталмаған коронавирустың жаңа штаммы. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды. 2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмір мен өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Осыған байланысты 2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбы болды.

ҚАНШАЛЫҚТЫ ОЛ ҚАУІПТІ?
COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі  мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал. 

 ҮЙ ЖАНУАРЫНАН ЖАҢА КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІ БАР МА?  
Жоқ, қазіргі таңда COVID-2019 жұқпасының үй жануарлары (мысық, ит) арасында тарағаны немесе олардың осы вирусты таратуы туралы мәліметтер жоқ.   

ЖАҢА КОРОНАВИРУС АДАМНАН АДАМҒА БЕРІЛУІ МҮМКІН БЕ?     
Иә, COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы  үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға таралуы әбден мүмкін.  

МЕН ӨЗІМДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙ АЛАМЫН?                                                                      
– Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз;
– Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз Не үшін? Егер қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді;
– Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр ара-қашықтықты сақтаңыз *Не үшін? COVID-2019   респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін;
– Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы  болса, бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз *Не үшін? Аталған белгілер респираторлы жұқпаның, соның ішінде COVID-2019 вирусының әсерінен туындауы мүмкін. Ол  сіздің соңғы сапараларыңызға және кіммен   қарым-қатынаста болғаныңызға байланысты.     

ӨЗІМДІ ҚОРҒАУ ҮШІН МАСКА ТАҒУЫМ КЕРЕК ПЕ?
Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі жұқпаға кепілді бөгет бола алмайды. Масканы киюді басқа да алдын алу шараларымен  үйлестіру қажет. Яғни  қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасы, өзара және басқа да адамдармен 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтай отырып, тығыз қарым-қатынастан алшақ болу  керек.       

COVID-2019 ЖҰҚПАСЫНЫҢ ЕМІ МЕН АЛДЫН АЛУЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАР БАР МА? 
Қазіргі уақытта жаңа коронавируспен шақырылған жұқпаны емдеу мен алдын алу үшін ұсынылған дәрілік заттар жоқ. Соған қарамастан, COVID-2019 жұқтырған науқастарға клиникалық белгілерді жою немесе азайту үшін қажетті медициналық көмек  көрсетілуі керек, ал аурудың ауыр ағымымен науқастар сәйкес қолдаушы терапиямен қамтамасыз етілуі қажет. Қазіргі таңда жаңа коронавирусқа қарсы арнайы дәрілік заттар жасау жұмыстары жүргізіліп отыр және олар  алдағы уақытта клиникалық сынақтардан өтеді.   БДҰ бірнеше серіктестерімен COVID-2019 вирусын емдеу үшін дәрілік заттарды жасау бойынша жұмыстарды бақылауға көмектесіп отыр.   

А.КАМАЛ
Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы МКҚК эпидемиология бөлімінің дәрігері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы