Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «100 жаңа есiм» тақырыбы аясында елiмiздiң дамуына үлесiн қосып жүрген азаматтарды БАҚ арқылы елiмiзге танытуымыз қажеттiгi жайлы айтты. Тарих толқынынан жеткен деректерде ел қамын жеген, елiнiң ертеңiне алаңдаған тұлғалар жетерлiк. Сол жандардың бүгiнгi күнi iзiн жалғап, халық мүддесiн ойлайтын тұлғалар жөнiнде айтылып, «көгiлдiр экран», газет-журналдар арқылы насихаттау құптарлық ой екенi даусыз.
Өздерiңiзге мәлiм республика көлемiндегi жалпыхалықтық дауыс беру арқылы 102 үмiткер таңдалып алынды. «100 жаңа есiм» болғанымен 2 азамат олардан сәл ғана төмен дауыс жинағандықтан оларды да енгiзу дұрыс шешiм деп қабылданды. Әр салада белгiлi бiр жетiстiкке жеткен, халықтың ықыласына бөленiп, абырой биiгiнен көрiнген жандармен Мемлекет басшысы жүздескен едi. Солардың қатарында түркiстандық Бекарыс Шойбеков те бар. Қалалық бiлiм бөлiмiн бiрнеше жылдар басқарған айтыскер ақын Бекарыс Ақсақалұлы бүгiнде балалар мен жасөспiрiмдер мектебiнiң директоры қызметiн атқаруда. Бiлiм саласында талмай еңбек етiп жүрген оның жобадан өзiндiк алар орны бар.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жобаның жас ұрпаққа берер тәлiм-тәрбиесi орасан. Себебi жас буын олардан үлгi алып, өздерiнен кейiнгi жастарға бағыт-бағдар көрсететiн болады.
Ақмарал НАЗАРОВА,
Түркiстан көмекшi мектеп-интернатының қазақ тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi.