ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ЕГІС НАУҚАНЫНДА ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛМАҚ

973 көрілім

Түлкібас ауданының диқандары биыл жыл бойына егістікке екі рет көкөніс түрлерін отырғызуды көздеуде. Өткен жылы осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген шаруалардың табысы еселенген болатын. Ал, биыл бұған қызығушылық танытқан диқандар қатары артып отыр.

Бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алатын 154 шаруашылықтың тізімі жасалынды. Жалпы көлемі 265,33 гектарға қызанақ, қияр, жүгері, ноқат, сарымсақ, картоп отырғызып, мол өнім алуды көздеуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының болжамына сәйкес, бірінші өнім 1721,3 тонна, ал, екінші өнім көлемі 4358 тоннаға жуықтайды.

«Көктемнің бір күні жылға азық» демекші, түлкібастық диқандар көктемнің әр күнінен тиімді пайдаланып биыл мол өнім жиып алуды мақсат етіп отыр.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы