«ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – БІРЛІК БАСТАУЫ!»

1  572 көрілім

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз – Алғыс айту күні елімізде жалпыхалықтық мереке. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

Бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын белгісін көрсету мақсатында Елбасы 2016 жылдың 14 қаңтары күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойды.

Осы орайда тату тірлігі мен берік бірлігі жарасып, көп ұлтқа сая болған Төлеби ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай «Қазақ еліне мың алғыс!» атты мерекелік шарасы ерекше форматта өтті.

Алдымен аудандағы этно-мәдени орталықтардың мүшелері шаңырағымыз бір болсын деген ниетпен ұлттар достығының шаңырағын көтеріп, қазақтың киіз үйін тікті. Ұлттық тағамдардың көрмесін ұсынып, мерекелік шараны тамашалауға келген қонақтарға дәм ауыз тигізді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерей тойына орай ақынның «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін бәрі бір отбасының баласындай бірге шырқады.

Сонымен қатар, аудандағы 5 ұлттық – мәдени орталықтың өкілдері қиын – қыстау кезеңде жылулық танытып, қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіріп, ұлттық билерін қалың көпшілікке ұсынды.

Оған қоса, аудандағы этно-мәдени орталықтардың төрағалары алғыс білдіру мақсатында, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында, аудандағы көпбалалы отбасыларға сый-сияпат тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы