ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

1  284 көрілім

Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауданда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Жанашырлыққа – жан риза» демекші, жетім, қамқорлыққа алынған бүлдіршіндердің жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы болмақ. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екені сөзсіз. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Осы орайда, Арыс қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі мен мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен, Шардара аудандық іскер әйелдер кеңесінің демеушілігімен Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар тапсырылды.

Шара барысында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы О.Қалшабекова, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Қ.Ерназаров, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Е.Момбековалар сөз сөйлесе, мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған ансамбль мүшелері концерттік бағдарлама қойып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы