ЖАҢАЖОЛ ІШІМДІКСІЗ АУЫЛДАР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ

240 көрілім

Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдардың қатары артып келеді. Ақсақалдар алқасынан бастап, ауыл жастарының қостауымен биылдың өзінде біршама ауылдың арақ-шараптан бас тартқанына куә болдық. Енді міне Төлеби ауданының Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылынан жағымды жаңалық жетті.

Тұрғындарының саны 2500-ден асатын Жаңажолда 6 азық-түлік дүкен бар. Жан жадыратқан жаңалық – алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен толықтай бас тартты.

«Ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер бастама көтеріп, жиын өткізген. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы, қылмыстың болмауына, құқық бұзушылықтың орын алмауына, отбасылық дау-жанжалдарға жол бермеуге өз септігін тигізетіні айтылды»,- дейді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, тұрмысы келіскен ауылдағы жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірген. Аталмыш Департаменттің талдау жұмыстарының нәтижесінде ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен, соңғы 3 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы