ДЕПУТАТТАР БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

1  630 көрілім

Түркістан облыстық мәслихатына «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар бұған дейін де бірнеше брифинг өткізген еді. Халық қалаулыларының қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз ететін бұл жиынға БАҚ өкілдері қатысты. Жиында депутаттардың сайлауалды бағдарламасының орындалуы, тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің шешімін табуы сөз болды. Бұл бойынша облыстық мәслихат депутаттары Қалыйма Жантөреева, Талғат Қаржауов және Ербол Ералиев баяндады.

Атап айтсақ, Қалыйма Жантөреқызы депутаттардың бұқара мен билік арасындағы алтын көпір бола жүріп, елдегі өзекті мәселелерге етене араласуына баса мән беру керектігін тілге тиек етті. Өз кезегінде тұрғындардың тарапынан көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал етіп келе жатқанын да атап өтті.

Жетісай ауданынан сайланған Талғат Қаржауов партия қабылдаған саулауалды бағдарламаның ауданда орындалуынан хабар берді. Бағдарламада 57 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспарланса, белгіленген меженің бүгінгі таңда 32-сі орындалғанын жеткізді.

Ал Ербол Ералиевтің айтуынша, Жетісай ауданындағы агроөнеркәсіпті дамыту, ондағы олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары кезек күттірмейді. Сондай-ақ, алдағы жоспарлар бойынша өңірдегі кәсіпкерлік және ауылшаруашылығына арналған бағдарламалар да өз жемісін беретінін жеткізді.

Брифинг барысында облыстық мәслихат депутаттары журналистердің сауалдарына жауап беріп, мәселелердің үнемі бақылауда екенін атап өтті.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы