Түркістан облысында «Отырар-Жылу» МКК-ның тарифібекітілді

384 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-ның Мыңұшқыр елді-мекеніндегі жылыту қазандықтан жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.

Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі 9719,67 теңге/Гкал  ҚҚС-сыз  теңгені құрады.

ТМРКД Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-ның басшысының және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, орташа тариф 3702,37 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде (ұсынылған деңгейден 62% төмендеді) бекітілді.

Аталған тариф Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-ның тұтынушылары үшін қолданылады.

Тариф 2023 жылдың 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы