ТҮРКІСТАН: «JANA LEP!» ӨНЕРПАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ КӨРЕРМЕНДІ СҮЙСІНТТІ

226 көрілім

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа өнер ұжымының репертуарын байыту, өнер мен мәдениетте Түркістанның төл брендін қалыптастыру, тың идеяларды жүзеге асыру жолында дайындығын күшейтуді тапсырған болатын.

Биыл Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс холл» көпсалалы кешеніне қосымша мәдениет қызметкерлерін алу үшін 100 штат берілген болатын. Жаңа жұмыс орындарына мамандар алу мақсатында арнайы хабарламалар беріліп, әлеуметтік желілерде таратылды. Сондай-ақ Астана, Алматы қалаларына өкілдер жіберіліп, өнер мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында осыған байланысты ақпараттық, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде арнайы кастинг жарияланып, алғашқы іріктеуге Қазақстанның әр өңірінен өтініштер түскен.

Бұл ретте облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа өнер ұжымының репертуарын байыту, өнер мен мәдениетте Түркістанның төл брендін қалыптастыру, тың идеяларды іске асыру жолында дайындығын күшейтуді тапсырған болатын.

Руханият ордасына Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Петропавл қалалары мен Түркістан облысының аудандарынан талантты өнер иелері келіп, өз бақтарын сынады. Бүгінде жаңа ұжыммен продюсер, режиссер, сценарист, тележүргізуші Сержан Молдасанұлы тығыз жұмыс істеп жатыр.

Республика күні мерекесінде таяуда ғана жұмысқа қабылданған «Jana lep!» өнерпаздары алғаш рет ұлттық мерекеге арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты салтанатты іс-шарасында өнер көрсетті. Мерекелік кеште өнерпаздар әуелете ән шырқап, би топтары да жасындай жарқылдады. Соның ішінде белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов, Бауыржан Қаңтарбаев, елімізге танымал әншілер Ғазизхан Шекербек, Ерболат Құдайберген, сондай-ақ көпшілікті өнерімен сүйсінткен Сүгір атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы», «Фараб» би тобы, Гүлзина Дөңесқызы, Айзада Асылхандар әннен шашу шашса, Әнуар Қасқабаев, Әмірбек Сымбат, Әлімхан Сымбат, Темір Сұлтан, Дарын Еркінбаев және актерлік құрам поэзиялық қойылым ұсынды. Дәулескер күйшілер Кенжебек Пірмахан, Сұлтан Бекмырза, Айсұлтан Тоқтар және Бауыржан Садыбеков әдемі күй-тартыс өткізіп, көрерменді дүр сілкіндірді. Аталған күйшілердің өнерін оркестр сүйемелдеп, салтанатты шараны тамашалауға келген жұртшылықтың рухын оятты. Ал бишілер «Бастау» биімен көптің ықыласына бөленді.

Сонымен бірге мерекеге орай Түркістан облыстық бейнелеу өнері музейі қорынан жасақталған «Түркістан – түркілер тұмары» атты көшпелі көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Естеріңізде болса, Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман жұмысқа қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Аталған Заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтуде. Облыс орталығына айналғанына бес жыл болған Түркістан қаласын шын мәнінде тек қазақтың емес, түркі әлемінің мәдени, рухани елордасына айналдыру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу, өңір мәдениетін дамыту, өнер майталмандарынан құралған шығармашылық ұжымдарды қалыптастыру үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы тапсырма берген болатын.

Түркістан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін 100 штат беріліп, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа өнер ұжымдарына сахналық киімдер мен музыкалық аспаптар алуға тиісті қаражат бөлініп отыр. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер топтарына мамандар қабылдануда. Осыған орай еліміздегі өнер мамандықтары оқытылатын жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатылып, мамандар шақыртылуда.

Айта кетейік, өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілген болатын. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты.

Атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Петропавл облысынан және Түркістан облысының аудан, қалаларынан өнер мамандары келіп, өз бақтарын сынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы