Түркістандық зияткер Байқоңыр ғарыш айлағындағы зымыран ұшыру процесінің куәсі болды

378 көрілім

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Алпамыс Сартай Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Союз МС-24» басқарылатын кемесінің ұшырылғанына куә болды. Болашақ жас инженер Алпамыс, ракета ұшыру процесіне ұлдар мен спортшылар арасында зымыран үлгісіндегі спорт бойынша «Байқоңыр ғарыш айлағының Кубогы» халықаралық жарысы арқылы қатысты. Дүбірлі додаға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 200-ге жуық авиамодельшілер мен олардың тәлімгерлері қатысты.

Халықаралық жарыс аясында Түркістандағы NIS атынан қатысқан Алпамыс Сартай бір апта бойы спортшылармен әртүрлі сыныптағы зымыран модельдерін ұшыруда бақ сынасты: S-3-A (парашютпен ұшу ұзақтығына арналған зымыран модельдері), S-4-A (ұшу ұзақтығына арналған үдеткіш зымыран ұшақтарының модельдері), S-6-A (стримермен ұшу ұзақтығына арналған зымыран модельдері), S-7 (модельдер-ұшу реализміне арналған зымырандардың көшірмелері), S-9-A (ротормен ұшу ұзақтығына арналған модельдер).

Жарыс бағдарламасы аясында түркістандық зияткер өзге қатысушылармен бірге қала бойынша экскурсияға қатысып, 15 қыркүйекте өткен Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Союз МС-24» басқарылатын кемесінің ұшырылғанына куә болды. Болашақ инженер ретінде бұл тарихи сәт естен кетпес эмоциялар сыйлағанын жеткізді:

– Шынайы алып зымыранның ұшырылуын тірі көргендегі эмоцияларды сөзбен жеткізу мүмкін емес! Мен үшін бұл тарихи сәт! Бұл мені таң қалдырған ұмытылмас көрініс! Кубокқа қатысу – бұл зымыран модельдеуіндегі шеберлігіңді шыңдау мүмкіндігі ғана емес, ғарыштық масштабтағы оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігі, деп өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, Алпамыс Сартай бұған дейінде QazAstroShift ракета ғылымы бойынша республикалық зымыран құрастыру турнирінде түркістандық зияткерлерден құралған «NIS Proxima Centauri» командасымен бірге қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленген болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы