ТҮРКІСТАН: ЕСКЕК ЕСУДЕН  ЕКІ ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

744 көрілім

Ульяна Киселева – Азия ойындарының күміс жүлдегерлері

Қазір бүкіл дүниежүзінің спорт сүйер қауымы назарын Қытайда өтіп жатқан кезекті жазғы Азия ойындарына ауып отыр. Сары құрлық елдерінің ең талантты спортшылары арасында аса тартысты дода өтуде. ХОК мұнда бірқатар спорт түрлерінен Париж олимпиадасының жолдамаларын беруге ұйғарыпты. Қазақстанның ескек есушілері бұл Азия ойындарында ғаламат жеңіске жетуде.

Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 200 метр қашықтықты 46 секундта бағындырып, 2-ші келді.

Ульяна – Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Сонымен қатар, Ольга Шмелева – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Байдарка мен каноэде ескек есуден әйелдердің жұптық сайысы финалында бақ сынаған Ольга Шмелева 500 метр қашықтықты 1:51 көрсеткішімен күміс жүлдеге қол созды.

Ольга — Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Естеріңізге сала кетейік, сары құрлық елдерінің саңлақтары арасында өтетін бұл дода 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Қазақстанның намысын қорғайтын Түркістан облысының 27 спортшысы байрақты додаға қатысады. Олардың қатарында еліміздің талантты боксшысы, 51 келі салмақта атой салатын Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен 86 келі салмақта өнер көрсететін түркістандық Сағындық

Тоғамбай бар. Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов шәкірттерінен мол үміт күтіп отыр. Бұдан өзге 90 келі салмақтағы дзюдодан Дидар Хамзаға да жаттықтырушысы өзінің әкесі Марат Файзиев жүлде үшін таласады. Дидар бұған дейін Джакартада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және екі олимпиада ойындарына қатысып, тәжірибе жинақтаған спортшы.

Ал, су спорт түрлерінен де 9 спортшымыз ел намысын қорғамақ. Академиялық ескек есуден Александр Афанасьев, Анжела Полянина, Мелани Жакупова, Владислав Яковлевтер еліміздің намысын жоғары дәрежеде қорғау үшін дүбірлі додаға аттануда. Сонымен қатар, байдарка есушілер Бекарыс Раматулла мен Ольга Шмелева Азия ойындарында бар күш-жігерлерін ортаға салса, каноэ есуден Ульяна Киселева да қатысып, жүлде үшін жарыс жолына шығады. Сонымен бірге облысымыздың мақтаныштары Аделайда Пчелинцева мен София Сподаренко жүзу спортынан бақтарын сынайды.

Төрт жыл сайын өтетін айтулы додада каратэден облысымыздың талантты спортшысы Әсел Қанай жарыс жорлына шықса, таеквондодан Нұрлан Мырзабаев татами төрінде күшін сынап көреді. Ал, бадмитон спортында Дмитрий Панарин мен Камила Смағұлова еліміздің мерейін үстем ету үшін, бар өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, теннистен Гозаль Айнитдинова бағын сынаса, садақ атудан Бунед Мирзаметов мергендігін көрсетеді. Бұл аламан додада гандбол шеберлері де күштерін сынайтын болады. Еліміздің құрамасы сапында 8 бірдей түркістандық саңлақ бар. Олардың қатарында Одилжан Газиев, Бекзат Анарбаев, Мирас Қалдыхан, Айбек Туранов, Данияр Ирисметов, Севара Реджеметова, Мария,Валентина Ситниковалар бар. Ал, баскетболдан Руфина Гаврилюк елміздің құрамасында өнер көрсетеді.

Бүгінгі таңда Түркістан облысының ең талантты деген 27 спортшысы Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы жататын кезекті Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсетіп, Париж олимпиадасының лицензиялық жолдамасы үшін сынға түсуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары