ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

352 көрілім

Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітапхана аудан әкімшілігі мен Шолаққорған ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында және «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ашылды.

Аталған шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов бұл жобаның оқырмандар үшін мәні жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Рабиға Шамақызы және аудан әкімдігінің мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы кітапхана ұжымының жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, жаңа жобаның шымылдығын түрді.

Бұл кітап пунктіне тарихи және көркем әдебиет бағытындағы, сондай-ақ, салалық кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып, жауапты маман бекітілген. Оқырмандардың сұранысы бойынша сөредегі кітаптар алдағы уақытта жаңартылып отырады.

Айта кетейік, аталған жобаның мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы